Руководителю соц



бет10/14
Дата18.10.2023
өлшемі82,1 Kb.
#117778
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Сабақ № 3.
«Гипо- мен гиперкортицизмнің патофизиологиялық тетіктері. Феохромоцитома. Альдостеронизм».


Сабаққа дайыналуға сұрақтар:

  1. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .

  2. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  3. Гипокортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі

  4. Феохромоцитома этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі

  5. Альдостеронизм, түрлері, этиологиясы және патогенезі, негізгі көрністері



Практикалық тапсырмалар
Студенттер сұрақтарға жауаптарды негіздеу керек

1 Есеп


Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.

  1. Эндокринді жүйенің қандай реттелу тетіктері бұзылған?

  2. Ит неден өлді?

  3. Бүйрек үсті безінің қай қабатының (қыртысты немесе мыйлық) гормоны жеткіліксіздігінен өлді?

  4. Анықталған өзгерістердің патогенезі қандай?

2 Есеп


Науқас Н., 26 жаста, клиникаға бет аймағында майдың жиналуына (ай жүзді бейне), дененің жоғары аймақтарында және іш аймағында майдың артық жиналуымен сипатталатын үдемелі семіруге, ер адамға тән түктенудің болуы мен менструалды цикл бұзылыстарына шағымданып келді. Қарап тексергенде бөксесінде қызыл тыртық анықталды. Қосымша зерттеулер: АҚ 190/95 мм рт. ст., қандағы қант деңгейі 9,0 ммоль/л, рентгенологиялық зерттеуде – гипофиз көлемі ұлғайған, ал УДЗ – бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гиперплазиясы анықталды.
Сұрақтар:

  1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.

3 Есеп


Пациент Д., 34 жаста, бұлшықет әлсіздігіне, физикалық тез шаршағыштыққа, тәбеттің жоғалуына, жүрек айнуы мен бұлшықеттердегі ауыру сезіміне шағымданып келді. Тұзды тағамдарды көптеп пайдаланатыны анықталды. Ауру тарихынан өкпе туберкулезімен ауырғандығы белгілі болды. Қарап тексергенде: терісі ылғалды-қола түстес боялған, денесінің ашық жерлерінде нілденулер анық байқалады және апендэктомиядан кейін іштің ақ сызығы аймағында, ауыз қуысының шырышты аймағында лас қоңыр нілденулер анықталды. Қосымша зерттеулер кезінде анықталды: АҚ - 100/60 мм рт. ст., қандағы глюкоза деңгейі 3,33 ммоль/л, МҚК 3,5 л, гипонатриемия, полиурия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет