бет 40/51 Дата 21.10.2023 өлшемі 1,64 Mb. #120094
Байланысты:
патфиз-ОМ-каз-ПРАКТИКА-дайын 8. Қабыну кезінде қанайналымы мен микроциркуляция бұзылыстарының негізгі және өте ұзақ сатысы (1)
А) артериялық гиперемия
В) артериолалардың тарылуы
С) қан ағымының жергілікті тоқтауы
D) веналық гиперемия
Е) стаз
9. Сәйкестікті тап
1. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырыішілік жайттары (4)
2. Веналық гиперемия патогенезінің қан тамырысыртылық жайттары (2)
А) қан қоюлануы
В) уақ тромб түзілуі
С) қан ағымы жылдамдығының баяулауы
D) эндотелийдің ісінуі
Е) экссудат және жасушалық сіңбелермен венулалардың қысылуы
F) қылтамырлар мен венулалар қабырғасының айналасындағы дәнекер тіндік талшықтардың бүлінуі
10. Конгейм тәжірибесінде бақаның аш ішегінің шажырқайында артериолалардың айқын кеңеюі, қызмет атқаратын қылтамырлардың саны көбеюі, қан ағымының жылдамдауы байқалды. Бұл өзгерістер тән (1)
А) ишемияға
В) артериялық гиперемияға
С) веналық гиперемияға
D) стазға
Е) стаз алдық жағдайға
11. Экссудацияның патогенезіне қатысады (3)
А) қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жғарылауы
В) қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы
С) қабынған тіндердің гиперосмиясы және гиперонкиясы
D) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
Е) тіннің онкотикалық қысымының төмендеуі
12. Қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігізедәуір жоғарылағанда дамитын экссудат түрі (2)
А) іріңді
В) сірлі
С) қанды
D) фибринді
Е) шірікті
13. Іріңді экссудатқа тән (4)
А) көп мөлшерде іріңді денешіктердің болуы
В) өлген және бүлінген нейтрофилдердің аз болуы
С) жоғары протеолиздік белсенділік
D) көбінесе кокктармен туындатылады
Е) жіті қабыну кезінде дамиды
14. Фибриндік экссудатқа тән (4)
А) фибрин мөлшерінің жоғары болуы
В) қан тамырлары өткізгіштігінің едәуір жоғарылауы
С) ауыз қуысы, бронхылар, асқазан, ішектің шырышты қабығында дамиды
D) тек созылмалы қабыну кезінде пайда болады
Е) дизентерия, дифтерия кезінде пайда болады
15. Лейкоциттердің қабыну ошағына қан тамырларынан түсуінің бірізділігі (1)
А) нейтрофилдер, лимфоциттер , моноциттер
В) нейтрофилдер, моноциттер, лимфоциттер
С) моноциттер, лимфоциттер, нейтрофилдер
D) лимфоциттер, моноциттер, нейтрофилдер
Е) моноциттер, нейтрофилдер, лимфоциттер
16. Қабыну ошағында лейкоциттердің бағытталған қозғалысы байланысты (4)
А) хемотаксистік түрткіленуге
В) лейкоциттердің жиырылулық құралының белсенділенуіне
С) тиксотроптық құбылысқа(гелдің золға қайтымды ауысуы)
D) гликолиздің белсенділенуіне
Е) липолиздің белсенділенуіне
17. Фагоцитоз жеткіліксіздігі ақауларына байланысты (4)
А) лейкоциттердің уақ өзекшелік жүйесінің
В) лейкоциттердің жиырылғыштық құралының
С) адгезиялық молекулалардың
D) тотығулық фосфорлану ферменттерінің
Е) бактерицидтік жүйе ферменттерінің
18. Сәйкестікті тап
Пролиферацияны белсенділеушілер (4)
Пролиферацияны тежеушілер (3)
А) цитокиндер
В) соматотропин
С) өсу жайты
D) өспелердің тіршілігін жоятын жайт
E) интерлейкин - 1
F) гамма - интерферон
G) адгезиялық молекулалар
19. Сәйкестікті тап:
Домбығу
Жергілікті температураның жоғарылауы
Қызару
Ауыру
Қызметтің бұзылуы
А) Functio laese
В) Tumor
С) Rubor
D) Calor
Е) Dolor
20. Қабынудың жалпы көріністері (4)
А) ауыру
В) домбығу
С) уыттану әйгіленімдері
D) ЭТЖ жоғарылауы
Е) қызба
F) лейкоцитоз
22. Созылмалы қабынудың патогенезінде маңызы бар (4)
А) тіндерде бактериялардың ұзақ болуы
В) фагоцитоздың жеткіліксіздігі
С) иммундық жүйенің тұрақты түрткіленуі
D) макрофагтар мен лимфоциттердің жоғары дәрежедегі бірігуі
Е) цитокиндер өндірілуінің азаюы
23. Қабынуға қарсы әсері бар гормондар (2)
А) тироксин
В) глюкокортикоидтар
С) соматотропин
D) АКТГ
Е) әлдостерон
24. Қабынудың қорғаныстық маңызы : (4)
А) зақымдану аймағын шектейді
В) дерт туындататын жайт және ыдырау өнімдерінің таралуын бөгейді
С) микробтар уыттарын және тіндер әлтерациясы өнімдерін әсерсіздендіреді
D) организмнің иммундық жүйесін тежейді
Е) организмнің қорғаныстық жайттарын іске жұмылдырады
25. Сәйкестікті тап:
1. Қабынудың патогенездік емі (3)
2. Қабынудың этиотроптық емі (3)
А) қабыну ошағында микроциркуляцияны қалпына келтіру
В) жасушалық мембраналарды тұрақтандыру
С) қабыну дәнекерлерінің әсерін төмендету
D) микробқа қарсы дәрілерді белгілеу
Е) организмнің төзімділігін жоғарылату
F) зақымданған тіндерді кесіп алып тастау
№ 15 тақырып. ҚЫЗБА
Сабақтың мақсаты:
Қызбаның Қызбаның этиологиясы, патогенезі, организмдегі маңызын меңгеру
Теориялық материалдың білімін қызба дамуымен байланысты үлілеу және клиникалық
жағдайларды патофизиологиялық сараптағанда қолдану
Оқытудың міндеттері:
Қызбаның этиологиясын, патогенезін, организмдегі маңызын зерттеу
Теориялық материалды талдағанда медициналық атаусөздерді қолдануды үйрену
Температуралық сызықтардың түрлерін ажырата білуді үйрену
Ерте постнатальдық кезеңнің қызбалық серпілістерінің ерекшеліктері жайлы білімді қалыптастыру
Теориялық материалдың білімін ситуациялық есептерді шығарғанда және үлгілеу
жағдайларын патофизиологиялық сараптағанда қолдана білу
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қызба, анықтамасы. Қызбаның этиологиясы, экзо – және эндогендік пирогендік заттардың сипаттамасы.
Қызба кезіндегі қызу көтерілуінің патогенезі.
Қызбаның кезеңдері. Терморегуляцияның өзгерістері және қызбаның әртүрлі кезеңіндегі клиникалық көріністер.
Дене қызуының көтерілу деңгейі бойынша және тәуліктік дене қызуының ауытқуларына байланысты қызбаның түрлері.
Қызба кезіндегі зат алмасу және физиологиялық жүйелер ( жүйкелік, жүрек – тамырлық, тыныс алу, ас қорыту, бүйрек) қызметтерінің өзгерістері
Туылғаннан кейінгі кезеңде қызбаның ерекшеліктері
Организм үшін қызбаның жағымды және жағымсыз жақтары. Қызым түсіретін емнің патофизиологиялық ұстанымдары. Пиротерапия туралы түсінік.
Қызбаның ысынудан айырмашылығы.
Оқыту әдістеріі:
Пікірталас, аз топтарда жұмыс жасау – тапсырмаларды орындау, нәтижелерін талқылау.
Бақылау тәсілдері:
Ауызша сұрау,
ситуациялық есептердің , үлгілеу жағдайларының қорытындысын, кетелердің толтырылуын тексеру
Достарыңызбен бөлісу: