Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.
№4 Есеп
Науқас Ф., 30 жаста, тез физикалық шаршағыштыққа, аяқ-қол бұлшықеттерінің құрысулық тартылуларына, иық және балтыр бұлшықеттерінің өткінші шала салдануларына, басының ұстамалы түрдегі ауруына, шөлдеуге және жиі зәр шығаруға шағымданды. Қосымша зерттеулерден анықталғандай: АҚ 205/110 мм рт. ст., гипернатриемия, гипокалиемия және қанында альдостерон деңгейі жоғары. Компьютерлік томографияда бүйрек үсті безі оң жағында ісік анықталды.
Сұрақтар: Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.
Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.
№5 Есеп
Науқас К., 48 жаста 30 жыл бойы бронхиальді демікпемен зардап шегеді. Демікпені кешенді емдеуде глюкокортикоидтар қолданылған, ары қарай науқас бірнеше жылдар бойы өздігімен глюкокортикоидтарды дозасын арттыра отырып қабылдаған. Осы уақыт ішінде науқаста семіздік дамыған, АҚ 190/110 мм сн. бағ. дейін көтерілуі болған. Науқас өздігімен препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін, бірнеше күннен соң бірден әлсіздік, тәбеттің жоғалуы мен іштің өтуі пайда болған. Осы симптомдармен науқас клиникаға жеткізілген.
Қарап тексергенде:науқас орта бойлы, беті мен ішінде майдың артық жиналған, аяқ-қолдары арық. Ішінде қоңыр-қызыл түсті жолақтар, беті мен арқасында безеуге ұқсас бөртпелер анықталды. АҚ 70/50 мм рт. ст., қандағы қанттың деңгейі 2,7 ммоль/л.