17
Мысалы, мұғалім оқушылардан «37-ні 28-ге қалай қосамыз?» деп сұраған
уақытта кейбір оқушылар 30+20=50, 7+8=15, 50+15=65 деп есептесе,
басқалары
28=3+25, 37+3=40, 40+25=65, үшіншілері 28=13+15, 37+13=50, 50+15=65 деп
есептейді. Ал сабақ уақытында оқушылар тіпті күтпеген ойларды айтуы мүмкін,
осылайша, мұғалім оқушылардан аса мүмкін болатын пікірлерді күтуі тиіс.
Оқушылардың ойын күтуге қосымша ретінде маңызды мәселе сабақ
қорытындысын қалай шығару керек деген мәселе болып табылады. Сабақтың мақсаты
«есептеудің тиімді тәсілін түсінуде» болып табылады. Осылайша, оқушылар әртүрлі
тәсілдермен
есептей алады, бірақ олар екі таңбалы сандармен жұмыс істеу үшін
қайсысы ең жақсы тәсіл болып табылатынын білуі тиіс.
Сабақ жоспарының мысалы:
1. Сынып
2. Күні
3. Мақсаты
4.
Критерилер
5. Материалдар
6. Сабақ барысы
Кіріспе
Оқушылардың
назарын тартып алу
Негізгі сұрақ
Негізгі жұмыс
Қосымша сұрақ
Оқушылардың болжамды жауаптары
Қорытынды
Сабақ
жоспарын тексеру
• Бөлімдері: тақырып, күні, сынып, материалдар
• Оқу мақсаттары мектептің оқу жоспарымен сәйкес келеді
• Жетістіктерді бағалау критерилері оқыту
мақсаттарымен сәйкес келеді
• Кіріспе, негізгі жұмыс пен қорытынды арасындағы байланыс қадағаланады
• Оқушылардың аталған сабақ жоспарын меңгеруі
• Сабақ жоспары Lesson Study тақырыбымен сәйкес келеді
• Сабақ жоспары оқушылардың
болжамды жауаптарын қамтиды
Достарыңызбен бөлісу: