Сұрақтар:
Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.
Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.
№5 Есеп
Қантты диабеттің ең қауіпті асқынуларының бірі кома болып табылады. Даму тетігіне қарай кетоацидоздық, гиперосмостық, лактатацидоздық түрлері бар.
1. Берілген мәліметтер негізінде кестеде берілген № 1, № 2, № 3 есептер қай комаға сәйкес келеді?
кома түрі
|
Глюкоза (ммоль/л)
|
Кетон денелері (ммоль/л)
|
Лактат (ммоль/л)
|
рН
|
Осмолялдық
(мосмль/л)
|
№ 1
|
19-33
|
17
|
2,8
|
7,3-тен төмен
|
300-ден жоғары
|
№ 2
|
55
|
қалыпты
|
қалыпты
|
қалыпты
|
350-500
|
№ 3
|
15
|
жоғарылаған
|
10
|
7,3-тен төмен
|
қалыпты
|
қалыпты
|
3,3 – 5,5
|
1,7
|
0,4 -1,4
|
7,35-7,45
|
285
|
2.Берілген клиникалық көрініс қай комаға сәйкес келеді? Жауабыңды негізде
кома түрі
|
Клиникалық көріністері
|
№ 1
|
Есінен тану, рефлекстердің жойылуы, АҚ түсуі, Куссмаул тынысының пайда болуы, тургордың төмендеуі, көз алмасының жұмсақ болуы, аузынан ацетон иісі шығуы
|
№ 2
|
Қайтымды неврологиялық бұзылыстармен сипатталатын симптомдардың баяу дамуы, есінің шатасуы, жүрек қантамыр жүйесінің айқын бұзылуы, артериялық және веналық тромбоздарға, қан ұю жүйесінің әртүрлі бұзылыстарына жоғары бейімділік.
|
№ 3
|
Өкпе, бауыр, жүрек және бүйрек жеткіліксіздігімен зардап шегетін науқастарда дамитын, сонымен бірге сепсис, қансырау, сілеймемен қабаттасады. Миокардтың жиырылғыштық және қозғыштығы бұзылыстарыменкөрінеді және шеткері қантамырлардың салдануы коллапсқа әкеледі. Куссмаул тынысы тән.
|
№6 Есеп
Науқас А., 46 жаста, қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы, негізгі алмасудың жоғарылауы, субфебрильді қызба, пульсі минутына 140, тыныс алу жиілігі минутына 22, саусақтардың треморы, тершеңдіктің жоғарылауы, көз жарықтардың кеңеюі. Қалқанша безінің йод сіңіруі қалыптыдан 20 % жоғары. Қандағы T3 және T4 деңгейі артқан. Қалқанша безді ынталандыратын антиденелер анықталды. Науқас мазасыз, тітіркенгіш, көңіл-күйі жоқ.
Науқас Б., 30 жаста, қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы анықталды, ол атомдық сүңгуір қайықта қызметтен кеткеннен кейін 2 жылдан кейін дамыған. Негізгі алмасу, дене температурасы, пульс, тыныс алу жиілігі, қандағы Т3 және Т4 бос және байланысқан түрлерінің деңгейі төмендеген, қалқанша безді ынталандыратын антиденелер анықталмайды. Қалқанша безінің йод сіңіруі қалыптымен салыстырғанда 5%-ға артқан. Науқастың көңіл-күйі жоқ, енжар, ұйқышыл, сөйлеуі баяу, бұлыңғыр, даусы тұйық.
Дәрігер екі науқасқа йод препараттарын тағайындады.
Сұрақтар
1. А. және В. науқастарда қалқанша безінің патологиясының қандай түрлері дамыды? Жауабыңызды есептегі деректерімен негіздеңіз. Қажет болса, қосымша толтырыңыз.
2. А және В науқастарында қалқанша безінің зоб трансформациясының патогенезінде қандай тізбектері бар? Олардың айырмашылығы неде?
3. Неліктен A. науқаста T3 және T4 деңгейлері жоғарылайды, ал В науқаста төмендейді, бірақ екеуінде де йод сіңуінің жоғарылайды?
4. А және В пациенттеріндегі клиникалық белгілердің әрқайсысының шығу тегі неде?
5. Науқастарға йод препараттарын тағайындаған дұрыс па және олардың екеуіне де емдік әсер күтуге бола ма?
№7 Есеп
Науқас Щ., 42 жаста, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, шаршағыштыққа, іш қатуға, үнемі суық сезіміне, дене салмағының айтарлықтай жоғарылауына (2 ай ішінде 7 кг-ға), есту қабілетінің төмендеуіне, дөрекі дауысқа шағымдарымен дәрігерге қаралды. Екі жыл бұрын жұқпалы паротит пен тиреоидитпен ауырды.
Қарап тексергенде: науқаста семіздік; сұрақтарға баяу және кідіріспен жауап береді; терісі құрғақ; беті, қолдары мен аяқтары «ісіп кеткен», теріні басқан кезде онда ойыстар қалмайды; дене қызуы 35,60С, АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 65 минутына, тыныс алу жиілігі минутына 13; пальпацияда қалқанша безі аздап ұлғайған, тығыз және ауырсынады; Ахиллес және басқа сіңір рефлекстерінің баяулауы анықталды. Арнайы зерттеулер мәліметтері бойынша: қалқанша безінің радиоактивті йодты сіңіруінің төмендеуі, ТТГ мөлшерінің жоғарылауы және қан сарысуындағы антитироглобулиндік антиденелердің жоғары деңгейі анықталды.
Сұрақтар
1. Науқаста эндокриндік патологияның қандай түрі дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Эндокринопатияның ықтимал себебі қандай болуы мүмкін және оның патогенезі қандай? Жауабыңызды есептен алынған деректерімен растаңыз.
3. Науқаста анықталған симптомдардың дамуына қандай тетіктер әкеледі?
№8 Есеп
Науқас Ш., 66 жаста, 6 жыл бойы созылмалы тиреоидитпен және осыған байланысты гипотиреоидты жағдаймен ауырады, 2 апта бұрын ауыр ішектің токсикалық инфекциясымен ауырған. Таңертең ол базарға сауда жасауға барған, бірақ суықта (-160С) 10 минуттай тұрған соң өз-өзін нашар сезінген. Жедел жәрдем әйелді ауруханаға жеткізді.
Жедел жәрдем бөлімінде қаралғанда: науқастың жағдайы ауыр, санасы төмендеген, беті ісінген, қолдары, білектері, аяқтары «ісінген», бірақ теріге басқанда теріде саусақтардан шұңқыр қалмайды; АҚ 60/40 мм с.б.б., пульс 55 минутына, тыныс алу жиілігі минутына 13, дене қызуы 350С, сіңір рефлекстері өте баяу, іші керілген.
Сұрақтар
1. Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Бұл жағдайдың себептері және патогенездегі негізгі тізбегі қандай? Жауабыңызды дәректермен дәлелдеңіз.
3. Науқастағы әрбір симптомның негізінде қандай механизмдер бар?
4. Науқастарды мұндай күйден шығарудың принциптері қандай?
№9 Есеп
Балалар ауруханасына 3 жасар бала түсті. Қарап тексергенде: баланың бойы жас қалыптылықтан әлдеқайда төмен, мойыны, қол-аяқтары қысқа, іші үлкен; басы үлкен, мұрнының артқы жағы шұңқырлы, беті ісінген, бозарған, бетперде тәрізді, ауызы ашық, тілі үлкейген, кариозды тістері көп, сөйлеген сөздері бұрмаланған, сөздерде буындар жиі қайталанады; бала әрқашан сұрақтарға жауап бермейді, ол қынырлы және ашушаң.
АҚ 80/50 мм с.б.б., пульс 45 минутына. Пальпацияда қалқанша безі ауырсынусыз, үлкеймеген. Қандағы T3 және T4 мөлшері айтарлықтай төмендеген. Баланың анасы жүктілік кезінде йод препараттарын қабылдаған.
Сұрақтар
1. Балада патологияның қандай түрі дамыды? Жауабыңызды есептегі деректерімен негіздеңіз.
2. Оның пайда болу себебі неде және даму механизмдері қандай?
3. Балада анықталған симптомдардың тетіктері қандай?
№10 Есеп
Таулы аймақта тұратын 10 жасар бала емханаға IV дәрежелі түйінді зобпен түсті. Анамнезінен: 5 жаста ата-анасы баланың физикалық және психикалық дамуының артта қалуын, оқшаулануын, мұңдылығын, ашушаңдығын байқаған. Қарап тексергенде: бас сүйегінің брахицефальды пішіні, маңдайы кең, ауызы кең және еріндері қалың, көз ұялары терең, терісі құрғақ, тістері кариозды, табаны жалпақ. Пульс минутына 42, ырғағы дұрыс. Қан қысымы 85/55 мм сын.бағ. Радиоизотопты зерттеу несеппен йод бөлінуінің айтарлықтай төмендеуін анықтады.
Сұрақтар
1. Қалқанша безінің қандай ауруы осы белгілерді тудырады?
2. Қалқанша безінің ұлғаюының себептері мен тетіктері қандай?
3. Балада дамыған патологияның дамуын қалай болдырмауға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |