Руководителю соц



бет12/14
Дата18.10.2023
өлшемі82,1 Kb.
#117778
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
23-24 СТУД КАЗ НС ЭС 2

Сұрақтар:

  1. Лабораторлық көрсеткіштерде өзгерістерді көрсетіңіз. Зертханалық мәліметтердегі қалыптылықтан ауытқудың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Мұндай зертханалық көрсеткіштер болатын патологияны анықтаңыз және дерттің патогенезін түсіндіріңіз.

  3. Клиникалық көріністерге патофизиологиялық талдау жүргізіңіз.

6 Есеп


Науқас А., 40 жаста, жағдайы ауыр, жедел жәрдеммен емхананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Түскен кезде: науқас енжар, сұрақтарға бірден жауап бермейді, бас ауруына, қатты әлсіздікке, іштің ауырсынуына, жүрек айнуына шағымданады; екі рет құсты; дене қызуы – 39,50С, АҚ – 65/40 мм.сын.бағ. Бетінде, қолдарыңда, ерін және терісінде айқын гиперпигментациясы бар. Науқастың айтуынша, бұл жағдай анасының қайтыс болғаны туралы жеделхат алғаннан кейін бірнеше аптадан кейін дамыған. Клиникада қаралғанда: артериялық гипотензия (АҚ – 70/50 мм. с.б.), гиперкалиемия, гипонатриемия, қан сарысуының глюкозасы – 60 мг%; ЭКГ-да экстраситолия, мезгіл-мезгіл - пароксизмальды тахикардия және жүрекшелердің дірілі, АВ өткізгіштігінің бұзылуы; зәрдегі бос кортизол мен 17-гидроксикортикостероидтар мөлшерінің төмендеуі; АКТГ көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қандағы кортизол деңгейі шамалы жоғарылады. Бүйрек үсті безінің гормондарына, қанда иммуноглобулиндердің жоғары мөлшері анықталды. Науқас екі жыл бұрын бел аймағынан соқыр оқ жарақатын алған.
Сұрақтар
1. А.-ның емхананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген жағдайын қалай сипаттар едіңіз? Бұл жағдайдың дамуына не себеп болды? Жауабыңызды негіздеңіз.
2. Емханадағы тексеру нәтижелерін ескере отырып, А.-дағы патологияның формасы туралы қандай қорытынды жасайсыз? Жауабыңызды негіздеңіз.
3. Патологияның осы түрінің ықтимал себебі мен патогенезі қандай?
4. Симптомдардың әрқайсысының даму механизмдері қандай?

7 Есеп


Клиникаға 25 жасар науқас Н. мұрт, сақал өсуіне, етеккір оралымының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Тексергенде:

  • Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.

  • Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы

  • Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.

  • Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды

  1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?

  2. Гипофиз немесе бүйрек үсті безінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

  3. Берілген көріністердің патогенезі қандай? Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет