Руководство для учителей по реализации подхода Lesson


Мектеп мәдениетінің маңызы



Pdf көрінісі
бет7/40
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118673
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
лессон стади

12
Мектеп мәдениетінің маңызы
Оқыту тәжірибесінен басқа Мектеп мәдениеті де өз оқыту дағдыларын дамыту 
үшін маңызды болып табылады. Жапониядағы зерттеуге сай мұғалімдердің оқыту 
дағдыларына басшының шеберлігі ғана емес, сонымен қатар мектеп мәдениеті де 
әсер етеді. Басшының шеберлігі мен дарыны мектеп мәдениетінің қалай дамуына да 
әсер етеді.
Менің зерттеу жұмысым Lesson study тиімділігін статистикалық ақпарат арқылы 
көрсетеді. Менің зерттеу жұмысыма жүгінсек, Lesson study жақсы мектеп мәдениетін 
қалыптастырады. «Жақсы мектеп мәдениеті» дегеніміз – ол мұғалімдер арасындағы 
тығыз қарым-қатынас. Мұғалімдер арасындағы тығыз қарым-қатынас сапалы білім 
беру мен студенттердің жоғары балдарына әкеледі. АҚШ зерттеу жұмыстары жақсы 
мектеп мәдениетін «Кәсіби оқу ортасы» деп атайды (Chichibu &Kihara,2013).
Lesson Study мектеп мәдениетін қалыптастыра 
Жапониядағы білім саласындағы саясатты зерттеу жөніндегі ұлттық институт 
(NIER) 2010 жылы 2,000 мектепті зерттеген екен (1,000 бастауыш мектеп және 1,000 орта 
мектеп). Мектептерді зерттеу Жапониядағы Lesson Study көптеген аспектілерін ашады.


13
Мектеп зерттеулеріне сай түгел дерлік бастауыш және орта мектептер Lesson Study 
жылына бір немесе бірнеше рет қолданады. Орташа алғанда, бастауыш мектептер Lesson 
Study жылына 10 рет өткізеді, ал орта мектептер Lesson Study жылына 5 рет қолданады.
70% бастауыш және 66% орта мектептер жиналыстар өткізіп, оларда зерттеу 
сабағы үшін жасалған сабақ жоспарын талқылайды.
Мектеп зерттеуі тек қана Lesson Study қолданылып жүрген жағдайларын 
ғана емес, сонымен қатар оның тиімділігін көрсетеді. Lesson Study мектептегі 
әсерін анықтау үшін біз мұғалімдердің өзара іс-қимылы жөніндегі зерттеу 
объектілерін, мұғалімдердің жоғары сапасы жөніндегі нұсқаулықты, студенттерге 
арналған тестілік бағалау сомасын әзірледік. Біз «мұғалімдер арасындағы тікелей 
қарым-қатынас», «мұғалімдердің жоғары сапасы жөніндегі нұсқаулық», «мектеп 
оқушыларын тестілік бағалау сомасы» өзара аса байланысты екенін анықтадық
сонымен қатар бұл зерттеу объектілері зерттеу объектілерімен «Lesson Studies 
ұйымдастыру немесе бағдарламалары немесе әдістері» бойынша байланысты 
екенін анықтады.
Сонымен қатар мектептерді зерттеу басшы немесе әдіскер коучингісінің 
тиімділігін көрсетеді. «Директордың әр сабақты күнделікті бақылауы», «халықтық 
білім беру бөлімі инспекторларының мектепке жыл сайын барып тұруы» сияқты
зерттеу тармақтары Lesson Study үдерісімен байланысты.
Осылайша, біз Lesson Study тиімді тәжірибе болып табылатынын байқаймыз, 
ал әдістемелік коучинг Lesson Study тәжірибесін ілгерілетеді (Chichibu &Kihara, 
2013). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет