Руководство для учителей по реализации подхода Lesson


Lesson study тиімділігі



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата18.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#118673
түріРуководство
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
лессон стади

11
Lesson study тиімділігі
Lewis (2002) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:
• Білім беру стандарттары мен мақсаттарын сыныпта жүзеге асырады;
• Ақпаратқа жүгініп дамуды көздейді;
• Студенттерің түрлі қасиеттеріне әсер ете отырып, оқу процесін дамыту 
• Даму қажеттігі жайлы мәселе қояды
• Мұғалімдерді бағалау
Бірінші тармақта Lesson Study-де білім беру мақсаттарын жүзеге асыру жолында 
ынтымақтаса жұмыс істеу процесін ұйымдастыру мүмкіндігі жайлы айтады. Екінші 
тармақ мұғалімдердің тест пен үй тапсырмасы арқылы алған мәліметке қарағанда, 
сабақты бақылау үстінде алған мәлімет тиімдірек екені жайлы айтады. Бұл мәлімет 
келесі ақпаратты қамтиды:
• Студенттерді тақырып жайлы түсінігі сабақ барысында қалай өзгереді;
• Студенттердің оқу процесінде қажетті қасиеттері. Мысалы, жақсы ұйымдасу, 
жауапкершілік, басқа адамдардың идеяларын тыңдау және жауап беру. 
Dudley (2011) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:
• Оқушылардың оқу процесі әдеттегіден тереңірек түсіндіріледі;
• Оқу процесінде оқушылардың не оқып жатқаны жайлы ой-пікірлері мен 
шынымен не оқып жатқаны жайлы түсінік арасындағы айырмашылық 
айқын көрінеді;
• Оқу процесі оқушылардың қажеттіліктеріне сай жоспарланады;
• Бұның барлығы қолдап оқыту мен оқу ортасы мәнмәтінінде жасалады. 
Мен Lesson Study процесін имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін да-
мыту ретінде сиппатаймын. 
Эксплициттік білім және имплициттік білім
Егер мен сізге «Сіз өзіңіздің оқыту дағдыңызды қалай дамытасыз?» деп сұрақ 
қойсам. 
Біздің кейбіріміз әдебиетті оқығанда алған білімімізге не болмаса конференцияға 
қатысқанымызға сілтер едік. Ал басқалары сабақтарда алған тәжірибесіне меңзейді.
Кітапты оқудан және конференцияларға қатысудан сіз тек эксплициттік
анық білім аласыз. Бірақ көп жағдайда тәжірибе үшін эксплициттік жеткіліксіз. 
Сіз велосипедпен бара жатқанда сізге кітапты жай оқып шығу жеткіліксіз. Сіз ве-
лосипедпен бара жатқанда сіз имплициттік, жасырын білімді аласыз. Осылайша
мұғалімдік тәжірибенің көп бөлігі эксплициттік (сырттай) түсіндіріле алмайды, 
мұғалімнің тәжірибелік білімі ішкі болып табылады. Сіз кітап оқу арқылы алып 
жүрген эксплициттік білім. Сіз эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдыра 
алғаныңызда тиімді болуы мүмкін. 
Осылайша, көптеген мұғалімдер өз тәжірибесіне сүйенеді. Тәжірибе арқылы сіз 
имплициттік білім ала аласыз. Ал Lesson study тәжірибесі имплициттік білім алудың 
аса тиімді тәсілі болып табылады, себебі Lesson study сіздің сабақ жөніндегі ойыңыз 
бен бақылау дағдысын дамытады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет