С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата03.03.2017
өлшемі1,88 Mb.
#6502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1.Уәли Н. Орфоэпия / Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: IDK TIPO, 
1998. – 509 б.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2 Серғалиев М.С. «Хабар» бағдарламасының стилі мен тілі туралы // 
Жинақ: Мемлекеттік тіл: терминология іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат 
құралдарының тілі. – Астана, -1999. – 464 б.   
 
 
 
 
 
3 Сыздықова Р. Сөз сазы. Сөзді дұрыс айту нормалары / Көмекші оқу 
құралы. – Алматы: Санат, 1995. – 120 б. 
Резюме: 
В  статье  всесторонне  анализируются  орфоэпическая  норма  устной 
речи.    Автором  широко  освещаются  вопросы  культура  речи 
казахскоязычных тележурналистов.  
Summary: 
The article comprehensively analyzes orthoepical norm speech. The author of 
the wide coverage of speech culture of Kazakh TV journalists. 
 
 
        ӘОЖ: 29(574)  
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕР МЕН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ 
 
Тұрсынбай Нұржан Арыстанбекұлы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінің 2-курс магистранты 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
nur.a@mail.ru 
 
Аңдатпа. Қазақстандағы діндер мен діни бірлестіктердің қалыптасуы 
мен дамуын бүгінгі күнде қажетті ғылыми іс шара болып табылады. Қазіргі 
жаһандану үдерістері аясында діндер мен діни бірлестіктердің қалыптасуы 
мен  дамуын  жаңа  қырыннан  зерттеуді  қажет  етеді.  Бүгінде  сарапшылар 

 
67 
қауымдастығында  алдында  қайта  тіркеуден  өткен  діни  бірлестіктердің 
қызметінің дамуын талдау міндеті тұр.       
Кілт сөздер: Қазақстан, дін, діни бірлестіктер, қалыптасу, даму. 
Аннотация.  Изучение  с  научной  точки  зрения  формирования  и 
развития религий и религиозных объединений в Казахстане сегодня является 
необходимым  научным  мероприятием.  В  современном  сфере  процессов 
глобализации  требует  нового  подхода  исследования  формирования  и 
развития  религий  и  религиозных  объединений.  Сегодня  перед  экспертным 
сообществом  стоит  задача  анализа  развитии  деятельности  религиозных 
объединений прошедшие перерегистрацию. 
Ключевые  слова:  Казахстан,  религия,  религиозные  объединения, 
формирование, развитие. 
Abstract.  Study  from  a  scientific  point  of  view  the  formation  and 
development  of  religions  and  religious  organizations  in  Kazakhstan  today  is  a 
necessary scientific event. In the field of contemporary processes of globalization 
requires  a  new  approach  studies  the  formation  and  development  of  religions and 
religious associations. Today, the expert community is to analyze the development 
of activities of religious organizations to reregister. 
Keywords:  Kazakhstan,  religion,  religious  associations,  formation  and 
development.
 
 
Қазақстандағы діндер мен діни бірлестіктердің туындау, қалыптасу мен 
дамуының кейбір қырлары туралы осы мақаланың аясында талдауды мақсат 
еттік. Осы орайда, айтар кетер жайт, бұл мақала аясында барлық діндер мен 
діни  бірлестіктердің  қалыптасуы  мен  дамуын  қамтып  талдау,  әрине  мүмкін 
емес.  Сондықтан  аталған  тақырып  бойынша  саралауды  тек  кейбір  қырлары 
тұрғысынан ғана жалғастыруды жөн деп есептедік. 
 
С.А.  Сартаев  өзі  жазған  мақаласында  «1992  жылы  қабылданған  «Дін 
сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заң тым либералды болып 
табылады. Соның нәтижесінде шетел миссионерлері, әр түрлі конфессия мен 
діни  ағымдардың  өкілдері  осы  жағдайды  өздеріне  оңтайлы  қолдана  білді. 
Қызметі  күмән  тудыратын,  адамдардың  өмірі  мен  денсаулығына  қауіп 
төндіретін,  жалпы  қоғам  бүтіндігін  бұзатын  деструктивті  ағымдардың 
елімізге  енуіне  толық  мүмкіндік  жасап  бердік»  [1,  34]  делінген  мазмұнда 
пікір  білдірген.  Бұл  автордың  пікірінің  құптарлық  тұсы  бар.  Яғни  аталмыш 
заңның осал болғандығынан әр түрлі діни ағымдардың (әсіресе секталардың) 
елімізде  қаптап  кетуіне  мүмкіншілік  бергендігінде  болып  отыр.  Дегенмен, 
біздің  пайымдауымыз  бойынша,  ол  кезде  осындай  жағдайдың  орын  алуына 
мынадай  факторлар  ықпал  еткен  деп  есептейміз:  біріншіден,  өз  егемендігін 
алған кезде бұл заң қабылданды. Сол кезде бұл заң ҚАЗССР Конституциясын 
басшылыққа алуға мәжбүр болды. Өйткені, жалпыға белгілі, ол кезде Ата заң 
қабылданған  жоқ;  екіншіден,  мемлекеттің  конфессиялық  саясаты  толықтай 
орнықпаған әрі тәжірибесі әлі қалыптасқан деңгейге жетпеген болатын. Яғни 
ол кезде мемлекеттің конфессиялық саясаты, діни бірлестіктермен қатынасы 
мен тәжірибесі басталған кезеңде болатын; үшіншіден, аталған заңда дінтану 

 
68 
сараптамасы туралы ереже болғанымен, оларды жүргізудің тәжірибесі былай 
тұрсын, оларды құқықтық реттеудің тиісті тетіктерінің жетілмеген, сонымен 
бірге дінтану сараптаманы жүргізе алатын мамандардың аз болғаны, сондай-
ақ миссионерлер қызметін тікелей реттейтін нормалар бар болғанымен, оның 
реттеудің тетігі әлсіз еді. Өйткені, 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған 
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер» туралы заңнның 3-бабының 
мазмұнында  «...жарғылық  ережелерде  жоқ  діни  сенімді  діни  ағартушылық 
арқылы...уағыздау мен тарату» делінген. Демек, бұл заңның осал тұстарының 
бірі. Сонымен қатар, миссионерлердің әдебиеттерін дінтану сараптамасынан 
өткізу  жөнінде  нақтыланбаған.  Ал  енді  қазіргі  қолданыстағы  «Діни  қызмет 
және  діни  бірлестіктер  туралы»  заңның  8-бабында  миссионерлер  қызметін 
реттейтін нормалар жеткілікті.  
Белгілі  қоғам  қайраткері,  профессор  Амангелді  Айталы  «Діни  сенім 
бостандығы және діни бірлестіктер» заңның туралы» аты мақаласында «Дін 
кең ауқымды, сан қырлы ұғым. Дін тек Аллаға құлшылық ету ғана емес, ол 
отбасылық  мәдениет,  заңдылық,  ұлттық-діни  дәстүр,  ұлттық  рухани 
мәдениет,  діни-ұлттық  білім,  діни  ілім,  ұлттық  тілдегі  діни  уағыз.  Дін  оны 
ұстанған  ұлттардың рухани  мәдениетімен  ажырамас  байланыста.  Осыдан 
келіп  барлық  мәдениетті  тек  дінге  балап  болмайды.  Мәдениеттің  мазмұны 
діннен  кеңірек.  Дін  ұлттың  мәдениетіне  сүйенсе,  ұлттық  мәдениет  діннен 
сусындайды. Мұсылман діні қазақ ұлтының мәдениеті, салт-дәстүрінің тірегі 
... Кез келген діни бірлестікті дін деп тіркей беру, дін деп мойындау айналып 
келгенде тіпті  діннің  өзін  жоққа  шығарады.  Сондықтан  біз  бұл  мәселеде 
толеранттылық (төзімділік) туралы бір түсінік берген орынды» [2] деп ақылға 
қонымды  пікірін  нақты  білдірді. Осы  орайда,  Я.Трофимова,  А.Артемьева 
және  К.Шүлембаева  сияқты  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  «90-жылдары 
қабылданған Қазақстанның білім беру және дін мен діни ұйымдарды реттеу 
туралы заңдар өте либералды болып келді» [3]. 
А.Б. Сатанов пен Қ.С. Өскембаев бірігіп жазған  мақалада «Әрине, дін 
туралы  заңның  демократиялық  сипатын  жоққа  шығаруға  болмайды.  КСРО 
ыдырағаннан  кейін  демократиялық  кезеңге  аяқ  басқан  Қазақстан  көпұлтты, 
көпконфессиялы  елге  айналды.  130-ға  жуық  этностардың,  50-ге  жуық 
конфессиялардың  мүддесін  ескеру  мақсатында  90-жылдары  қабылданған 
заңдардың  көбісі  өте  либералды  болды.  Бір  жағынан,  бұл  жаңа  ғана 
тәуелсіздікке  қол  жеткізген  көпұлтты  мемлекет  үшін  де  заңды  қадам  еді. 
Өйткені  сол  кезде  республикада  және  қазір  де  ұлтаралық,  дінаралық 
араздықтардың шығуына жол берілмеуі тиіс болды. Бірақ дін туралы заңның 
әлсіз  жақтары  және  олқы  тұстары  да  көп  болды.  Соны  пайдалана  отырып, 
шетелдің  көптеген  діни  ағымдары,  миссионерлері,  секталары,  бірлестіктері 
келіп,  Қазақстанда  орнығуға  мүмкіндік  алды.  Айталық,  1992  жылы 
қабылданған заңда миссионерлік қызмет және Қазақстандағы миссионерлер, 
оларды тіркеу жөнінде ештеңе айтылған жоқ. Сондықтан да жергілікті үкімет 
органдары  діни  жағдай  туралы  ақпаратпен  тиісті  жағдайда  қамтамасыз 
етілмеген.  Сонымен  қатар  діни  ұйымдарды  тіркеу  туралы  тармақтар 
екіжақты қарастырылды. Діни бірлестіктердің тіркелуі жөніндегі баптар мен 

 
69 
тармақтардың  кейбіреулерінде  нақтылық  болған  жоқ»  [4,  53]  деп  өзіндік 
пікірлерін білдірді. 
 
Д.Ғ. Ахметжанов «Тәуелсіз Қазақстандағы этноконфессиялық үрдістер 
мен  діни  ахуал»  атты  мақаласында  кезінде  мемлекет  тарапынан  еркіндіктер 
мен құқықтар берілген кейін, тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанда 
діни ұйымдар мен конфессиялар санының айтарлықтай өскендігін тілге тиек 
етіп  айта  келе,  1989  жылғы  1  қаңтарда  Қазақстанда  671  діни  қауым,  20 
конфессия  мен  деноминация  болғандығын  атап  өтті.  Сонымен  бірге  сол  20 
жылдың  ішінде  діни  бірлестіктер  саны  алты  есе  көбейгендігі,  ал  енді  2010 
жылғы  1  қазандағы  жағдай  бойынша  олардың  саны  4460,  ал  конфессиялар 
мен  деноминациялар  саны  42-ге  жеткендігі  туралы  мәлімет  келтірген»  [5, 
158]. Одан әрі қарай бұл автор «Діни бірлестіктердің арасында: Ислам – 2724, 
Орыс  православ  шіркеуі  –  304,  Рим-католик  шіркеуі  –  87,  протестантизм  – 
1267,  сонымен  қатар  дәстүрлі  емес  діндер  мен  жаңадан  құрылған  діни 
бірлестіктер (Бахаилар, Кришнаидтер, «Соңғы өсиет шіркеуі» және т.б.) – 46 
тіркелгендігін»  [5,  159]  жазған.  Ал  енді  2009  жылдың  1  қазандағы  ресми 
мәліметтеріне сәйкес Қазақстанда 4365 діни бірлестіктер мен топтар жұмыс 
істейді.  Олардың  3695  (84,6%)  заңды  тұлғалар  немесе  филиалдар  ретінде 
тіркелсе, 556 (12,8%) кішігірім топ ретінде есепке алынған. Ал 114-ті (2,6%) 
тіркеусіз қызмет етуде» [6].  
2013  жылдың  17  маусым  күні  Қазақстан  Республикасы  Дін  істері 
агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Лама Шариф Қазақстан Республикасы 
Парламенті  Мәжілісінің  Үкімет  сағатында  жасаған  баяндамасында  «2011 
жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша біздің елімізде 4551 діни бірлестік 
қызмет  атқарғаны  белгілі.  2012  жылдың  25  қазанында  аяқталған  қайта 
тіркеуден  кейін  олардың  саны  3088-ді  құрады.  Діни  бірлестіктер  санының 
үштен  бірінің  қысқаруы  бірқатар  себептер  бойынша  өз  қызметінің 
заңдылығын  дәлелдей  алмаған  бірлестіктердің  есебінен  орын  алды.  Жалған 
діни  құрылымдар  мен  құрылтай  құжаттарында  дәйексіз  мәліметтерді 
ұсынған  бірқатар  діни  бірлестіктер  қайта  тіркеуден  өткізілген  жоқ. 
Қазақстандық дінтанушылардың сараптамалары негізінде діни бірлестіктерді 
жаңаша топтастыру ұсынылып, конфессиялар мен деноминациялар саны 46-
дан 17-ге қысқарды» [7] деген болатын.  
Осы  жоғарыда  конфессиялар  саны  туралы  келтірілген  екі  мәліметті 
салыстырып қараған кезде, 1989 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда 20 конфессия 
болса, ал 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жалпы конфессиялардың 
саны 42-ге жеткен. Демек, аталмыш жылдардың арасында (20 жылдан астам) 
жалпы саны 22 конфессия қосылған деуге болады. Енді Дін істер агенттігінің 
бұрынғы төрағаның мәліметіне сүйенсек, онда қайта тіркеудің алдында (2011 
жылдың  25 қазан күні) 46 конфессия болған. Осы мәліметке қарасақ, онда 26 
конфессия  қосылған  болып  шығады.  Қайта  тіркеуден  кейін  осы  жоғарыда 
баяндалғандай, 46 конфессиядан 17 конфессия қалған. Ендеше 29 конфессия 
қысқарған.  Осы тұста байқалғандай, қазіргі таңда 17 конфессия 1989 жылғы 
20 конфессиямен салыстырып қарағанда, олардың саны жөнінен тек шамалы 
ғана кеміді. Демек, тәуелсіздік дейінгі конфессияларға біршама конфессиялар 

 
70 
қосылған. Оның негізгі себебінің бірі, сол кейбір конфессиялардың әр түрлі 
мемлекеттерден келгендігіне болып тұр. Мысалы, ол протестанттық ағымдар 
легі біресе АҚШ, Батыс елдерінен, бірінде Оңтүстік Кореядан келген еді. Сол 
себептен  бір  конфессияға  жататындар  бір-біріне  бағынбай  өз  алдына  бөлек 
конфессия болып тіркеліп кеткен деуге болады.        
«Эксперттер  жалпы,  діни  бірлестіктердің  қызмет  етуін  жағымды 
бағалайды.  Олардың  айтуы  бойынша  бұл  ұйымдар  қоғамның  рухани-
адамгершілік дамуына (36,5%) және өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік 
тұрғысынан  тәрбиелеуде  (19,2%)  оң  әсер  береді.  Бұл  ұйымдардың  болуы 
этностық  мәдени  дәстүрді  сақтауға  және  дамытуға  да  өз  үлесін  қосады 
(17,3%)  деп  есептейтіндер  де  бар.  Француз  социологы  Э.Дюркгейм  (1858-
1917)  «қоғамдық  қатынастар  күрделене  берген  сайын,  адамдардың  өзара 
байланыстары  әлсірей  бастайды»  деп  айтқандай,  адамдар  дінге  бет  бұра 
бастайды, яғни оның өтемпаздық қызметінің әсерін эксперттер (1,9%) де алға 
тартады.  Зайырлы  мемлекеттерде  тіркеуден  өтпеген  діни  ұйымдардың 
қызмет  етуі  табиғи  құбылыс.  Тарихқа  көз  жүгіртетін  болсақ,  кез  келген  ірі 
діни  бірлестіктер  деноминацияға  айналмас  бұрын  азғантай  көлемде  тарала 
бастаған.  Мұндай  құбылыстар  жаһандану  процесіне  тартылған  барлық 
мемлекеттерде кездеседі» [8]. 
Бүгінгі  Қазақстан  қоғамы  –  әлемнің  кіші  әрі  нақты  көшірмесі  сияқты. 
Әлемде бар әлемдік діндер мен дәстүрлі діндер Қазақстанда да бар. Адамдар 
аралық  татулықты  сақтау  жолы  –  діндер  аралық,  мәдениеттер  аралық 
татулықты  сақтау.  Оның  жарқын  көрінісі  Астана  қаласында  өткен  Әлемдік 
және  дәстүрлі  діндер  басшыларының  Форумы.  Дін  аралық  татулық  әлемде 
бейбітшілікті сақтаудың бір жолы болмақ [9]. Әлемдік және дәстүрлі діндер 
басшыларының  Форумының  Астана  қаласында  төрт  мәрте  съезд  өткен  еді. 
Бүгінде  бұл  іс-шаралар  өз  жалғасып  тауып  келеді.  Мұндай  халықаралық  іс-
шаралар  Қазақстандағы  дәстүрлі  діндер  мен  діни  бірлестіктердің  қалыпты 
дамуына өз ықпалы тигізеді. 
Сонымен,  қорыта  айтқанда,  Қазақстан  Республикасындағы  дәстүрлі 
діндер бұрыннан тарихи тұрғыда  қалыптасқан қойған, тек дәстүрлі діндерді 
ұстанушы діни бірлестіктер ғана жаңарған деп түйін жасауға болады. Ал енді 
«жаңа»  діни  бірлестіктер  болса,  олар  елімізде  қалыптасуы  мен  дамуының 
басталған кезеңінен өтті. Бұл ретте, біздің пайымызша, олардың қалыптасуы 
мен дамуы өздерінің заңға сәйкес қызмет етуіне де байланысты болып келеді. 
Ендігі  кезекте  Қазақстандағы  діндер  мен  діни  бірлестіктердің  қалыптасуы 
мен  дамуы  дұрыс  қалыпта  болуы  үшін  мына  мазмұндағы  ұсыныстар  беруді 
жөн деп есептедік:  
1.
 
 Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі діндер мен барлық діни бірлестіктердің 
қазақстан  қоғамына  тигізген  пайдалы  жақтарын  кешенді  зерделеу  (мүмкін 
болса, мемлекеттік қаржыландыру арқылы болып жатса тіптен жақсы) қажет. 
Бұл  өз  кезегінде  олардың  елімізге  елеулі  түрде  тиісті  үлесін  қосқан  діни 
бірлестіктердің беделі көтеріледі
2.
 
  Дін  мәселелері  бойынша  халықаралық  қауымдастықтың  тәжірибесін 
ескере отырып, қайта тіркеуден өткен дәстүрлі діни бірлестіктер мен «жаңа» 

 
71 
діни бірлестіктер өзара қатынасын, бір-біріне ұстанымдары мен көзқарастар 
жиынтығын діни-әлеуметтік зерттеулер жүргізу керек; 
3.
 
Қайта тіркеуден өткен діни бірлестіктердің өзара ара қатынасын орнату 
мақсатында  «Қазақстандағы  діни  бірлестіктер  Ассосациясы»  деп  аталатын 
ұйым құру қажет есептейміз.    
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
С.А. 
Сартаев. 
Мемлекеттік-конфессионалдық 
қатынастардың 
Қазақстандық үлгісін жетілдіру мәселелері. ҚазҰУ хабаршысы, заң сериясы. 
№ 3 (63). Алматы, «Қазақ университеті». – 2013. – 34-38 бб. 
2.
 
Амангелді  Айталы.  «Діни  сенім  бостандығы  және  діни  бірлестіктер» 
заңның тұжырымдамасы туралы. http: // antisektazko.kz  09.04.2012 ж.
 
 
3.
 
Жусупов  С.  Ислам  в  Казахстане:  прошлое,  настоящее,  будущее  во 
взаимоотношениях  государства  и  религии.  —  2001/  www.carnegie.ru 
(09.09.2010). 
4.
 
А.Б.  Сатанов  пен  Қ.С.  Өскембаев.  «Қазақстан  Республикасының 
нормативтік-құқықтық  жүйесінің  жалпы  діни  жағдайы  мен  ислам  дамуына 
ықпалы».  Қарағанды  университетінің  Хабаршысы.  Тарих.  Философия 
сериясы. № 4 (60)/2010. – 52-61 бб. 
5.
 
Д.Ғ.  Ахметжанов.  Тәуелсіз  Қазақстандағы  этноконфессиялық  үрдістер 
мен діни ахуал. ҚазҰУ хабаршысы, Тарих сериясы. № 3 (66). Алматы, «Қазақ 
университеті». – 2012. – 156-160 бб. 
6.
 
 ҚР Әділет министрлігі ДІК ресми мәліметтері.   
7.
 
ҚР Дін істер агенттігі ресми сайты. 
www.din.gov.kz
 
8.
 
 «Нұр  Отан»  ХДП-ның  парламентаризм  институты  еліміздегі  діни 
ұйымдардың қызметіне қатысты эксперттік сұрау қорытындысы. 
9.
 
Б.Ө.  Алтынбасов,  А.Ж.  Сүтбаева.  Қазақстанның  бүгінгі  діни  сенім 
бостандығы. ЕҰУ хабаршысы, заң ғылымдары сериясы. № 4 (14). Астана.  – 
2012. www. enu.kz.  
Резюме: 
В  статье  анализируется  некоторые  аспекты  формирования  и 
развития  религий  и  религиозных  объединений  в  Казахстане.  В  статье 
рекомендуется некоторые предложения рекомендательного характера. 
Summary: 
The  article  examines  some  aspects  of  the  formation  and  development  of 
religions  and  religious  organizations  in  Kazakhstan.  The  article  recommended 
some suggestions recommendatory nature. 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
72 
УДК 930.2:75: 929 (574) 
 
СУРЕТШІ ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВТІҢ ЕСТЕЛІКТЕРДЕГІ БЕЙНЕСІ 
   
Тезекбаева Меруерт  Қалымбекқызы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 
Магистратура және PhD докторантура институтының 2-курс 
магистранты 
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы) 
meruert_tezekbae@mail.ru
 
 
 Аңдатпа.  Суретшінің    тұлғалық  образы  отбасылық  тұрмысынан 
бастап, оның өнер саласындағы өмір күнделіктілік бағытымен жан-жақты 
көрсетіледі.  Әсіресе,  бұрын-соңды  зерттеу  нысанына  алынбаған  оның 
ағайын  –туыстарының,  әріптестерінің  ортасындағы    ашылмаған  
қарапайым  адам,    әке  ретіндегі  образы  беріледі.  Сондай-ақ,    оның  
адамдармен  араласып,  батасын  алып,  көптеген  жетістіктерге  жетсе  де, 
қарапайым кейпінде қала білгендігі көрсетілген.Сонымен қатар, суретшінің 
азамат  ретінде,  суретші  ретінде  қалыптасуына  ықпал  жасаған  адамдар 
туралы  да,  естеліктерде  берілген  материалдарды  пайдалана  отырып 
көрсеткен.    Ұлы  суретшінің  өмірдің  ащы-тұщы  дәмін  бірдей  татып, 
жастайынан  жетімдіктің  зардабын  көріп,  тағдырдың  тауқыметін 
тартқаны, отбасылық өмірінде де басынан небір қиыншылықтарды өткеріп 
оған төзе білген тұлға екендігі жақсы ашылып  бейнеленген.    
Кілт сөздер: бейне, шебер,галерея, партия,  акварель, т.б 
Аннотация.  Начав  из  образа  художника    семейного  быта  личности, 
жизнь  в  отрасли  искусства  подробно  показывает  дневник  направлением. 
Особенно,  объекту  исследования  никогда  не  был  взятым,  -между 
родственниками,  коллег    открываться    простой  человек,    раскрывается 
образ  отца.  А  также,    он,  хоть  обращался    с  людьми,  достигает  больших 
успехов,  но  оставался  простым  человеком.  Таким  образом,    используя 
материалы  по  воспоминаниям  повлиявшим  на  формирование  его  как 
гражданина  и  как  художника.  Раскрыты  моменты  из  семейной  жизни 
заслуженного  художника  ,  трудностях  происходивших  в  период  семеной 
жизни, с малых лет  остался сиротым и приодолел все припятсвий жизни.  
Ключевые слова: образ, мастер, галерея, партия, акварель и  т.п. 
Аbstract.  Beginning  from  character  of  artist    of  domestic  way  of  life  of 
personality,  life  in  industry  of  art  of  отары  in  detail  shows  a  diary  direction. 
Especially, to the object research never of brother of отары, that was not taken, - 
туыстарының,  colleagues  between    opened    simple  man,    character  on  time  of 
father  is  given.  And  also,    he,  though  interfusing  with  people,  prayer  arrives  at 
large,  increased  achievements,  and  remaining  on  simple  look  shown 
gentlefolks.One  time  of  citizen  of  artist,  one  time  of  artist  formed  and  also,  that 
using materials. 
Keywords : image ,master ,gallery, party, akvare , ets. 
 

 
73 
Әбілхан  Қастеев  -  қазақтың    тұңғыш  кәсіби  суретшісі.  Осы  уақытқа 
дейін  суретші  туралы    көптеген  мақалалар  мен  зерттеулер,  естеліктер 
жарияланған.  Солардың ішінде естеліктерден атақты суретшінің қарапайым 
адами  бейнесін,  суретшілік  жолдағы  еңбекқорлығын,  табиғи  талантын, 
болмыс-бітімін,  тағы  басқа  да  қырларын  танып  білуге  болады.  Әбілхан 
атамыздың  өмірлік  серігі,  сүйікті  жары  Сақыпжамал  Қастееваның 
естеліктеріне  назар  аударсақ:  «Әбілханның  өз  қолымен  еккен  мәуелі  бағы 
жыл  сайын  мол  жеміс  салады.  Ойлап  қарасам,    көктем  сайын    бүр  жарып, 
көгеріп,  жапырақ  жайып,  жемісті  мол  салатын  осы    бағы  секілді,  оның 
ұрпағына сыйлаған, халқына қалдырған мұрасы екен. 
Әбілхан тумысынан қамқоршы болып туған жоқ. Өзі секілді игі жақсы 
адамдардың  көп  қайырын  көрді.  Талай  ардақты  кісілерден  бата  алды.  
Қашанда алдымен Жәкең (Жамбыл) есіме түсе береді.  Жыр алыбы Жәкеңді 
жанындай сүйетін. Әр жырын суретпен бейнелейтін. Ұлы ақынның өмірінің 
соңғы  сәтінде  қобдиын  арқалап  барып,  жан  тәсілім  үстінде  сурет  салды. 
Мұражай  үйінің  жобасын  жасаған  да  Әбілхан.  Бір  қарындасы  ғана  ұқсайды 
екен. Соны тауып портретті бітіргенше жаны жай тапқан жоқ. 
Әбілхан өзінің өнердегі, еңбектегі жолдастарының да портреттерін көп 
жасады. Кенен қайын ағам, кейін Сәкең, Әбділда секілді үзеңгілес игі жақсы 
азаматтармен  араласты.  Өзі  басым,    қайным  Әбділданың  Әбілхан  туралы 
жазған поэмасы оған деген бір үлкен ескерткіш деп білемін. 
Жылжып жылдар өтіп жатыр. Уақыт деген қандай ұшқыр. Әбілханның 
өзі  жоқ  болса  да,    көзі  болып  отырған  балаларының,  көргені  бар,  көрмегені 
бар  немерелерінің  қуанышымен,  қызығымен  ешнәрсені  байқамайтындай 
болып  көргенімен,  өткен  күндерге  көңіл  алаңдайтыны  бекер  емес.  
Әбілханмен  қосылған  жылдан  бастап,  қиындықпен  өткен  отбасылық 
өмірімізді еске алсам, бейнетті жылдардың мол болғанын аңғарамын. Еңбегі 
еліне  танылып,  халық  суретшісі  атанып,  ауырлықтың  бәрі  артта  қалғандай 
болып,  әлі  де  жаңа,  тың  дүниелер  берсем,  деген  шағында    мейірімсіз  ажал 
алып  кетті  арамыздан.  Өмірдегі,  өнердегі  көрген  азабын,  қиындығын 
ойласам,  көрер  қызығы  алда  еді-  ау!  Бәрінен  бұрын  балаларын  есейтіп 
өсірген шақта, тіпті солардың да қызығын көре алмады. Бірақ, құдайға шүкір, 
соңындағы  өнерсүйер  ұрпағы  Әбекеңнің  әрбір  туындысынан  оның  тұтас 
рухани  негізін  танып  білуге,  сөйтіп  одан  тәлім  алуға  тырысуда.  Есімі 
республикалық  өнер  мұражайын  берілді,  бұл  да  оның  рухына  деген  ел 
ықыласы  сияқты.  Ол  да,  мен  де  жетім  өстім.  Сегіз  жасынан  байдың  малын 
бағып, тіршілік тауқыметіне  ерте араласты. 
Алматыда  жүріп  Н.Г.Хлудов  деген  атақты  суретшіден  білім  алып, 
суретшілікке үйренді »- деп жары  есіне түсіреді [1].Әбілхан Қастеев өмірде 
көп  қиыншылықтар  көрсе  де,  моймай  сурет  салуды  тоқтатпағандығын  және 
мінезі жайдарлы адам екендігін көруге болады.  
Енді  Әбілхан  Қастевке    суретшілік  өнерін  шыңдаған  майлы  бояумен 
сурет салуды үйреткен Н.Г.Хлудов туралы айта кететін болсақ:            қазақ 
халқының  тұрмыс- салтын  бейнелеп, мәңгілікке мұра етіп қалдырған  орыс 
суретшісі  Николай  Гаврилович  Хлудов  1850  жылы  Орлов  губерниясында 

 
74 
патша  армиясы  артиллериясының  кіші  офицері  отбасында  дүниеге  келген. 
1873  —1875  жылы Одесса сурет  және  мүсін  мектебінде  оқыған.  1876 
жылы Санк-Петербургте  суретші Голинскийдің   шеберханасында  жұмыс 
істеді.  1877  жылы  арнайы  шақыртумен   Верный(Алматы)  қаласына 
суретші Х.Глушковпен бірге  келген.Суретшінің  ең  көрнекті  туындылары 
1884  жылдан  бастап  салына  бастаған  екендігі  белгілі  болды.  Қазақтың 
дәстүрлі  өмір  салты,  оның  алабөтен  этнографиялық  бітімі  Н.Х.Хлудовты 
ерекше  ден  қойдырғаны  соншалықты,  оның  суреттерінің  басым  көпшілігі 
көшпелілердің  күнделікті  тыныс-  тіршілігіне  арналған  [2].  Мысалы, 
«Салтанатты  көш»,  «Нөсер  жауын  астындағы  көш»,  «Ілесе  алмаған 
қошақандар» тағы сол сияқты туындыларды кездестіруге болады. 
Әбілхан ең бірінші Хлудовқа Дәлденбаев ертіп келген екен. Сол кезде 
Николай Гаврилович Хлудов  сексенге келген шал кезі екен. Келген  Әбілхан 
мен  Дәлденбаевты  жақтырмай  қарсы  алған.  Дәлденбаев  Әбілханды  алып 
келгенін  айтып  түсіндірген  соң,    Хлудов  Әбілханды  шын  көңілмен 
қабылдады.  Н.Г.Хлудов  Жаркентте  болғанын  айтып,  сурет  салудың  қыр- 
сырын  үйретті.  Акварель  бояуының  құпиясын  ашып,  оны  қалай 
пайдалануды, бояу техникасымен таныстырды. 
Н.Г.Хлудов  зерек  жігітке  әбден  риза  болды.  «  Қазақтан  шыққан 
суретші  көрмедім,  алғашқы  шыққан  сені  көрдім.  Енді  өлсем  арманым  жоқ. 
Мен өлгенде батамды берем»-дейтін болды. 
Әбілхан  бір қыс Н.Г. Хлудовтан үйреніп, сурет салудың сырын біраз үйреніп 
алды.  Әбілханмен  қоштасарда    оған  бір  қорап  бояғын,  қылқаламын  тарту 
етті. Осыдан кейін жас Әбілхан ауылына жол тартады, бұл 1930 жылдың жаз 
айы еді. Ауылына келе салысымен атқа мініп, ел аралады. Өзгерген өлкенің 
жаңа  тұрмысын  қызықтады.  Акварель  бояумен  «Қойшылар»,  «Ескі  қазақ 
әйелдерінің  тұрмысы»,  «Киім  тігу»,  «  Қос  тігу»,  «Қазақ  кемпірі»  сияқты 
суреттер  салды.  Қарындашпен  сызып  «Қарындасым»,  «Қазақ  кемпірі» 
сияқты тағы көптеген суреттің нобайларын түсіріп алды. 
Одан  соң  Мәскеуге  оқуға  барады.  Азық-  түлік  тапшы.  Ел-  жұрт 
ашаршылыққа ұшыраған кез. Тамаққа кәртішке берілетін. Сөйтіп Мәскеуден 
бірақ  шыққан.  Әбілхан  қатты  қиындықтарға  тап  келген.  Әйтеуір  қасындағы 
достары сондағы оқу орнының директоры Анна Фурмановаға айтса керек, « 
Бұл  бізден  ілесіп  келген.  Оқи  алмайды.  Қолынан  сурет  салу  келеді»,-  деп. 
Содан көппен бірге оны да жатақханаға орналстырады.  
Содан  1935  жылы  елге  келді.  Екеуіміз  атастырылып  қойылғанбыз.  Он 
төрт  жасымда  тұрмысқа  шықтым  ғой.  Әбілхан  жұмыс,  оқу  іздеп  кеткенде 
елде қалғанмын. Елге оралысымен : « Алматыға барамыз. Сонда тұрамыз»,- 
деді.  Сөйтіп,  1936  жылы  Жаркенттен  көз  көрмеген  қалаға  тарттық.    Қу 
кедейшілік  не  істетпейді?  Шәй  ішетін  ыдыс-  аяқ  жоқ.  Жалғыз  ғана  киізді 
алып,  Алматыға  да  жеттік  қой.  Осында  Низам  деген  ұйғырдың  екі  бөлмелі 
үйі  бар  болатын.  Біраз  уақыт  соның    қолында  тұрдық,  Өздері  балалы- 
шағалы,  оларды  аяп,  күзде  бір  ұйғырдың  үйін  айын  бір  сомнан  беруге 
келісіп,  жалдап  алдық.  Не  ақша  жоқ.  Сөйтіп,  Әбілхан  сурет  салып  жүріп, 
күнімізді көре бастадық.  

 
75 
1937-жылдың  бесінші  майында  тұңғышымыз  Әбілтай  дүниеге  келді. 
Отырған  үйіміздің  тарлығын  қайтейік,  қабырға,  едендері  суланып,  дымқыл 
болып  кеткен.  Жағдайын  айтып  сол  кездегі  республика  Суретшілер 
одағының төрағасы Мұхаммеджан Жанкинге барса: « Медеуде екі бөлмелі үй 
бар,  соған  әзірше  барып  тұрыңдар.  Кейін  көре  жатармыз»,-  деген  соң  қуана 
келістік.  Баруын  бардық-  ау  ,  бірақ  баланы  орайтын  ештеңе  таппадық. 
Әйтеуір,  Әбілхан  әкелген  жылы  матаға      салынған  суретке  орап,  жаз  бойы 
сонда  тұрдық.  Әбілхан  тынымсыз  жұмыс  істеп,  отбасының  қамымен  жүрді. 
Күз  түскен  соң  Жанкинге  қайта  барған  екен.  Ол  да  уәдесін  ұмытпапты:  « 
Қыста  қайда  барасыңдар,  Красин  көшесінде  екі  бөлмелі  үйім  бар.  Бір 
бөлмесінде  тұрыңдар»,-  депті.  Қиын  уақытта  қамқор  болған    асыл 
азаматтардың бейнесін  көз алдыма елестетіп, әр кез рухына  табынамын.  Екі 
баласы бар екен. Әйелі Рабиға жылы жүзі адам екен. Жылы қабақ танытты.  
Сонымен  ,  күзде  болды.  Бір  күні  халық  жауы  деп  Мұхаммеджанды  ұстап, 
алып  кетті.  Халықта  дегбірі  қашып,  әбден  үрейленіп  кеткен.  Зар  жылап  екі 
баласымен  әйелі  қалып  еді.  Қаңтардың  18-  де  үйге  келіп  НКВД 
қызметкерлері  оны  да  ұстап  әкетті.  Үй  ішіндегі  заттарын  ,  бұйымдарын 
өздері  отырған  бөлмеге  жинап,  мөрлеп,  сыртынан  бекітіп  тастады. 
Жанкиндердің  ұлын  бір  ағасы  алып  кетті,  қызды  мектеп-  интернатқа 
орналастырды.  Әркімдерден  :  «  Бәленді  ұстап  әкетіпті»,-  дегенді  естігенде  
зәре  құтымыз  қалмайтын.  Маған  сыр  білдірмесе  де  Әбілхан  да  НКВД 
қызметкерлері  тиісіп  жүріпті  ғой.  «  Қой  терісін  жамылған  байдың  баласы. 
Сурет  салуды  қайдан,  кімнен  меңгерген?»  -  деген  күдікті  сауалдармен 
мазалаған  көрінеді.  Қайдан  білейік,  қазақта  сурет  өнеріндегі  тұңғыш  адам 
болғандықтан да , бұрынғы ескі әдетпен тек байдың баласы ғана оқып, білім 
алуды, өнер қуады деген оймен біздің отағасын біраз әурелепті.  
Сонымен    көктем  шығып,  мамыр  айы  да  келді.Бізге  өздерін 
лекторларымыз  деген  әлдекімдер    үйден  шығуды  бұйырды.    Сол  кезде 
қалалық атқару комитетінің басшысы болса керек. Қонысбаев дегенге барса , 
қаланың  бір  шетінен  бір  бөлмелі  уақытша  үй  беріпті.  «Мұхтар  Әуезовке  үй 
салып  жатыр. Содан екі бөлмелі үй береміз»,- деген соң, амалсыз әлгі үйге 
қоныс аудардық. Сөйтіп сол кездегі Өзбек көшесіндегі ( кейінен Сейфуллин 
көшесі) осы үйде  біраз жылдар тұрдық. Балалардың бәрі де осында дүниеге 
келді.»,- деп жарымен бас қосқаннан бастап көрген қиыншылықтарының бір 
бөлігін  осылай  әғгімелеген  екен.  Ал    қортындысында  Әбілхан  аға  туралы  
былай  деп  сыр  шерткен:  «  Мен  үшін  ол-  адал  да  ақкөңіл,  жомарт  жүректі, 
қарапайым да мейірбанды жар, балаларым үшін ақылшы, аңқылдақ, еңбекқор 
аяулы  әке.  Бар  өмірін  халық  өнерін  өркендетуге    сарқа  жұмсаған,  соңына 
өшпейтін, өлмейтін мол мұра қалдырған, ізбасар іні – қарындастар тәрбиелеп 
өсірген Әбілханға ел әлі  өз бағасын берер деп ойлаймын. Мен оны мәңгілік 
мақтан етемін!»,- деп сөзін аяқтайды [3]. Жары Сақыпжамал Қастееваның бір 
ауыз  естеліктерінен  Әбілхан  атаны  тек  қана  шебер  суретші  ғана  емес, 
сонымен қатар адал жар, мейірімді әке болғанын да көреміз. 
Әбілхан  ағаның  мерейтойлары    өз  дәрежесінде  аталып  өтілген.  Соған 
байланысты    Әбілхан  Қастеев    1954  жылы  елуге  келген  мерейтойында 

 
76 
сөйлеген сөзіне мән берсек, қылқалам иесі былай деген: « Жолдастар! Бүгін 
Үкімет пен партия менің жасымның елуге, творчествалық қызметінің 25 жыл 
толуына  ерекше назар аударып,  қамқорлық жасағандықтың  айқын белгісін 
көрсетіп  отыр.  Бұл  күн  мен  үшін  ұмытылмас,  өмірлік  есімде  қалатын 
күндердің ішіндегі ең қымбатты күн болып саналады. 
Менің  творчествамның  осындай  шарықтай  дамуы,  жұртшылық 
жаратқан  көптеген  құнды  еңбектер  берілуі-  Коммунистік  партияның 
қамқорлығының арқасында  ғана қол жеткен табыстар. 
Өздеріңізге  мәлім,  Октябрь  революциясының    сәулелі  нұры  қазақ 
елінің  үстінде  өз  нұрын  құйғанға  дейін,  қазақ  халқының  мәдени  исскуства 
саласының бар тарауы өсіп- өркендеуге жол жоқ еді. Мұның ішінде бейнелеу 
искусствасының дамуына ислам дінінің шырмауы ешбір мүмкіндік бермеген 
болатын.  Міне,  Октябрь  таңы  атқаннан  кейін  ғана  бұл  жанрдың-  бейнелеу 
искусствасының  өрістеп  дамуына  кең  айқын  жол  ашылды.  Менің  көркем 
сурет  искусствасының  барлық  жанрында    халқымыздың  талабына  сай 
еңбектер  беруіме  әр  кезеңде  Партия  мен  Үкіметіміздің  көрсеткен  көмегі 
ерекше  зор  болды.  Халық  бізден  үнемі  өсуді  халқымыздың  талабына  сай 
тартымды,  идеясы  құнды  ұстамды  еңбектер  беруді  күтеді.  Бұл  –  халық 
талабы!  Партия  талабы!  Сүйікті  Социалитік  Отанымыздың  талабы.  Бұндай 
талапты  Партияның  XIX  съезі тағы да алға қойған болатын. Менің өзімнің 
творчествалық  жолымда  осы  талаптарға  сай  еңбектер  беремін  деп  сіздерді 
сендіремін.  Жолдастар!  Біздің  осындай  дәрежеге  жетіп  отырғанымыз 
партиямыздың  басшылығы  арқасы.  Сондықтан  сүйікті  отанымызды  тура 
жолмен  Коммунистік  Қоғам  құруға  бастап  отырған  туысқан  Коммунистік 
Партияға  шын  жүректен  алғыс  айтамын!»-  деп  сойлеген  сөзінде  отанының 
алдындағы жоспарларын атап айтқан. 
1969  жылы  ағаның    шеберлікті  еңбек  шыңдайды  деумен  ағаның 
естеліктерінен сыр шертудеміз. Мысалы, Әбілхан аға «Мен  республикамның  
бейнелеу өнерімен  бірге жасап келемін. Бүгінгі жеткен дәреже тұрғысынан 
кейде  өткен  жолыма  да  көз  салып  қоямын.  Өнердегі  ұзақ  өмірім  ішінде  не 
істедім,  жеткен  жерім  қайсы,  кемшіліктерім  неде?  Творчества  адамы  ең 
алдымен  өзіне  есеп  беруі  тиіс.  Жеткен  жер  суреткерді  ешқашанда 
қанағаттандырмақ  емес.  Ол  өмірдегі  ең  үлкен  еңбегі  әрқашанда  алда 
тұрғандай  сезінеді.  Соны  жүзеге  асырам  деп  ұмытылады.  Осы  ұмтылыста 
жігер  бар  ,  тынымсыз  ой  бар  деп  білемін.  Бітіргендерімді  көз  алдыма 
келтіріп,  тағы  бір  қарап  өткенде  осынша  дәрежеге  жеткенімді  бергенімді 
жемісті еңбектің арқасы деп білемін. Себебі еңбек қана іс тындырады, еңбек 
қана  дарын  қанағатын  ұштайды,  еңбек  қана  шеберлікті  шыңдайды. 
Сондықтан мен қолыма қалам алған әрбір жас талапкерді ерінбей жалықпай, 
табандылықпен  еңбек  етуге  шақырамын.  Өнер  адамы  ізденбесе  өмірді 
көруден,  оны  сезуден  қалады.  Жақсы  шығарма  ойдан  тумайды,  өмірден 
туады,  іздену  арқылы,  сезіну  арқылы  дүниеге  келеді.  Білмеген  ,  көрмеген 
немесе  ізденіп  сезінбеген  нәрсе  жайлы  қалам  тарту  қиын.  Өнерге  құмар 
жандар , оны қолымен жасаушылар, тек осы жолмен ғана өз ойынан шығады, 
жұртышлық назарын аударады.  Мен қазақ халқының  ұлт батыры  Амангелді 

 
77 
жөнінде    кезінде  көп  іздендім.  Батырды  көргендермен,  үзеңгілес  жолдас 
болғандармен , туған- туысқандарымен  сөйлестім, архив деректеріне де  көз 
жібердім.    Халық  аңыздарына  да  құлақ  түрдім.  Оның  жерлестері  арасынан 
батырдың  мінезін,  штрихтарын  іздедім.  Кейде  тіпті  ұқсас  адамдарды  да 
ұшыраттым.  Міне,  мұның  бәрі  маған  Амангелді    Имановтың 
жұртшылығымыз жақсы қабылдаған портретін жасап шығуға көмектесті. 
«Жас Абай» да осындай жолмен дүниеге келді. Мәншүк Мәметованың 
бейнесі де жұртшылық алдына осылай шықты. 
Мен  қолым  босап  кеткен  әрбір  мезетті    халық  арасында  болуға,  ел 
аралауға пайдаланамын. Жетісуда, тегі, мен бармаған және көрмеген жер жоқ 
сияқты.  Асы  және  басқа  жайлауларда  сан  рет  болуға  тура  келді.  Жетісу 
табиғат,  оның  таулары  мен  өзендері,  көзімді  жұмар  болсам  көкірегімде 
сайрап  тұрады.    Неге  десеңіз,  оларды  көп  көрдік,  көп  сезіндік.  Ал  көрген 
нәрсені  салу,  бейнелеу,  суретшіні  творчества  рахатына  бөлейді, 
қанағаттандыра  түседі.  Қазақстан  еңбекшілері  жайлаудағы  өмірді  көрсеткен 
менің  акварельдерімді  жақсы  біледі,  олар  көп  өмірді  көруден  және  білуден 
туған  еңбектер.  Бұларды  көбірек  айтып  отырған  себебім:  көзбен  көрген, 
жүрекпен  сезінген  өмір  суретшіні  реалистік  шығарма  жасауға  бастап 
отырады.  Сондықтанда    жас  суретшілерге  айтар  ағалық  ақылым:  өмірден 
үйреніңдер, оны көріп, сезіңдер, сонда ғана шынай туынды жасай аласыңдар 
демекпін. 
Міне,  ұлы  шебердің  еңбекқорлығы  жа  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  ретінде 
қалады. 
Ол 
кісінің 
бойындағы 
ізгі 
қасиеттер, 
ұлттық 
мәдениеті,қарапайымдылық  оның әрбір туындысында көрсетіледі. 
Ал Қазақстанның мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері Л. Плахотная 
Әбілхан ағамен бірге болған кездерін есіне ала отырып, өзінің естеліктерінде 
былай дейді: « Қазақстанның ең бірінші халық суретшісімен танысу мен үшін 
үлкен мақтаныш. Қайда және кімнен үйренді, қалай  суретші болды, осындай 
табыстарға  қалаша  жетті  деген  мәселелерді  жете  білгім  келді.  Мен  жұмыс 
істеген жерде өте сирек болса да , бірақ әрқашан да Казизоға өте сүйкімді де  
қайырымды,  әдепті  Әбілхан  Қастеев    жаңа  шығармалаға  толы  папкісімен 
келіп,  ондағы  өзі  салған  бояуы  басым,  әр  алуан  түрлі  реңкі  сұрғылт  және 
күлгін түсті сурет түрі суретшіні де, көрермен Сізді де баурап алып, бей- жай 
қалдырмайтынды.  Оның  жаңа  бір  дүниесіне  суретшімен  бірге    біз  де 
қуанышқа бөлетенетінбіз.... 
Менің  Қастеевпен  таныстығым  1944  -  жылдың  соңында    болған  еді. 
Бұдан    аз  ғана  бұрын  қазақ  халқының  белгілі  ағартушы  ақыны  Абай 
Құнанбайұлы,  кеңес  үкіметін  батыл  күрескері,  1916  -  жылғы  халық 
көтерілісінің басшысы Амангелді Иманов портретін жасау бәйгесі өтті. 
Ұлттық  батыр  бейнесін  жасауға  Қастеев  алты  жылдан  астам  уақытын 
бөліп, маңдай терін көп төкті. 
Суретші өз ғұмырында екі жүзден астам көрмелерге қатынасып, оның 
шығармалар көрмесі АҚШ, Бразилия, Канада, Франция, Германия, Үндістан, 
Индонезия,  Чехия,  Польша,  Монғолия  елдерінде  болып  қайтты.Үкімет 
суретшінің  шығармашылық  еңбегін  өте  жо,ары  бағалап,  Қастеев  Қазан 

 
78 
төңкерісі,  екі  мәрте  Қазақстан  Жоғарғы  Советінің,  Алматы  қалалық  атқару 
комитетінің депутаты болып сайланады.»- деп еске алады [4]. 
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші, Әбілхан ағаның 
шәкірті Үкі Әжиев  өзінің ұстазының мінезін, сапарларда болған оқиғаларын 
былай суреттейді: « Әбекең өте мейірімді, қарапайым, тамаша адам болатын. 
Кәсіби  білімі  жоқ  болғанымен,  шеберлігі  кез  келген  оқыған-  тоқыған 
академигіңнен  жоғары  еді.  Басты  ерекшелігі-  қарапайым  өмірді  сүйетін. 
Жасандылықты, жылтырақты ұнатпайтын. 
1968 жылы сол кездегі Одақ суретшілерінен құралған шығармашылық 
топ Еділ мен Каспий бойын араладық. Әбекеңнің мұндай сапарға бірінші рет 
шығуы  екен.  Тобымызда    Н.Петрашкевич,  Л.  Кунчис,  В.  Богаткин  секілді 
акварельдік  кескіндеменің  майталмандары    да  бар  екен.  Әбекеңе  осы 
суретшілердің  жоғары  шеберлікпен  салынған  реалистік  жұмыстары  қатты 
ұнайтын.  Сапар  барысында    олардың  да  Әбекеңнің  туындыларына  таң- 
тамаша  қалған  кездеріне  талай  рет  куә  болдым.  Сапар  кезінде  байқағаным, 
кейбір  суретшілер  сурет  салуда  өздеріне  қолайлы  тәсілді  қолданатын. 
Мәселен,      көрініс  табуға  тиіс  ағаш  сол  жақта  орналасқан  болса,  оны 
парақтың  оң  жағына  бейнелейтін.  Мұндайда  Әбекең  :  «  Көрерменді  осылай 
алдауға бола ма екен ?»- деп кейістік білдіретін. Өзі не нәрсені болса да  еш 
өзгеріссіз қағазға түсіргенді ұнататын. Әлі есімде, Ульяновск каласына табан 
тіреген  алғашқы  күні  қаламен  танысып,  Ульяновтардың  мұражай-  үйінде, 
В.И. Ленин оқыған гимназияда болдық. Келесі күні таңғы сағат 4- те ұйқыдан 
тұрып,  Әбекең,  тағы  бір  суретші  үшеуміз  табиғат  көріністерін  салуға 
шықтық. Әбекеңнің бір ерекшелігі- өз  бетімен жеке кетіп жұмыс істеуді, жөн 
көретін. Біраздан соң қайтып келсем, Әбекең жоқ. Түскі асқа да келмеген соң 
іздеуге шықтым. Ақыры алыстан ақ қолшатырын көзім шалды. Ұзап кетіпті, 
екі- үш демалып әрең жеттім. Кедергі жасамау үшін шетте тұрып көз салсам, 
кешегі көргендерін тамаша  көрініс етіп салыпты. Әбекең  сырттай біреудің 
бақылап  тұрғанын  сезіп,  жалт  бұрылды  да:  «Жақсы  шықты-  ау  деймін, 
қалай?»-  деді  күлімдеп.  Бас  бармағымды  шошайта  қасына  жақындасам, 
қанша уақыт күн астында тұрғандықтан, қарайып, бет терісі құрғап, еріндері 
кеберсігеннен  қанталап  кетіпті.  Міне,  Әбекең    бір  жұмысты  бастаса,  табан 
аудармай  еңбек  етіп,  ақырына  жеткеше  тапжылмайтын,  осындай  еңбекқор 
жан  болатын.  Ғажабы-  ол  кісінің  ғылыми  тәсілі  болған  емес,  еліктеушілік 
дегенді  мүлде  білмеді.  Әр  туындысында  өзіне  тән  қолтаңбасымен  өзіндік 
өрнегін  сала  білді.    Әбекеңнің  қарапайымдылығын,  даналығын  мойындаған 
көзбояушы  акварельшілер  зат  болмысын  өз  қалаулары  бойынша  салуды 
мүлдем  доғарды.  Тіпті  суретшілер  арасында  «Шынайы  болсаң,  Қастеевтей 
бол»  деген  сөз  мәтелге  айналып  кетті.  Ал  Астраханьнан  Бакуге  кемемен 
сапарымызда теңізде алты баллдық дауыл тұрып, көп суретшілер іште жатты. 
Әбекең  тілсіз  жау  тыныстанғанша    кеменің  жоғарғы  жағында  жүрді.  Көп 
ұзамай  сол  бақылаулар  тамаша  жұмыстар  болып  дүниге  келгенде 
таңғалғанмын.  Сапар  қорытындысы  ретінде  Баку  қаласындағы    Ленин 
атындағы  мұражай  залында  көрме  ұйымдастырдық.  Сонда  Әзірбайжан 
Компартиясы  Орталық  комитетінің  хатшысы  Петр  Елистртов  жолдас 

 
79 
Қастеевтің суреттеріне ерекше тоқталып, өзін автормен таныстыруды өтінген 
болатын» [5].  
 Ал суретшінің ұлы Нұртас Қастеев әкесі туралы естеліктерінің бірінде: 
«Әкем  жастайынан  көп  қиыншылық  көрген,  сол  бізге  сабақ  болсын 
деймекен,  шынымен  де,  қолы    босағанда  қасына  шақырып  алып,  төрт 
жасынан жетім қалғанын, кішкентайынан байдың қойын баққанын әңгімелеп 
беретін.  Бізге  айтып  отырғанының  бәрі  ертегі  секілді,  аузымызды  ашып 
тыңдайтынбыз.  Қой  бағып  жүргенінде  үңгірге  кіріп  сурет  салатынын,  мүсін 
жасайтынын, одан кейін татар байына жалшы болғанын, Түрксібте жұмысшы 
болғанын айтатын. 
Әкем өте жуас, мейірімді, байсалды кісі болатын. Бізге ренжіп, ұрсып, 
қол  жұмсап  көрген  емес.  Қайта  әкемнен  гөрі  анам  қаталдау  болды.  Сабақ 
оқымасақ,  тыңдамасақ,  бірдеңені  бүлдірсек,  анам  жазалайтын.  Ал  әкем 
қазақтың дархан даласы қандай кең болса, мінезі де сондай кең пейілді жан 
еді.  Анам  бізді  үстімізден  арыз  айтып,өйтті-  бүйтті,  «неге  әке  болып 
ұрыспайсың,  жекімейсің?»  дегенде  ғана  газетті  шиыршақтап  алып, 
құйрығымыздан  ақырын  ғана  ұратын.  Әбден  ұрмай  жаман  үйренгеннен  бе, 
соның  өзіне  өкпелеп  жылайтынбыз.  Әкелік  ақылын  айтатын.  Әкеміздің 
алтын әке болғанын өзіміз де перзент сүйіп, әке атанғаннан кейін түсіндік. 
Ес  жия  бастағаннан  қарапайымдылықты,  кішіпейілділікті,  адамға 
қиянат  жасамауды,  біреудің  сыртынан  жалған  сөз  айтып,  жолын  кеспеуді 
санамызға  сіңіріп  өстік.  Әкем  дүние  жиған  адам  емес,  бізге  де  ондай 
пендешілік мінезді дарытпады. Өзінің қаншама атақ- даңқы бола тұра, «Мен 
әлем танитын Қастеевпін» деп кеудесін қаққан емес. Қандай мақтау естісе де, 
қарапайым қалпынан танбайтын»[6].  
Тарихи  деректер    Әбілхан  Қастеевтің  өмір  жолы  мен  қызметін, 
жайдарлы  мінезін  көрсетеді.  Әрбір  естеліктерде  суретшінің  байсалдылығы, 
суретке  деген  ықыласы  ерекше  байқалады.  Суретшінің  өмір  жолының 
ауырлығына  қарамастан  сурет  салу  әуестігінен  бас  тартпаған,  керісінше 
қиын-  қыстау  кезде    қолы  қалт  босай  қалса  қылқаламын  алып  сурет  салуға 
құмарланған  деседі.    Әбілхан    Қастеевтің  халық  игілігіне  атқарған 
жұмыстары  да  ауыз  толтырып  айтарлықтай.  Сондықтан  тұңғыш  қалқалам 
шеберін келер ұрпақ ұмытпай және мәңгі халықтың жадында қалады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет