Руководство для реализации уровневых программ повышения квалификации педагогических кадров Республики Казахстан



бет23/39
Дата16.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#50647
түріРуководство
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Lesson Study сабақты зерттеушілер үшін)

3-сабақты бақылау және талқылау
Сабақты бақылау топпен белгілеген үлгі бойынша жүргізілді және оқушылардың жұмысын бақылау жазбалары кестеге жазылды.
Сабақтан соң алдын ала белгіленген сұрақтар бойынша 3 оқушыдан сұхбат алынды. Сұхбатты алу кезінде А оқушысы осы сабақта алдыңғы сабақтарға қарағанда, оған постерді «қорғау» тапсырмасы оңай болғанын атап өтті, мұнда «ПТМС-формуласын» қолдану оң әсерін тигізді.
В оқушысы мәтінді талдап, оны өмірлік жағдайлармен салыстырды. Ол басқалардың пікірлерін тыңдауды жалғастырады, себебі бұл дағды оған бұдан кейін де қажет болады деп санайды. Осы сабаққа дейін оқушы хобби және тәуелділік арасындағы айырмашылықты білмеді. Оған топта жұмыс істеген жеңіл, себебі топта оқушылар бір біріне көмектеседі.
С оқушысына барлығы ұнады, әсіресе постер бойынша жұмыс істеу, себебі ПТМС-формуласы бойынша пікірлесу оған сенімділік береді. Оның пікірінше, ол сабақта басқаларды мұқият тыңдауды үйренді.
Сабаққа аргументтелген түсініктемені қосу оң нәтиже берді, себебі оқушылар әр тапсырманы орындаған соң тапсырманың орындаудың мақсатын және атқарылған жұмыстың нәтижесін нақты білді. Оқушылар бағалау критерийлерінің көмегімен өзінің сабақ мақсатына қолжеткізу деңгейін анықтай алды.
Мұғалімдер өзінің тәжірибесін жақсарту мақсатында бүкіл сабақтың өту барысына бақылау жүргізгендіктен, үдеріске қатысушылармен өткізілген сабақты талқылау барысында келесі ұсынымдар берілді:





Сабақтың барысында анықталған мәселелер

Мәселелерді шешудің жолдары

1

Постерді қорғау кезінде уақыт созылып кетті, себебі оқушылар көп уақытын әрбір қырын ашуға жұмсады.

Оқушылар постерді қорғау кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін барлық айтылған пікір ішінен ең маңызды 4 таңдауы тиіс.

Осы сабақта бақылаушылармен сабақтың әрбір кезеңінде А, В, С оқушыларының тапсырмаларды орындаған кезде өзінің қатысу дәрежесіне түсініктеме бере алатындығы байқалды. Алайда сабақтың ойын бөлігінде жетістіктер критерийлері негізінде оқушылардың өзін-өзі бағалауын жақсарту үшін жетістіктер критерийлеріне қайта оралып, оларды сабақтың мақсаттарына сәйкестендіруі қажет.


Сонымен мұғалімдердің тобы 3-сабақты талқылау барысында зерттеу мәселесі бойынша елеулі оң нәтижелердің барын атап өтті, себебі оқушылар орындалатын тапсырманың мақсатын нақты түсінді және сабақтың мақсатына қолжеткізудің «жетістігі» мен «жетістіксіздігін» анықтай алатын болды. Нәтиже деректерінің негізінде оқушылар жетістіктер критерийлері оқушыларға өзін-өзі шынайы бағалауға көмектеседі деген қорытындыға келді.
Осылайша, Lesson Study үдерісінің үшінші циклын аяқтауға жақындағанда, бақылау қорытындыларын, сабақтарды зерттеу нәтижелерін, әртүрлі сыныптардың қатысуын және топтың әр мүшесінің бақылаушы рөлінде де, оқытушының рөлінде де болып көру қалауын ескеріп, нәтижені бекіту үшін мұғалімдер тағы да екі циклды өткізуді жөн деп шешті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет