Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Қастеева С. Жомарт жан, кең пейілді жан еді. Аға сөзі. Алматы.2003, 188
2.
Н.Г.Хлудов.Шығармалар
каталогы:
кескіндеме
және
графика,
Алматы,20003ж,10 б
3.
Плахотная Л. Суретші Әбілхан. Аға сөзі. – Алматы, 2003, 48 б
4.
Әжиев Ү .Жұлдызы жоғары еді. Аға сөзі. – Алматы, 2003
5.
Қастеев Н. Әкем қазақтың тарихын жақсы білетін // Аңыз адам, 2011.
№14, 15 б.
6.
Әбілхан Қастеев. Алматы, «Өнер», 1986
Резюме:
В этой статье рассматривается жизнь и деятельность первого
профессионального
художника
Абилхана
Кастеева
опираясь
на
80
воспоминания. На основе воспоминаний изображен образ художника.
Правильно систематизировал, обсуждал их через исторические данные.
Summary:
This article discusses the life and work of the first professional artist
Abilhana Kasteev relying on memories. Based on the memoirs shows image of the
artist. Properly systematized, discussed them through historical data.
ӘОЖ 801.73
ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРЫ
Ұларбек Шәмсия - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 2- курс магистранты
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
Ularbekr@mail.ru
Аңдатпа. Бұл мақалада Қытай мен Қазақ әдеби байланыстарының
даму кезеңдері және екі ел арасындағы мәдени-әдеби қатынастарының
істелінген жұмыстары жайында нақты мәлімет беріледі.
Кілт сөздер: дипломатиялық қарым-қатынас, рухани мәдениет,
қаламгер, романтизм, шығарма.
Аннотация. В данной статье рассматривается точные сведение в
период развития казахско-китайсской литературной взаймосвязи между
двумя странами и литературно-культурологические отношения о
проделанной работе.
Ключевые слова: дипломатические отношение, духовная культура,
писатель, романтизм, сочинение.
Abstract.
In this article it is considered exact integration period during
development Kazakh-Chinese literary connecting between two countries and the
literary and culturalogical relations about the work.
Keywords: diplomatic relation, spiritual culture, writer, romanticism,
composition.
Қазақ пен қытай арасындағы әдеби мәдени байланыстар кеше мен бүгін
ғана емес, сонау түркі дәуірінен, тіпті одан бұрын басталғанын қазіргі таңда
ғылыми зерттеулер дәлелдеп бағуда. Ғылыми зерттеулерге қарасақ,
қазақтың бірнші қытайтанушысы Шоқан Уәлиханов болған еді. Қытай
әдебиетінің қазақ тіліне аударылуын негізінен бүгінгі Қытайда тұратын
қандастарымыз жүзеге асыруда.Тіпті қазақ әдебиетінің де, қытай тіліне
аударылуына солар мұрындық болуда. Ал, осы екі әдебиеттің арасындағы
байланысты зерттейтін ғалымдардың саны аз болып отыр. Өйткені
Қазақстан мен Қытай елі арасындағы жүйелі түрде қалыптасқан әдеби,
мәдени байланыс жоғары деңгейде қарқынды дамымай отыр. Дегенмен, екі
ел арасындағы әдеби байланыстар жекелеген ғалым, жазушылар арқылы
81
жүзеге асып отыр. Олардың қатарынан марқұм Жақсылық Сәмитұлы,
Әзімқан Тышанұлы, Нариман Жабағытайұлы сынды атақты аудармашылар
болды. Жалпы, Шыңжан халық баспасынан жарық көрген «XX ғасыр
Жұңго қазақ аудармашылары» атты жинақта аты атап тұрғандай қазақ-
қытай әдеби байланысын қалыптастырушы, аудармашы ғалымдар жайында
көптеген мәліметтер берілген. Бір айта кетерлігі, қытай әдебиетін қазақ
тіліне аудару мәселесі Қытай еліндегі мемлекеттік саясатқа байланысты
жүйелі түрде қолға алынған. Яғни бұл күнде қытай тілінен қазақ тіліне
аударылып жатқан дүниелер ұшан теңіз. Сан ғасырлық қойнауында жатқан
Қытайдың патшалық дәуірдегі әдебиетінен тартып, кешегі XX ғасырдағы
Қытай әдебиеті де негізінен қазақ тіліне аударылып, өз оқырмандарын
тапты. Сол қатарда қытай халқының шоқтығы биік туындылары Сау
Шуечиннің «Қызыл сарайдағы түсі», «Ло Гуанжұның «Үш патшалық
қисасы», У Чыңынның «Батысқа саяхаты», Шы Найан мен Ло Гуанжұның
«Су бойындасы» және «Таң дәуірінің таңдамалы өлеңдері» қазақ тіліне
аударылды.
Дипломатиялық қарым-қатынастар орнаған кезден бастап Қытай мен
Қазақстан арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық белсенді дамып келе
жатыр. Екі елдің үкіметтері білім, мәдениет және өзге де салалардағы
ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды. Жиі кездесулер
механизмі тиімді жұмыс жасап жатыр, өңірлер мен екі елдің халқықтары
арасындағы достастық байланыстар қарқынды дамып келеді. Білім саласында
екі елдің ведомстволары көп-қырлы ақпараттық және дербес тәжірибе
алмасуларды жүзеге асыруда, оның ішінде тілдік сала да бар.
Қазақстандық ақпарат құралдары ҚХР Мәдениет министрі Цай У мен
сұқбаттасқанда, екі елдің қарым-қатынасы жайында былай деген еді:
«Қытай мен Қазақстан ежелден тату көрші, біздің елдерімізді Ұлы Жібек
жолы тығыз байланыстырып тұрды. Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған
сәттен бастап екі елдің қарым-қатынасы сәтті даму үстінде, әрі оның
маңызды бөлігі мәдени байланыстар да айтарлықтай дамуға қол жеткізіп
отыр. 2005 жылы құрылған мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық
жөніндегі қытайлық-қазақстандық комитет жыл сайын тұрақты өтіп келеді.
Соңғы бірнеше жылдың ішінде екі тарап та бір-біріне өздерінің үздік
ұжымдарын жіберіп, мәдени күндерін, кино апталықтарын өткізіп, ірі мәдени
іс-шараларға мұрындық болды».
Жалпы айтқанда ұзақ тарихы Қытай әдeбиeті дүние жүзіндегі аса бай
әдeбиeттeрдің бірі болып табылады. Ғалымдардың пайымдауынша қазіргі
қытай әдeбиeттану ғылымында қытай жазба әдeбиeтінің үш мың жылдық
тарихы бар дeп болжамдар айтады. Шынымен де қытай әдeбиeтінің ескі
нұсқаларының көп бөлімі oсы заманға жeтіп oтыр. Сондықтан қытайдың
бай әдeбиeті өз ұлтының баға жетпес құндылықтары болып табылады.
Қытай мен қазақ бұрыннан бері көрші болып келе жатқан елдер. Осы
жылдар тоғысында екі елдің арасында әдеби және мәдени байланыстар
болғаны рас. Жалпы, әдеби байланыс – белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да
әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Әдебиет әлеміндегі рухани
82
алмасулар – көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы.
Бүтіндей алғанда, әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны
зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі әдеби байланыстың да
бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды [1].
Қытай мен Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары
халықтардың рухани мәдениетін байытып, проза мен поэзияда өшпес ізін
қалдырды. Қытай-қазақ халықтарының өзара байланыстары халықтардың
рухани мәдениетін дамытып, әдеби салаға көп септігін тигізді.Таң дәуірінің
өлеңдері қытай поэзиясының алтын ғасыры саналып, оны қытай поэзиясын
дамытқан жаңа мазмұндар мен үлгілерге бай поэзия деп атап кетуге болады.
Ал бұл жаңа мазмұндар көрші халықтармен тығыз мәдени байланыстан
пайда болған еді. Бұл байланыстың әсерін біз Қытайдың атақты
ақындарының шығармаларынан көре аламыз. Солардың ішінде, Таң дәуірінің
жарық жұлдызы Ли Бай өлеңдерінде Орталық Азия халықтарының өмірін,
тұрмыс-тіршілігін, тамаша табиғатын суреттеген өлеңдер аз емес[2,167 б. ].
Ли Байдың шығармалары қытай поэзиясындағы романтизмді дамыта
түседі. Оның «Тянь-Шанның ай жарығы» атты шығармасы өте әйгілі. Мұнда
ақын жарық ай Тянь-Шанның көрініп, теңіздей қою тұман тауларды баурап
тұрғанын, жел ұзақтан соғып, Үймын қақпасына жеткендігі туралы жазады.
Бұдан біз ақынның Тянь-Шань тауының сұлулығын суреттегенін көре
аламыз. Сонымен қатар,У-Ди патша әскер жинап, Байдынға аттанғаны, осы
кезде Батыс өңір адамдары Цинхай көліне үнсіз қарап тұрғаны бейнеленеді.
Ақын соғыстың ауыр зардаптары мен жарларын күткен келіншектердің
мұңын Тянь-Шанның бұлыңғыр табиғаты мен тауды қаптаған қою тұманмен
бейнелейді. Мұндағы тұман белгісіздіктің белгісі. Себебі соғысқа кеткен
жауынгерлердің өмірі белгісіздікке толы, олардың қайта оралатыны да екі
талай [ 2, 167 б. ]
XIX ғ. екінші жартысынан бастап қытай әдебиетінде біраз өзгерістер
болса да, қытай қазақтары арасында сақталған ауыз әдебиеті мен сол кезеңге
дейінгі жазба шығармалары қазақ әдебиетінің құрамдас бөлігі болып
табылады. Қытайдағы қазақ әдебиеті өз алдына дербес даму арнасы ретінде
сол елдегі әкімшілік өзгерістерге сай, өз кезеңдерінде дамыды. Қытайдағы
қазақ әдебиеті осы кезеңдер тудырған заман талабына сай қалыптасты. Оның
ішінде жалпы қазақ әдебиетінің XX ғасырдың басына дейінгі кезеңінде
қалыптасқан
шығармашылық
дәстүрі‚
тәуелсіздік‚
ұлт-азаттық
сарындарымен қатар, Қытай коммунистік идеологиясының мүддесін
көздейтін әдеби ағымдар да көрініс тапты. Қытайдағы қазақ жазба
әдебиетінің алғашқы өкілдері Өмірұзақ (1830 – 1929), Отарбай (1834 – 1914),
Төлебай Бөжек (1857 – 1931) ақындар болып саналады. Көптеген басқа да
қаламгерлер қытайдағы қазақ әдебиетінің дамуына белсенділік танытты.
Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін қытайдағы қазақ
әдебиетінің бағыт-бағдары өзгеріске ұшырады. Көп шығармалар жазылды.
Қажығұмар Шабданұлының «Жат ұрпақ», «Өгейдің күні» жыр-дастандары,
«Бақыт жолында», «Жарқын қыз» атты әңгімелері, «Қылмыс» романдары
дүниеге келді. І.Оспанұлының (1924 – 1999) «Шаттық жыры», «Тянь-Шань
83
жырлары», «Меруерт» атты өлеңдер жинағы Қытайдағы қазақ әдебиетіне
қосылған бағалы еңбектер болып есептелінеді.
Қытайдағы «мәдени төңкерістен» кейін, тарихи тақырыпты жазылған
роман жанры өз нәтижесін берді. Ж.Мырзаханұлының «Арман асуында»,
«Таңқурай», О.Ахметұлының «Өзгерген өңір», «Көкбелес», «Құмдағы іздер»,
О.Әбділұлының
«Ұстаз»;
Ж.Біләлұлының
«Жондағы
жорықтар»,
«Торғайлар», Т.Ырыскелдіұлының «Тасқын», «Тау тағысы», «Ұлы көш»,
Ғ.Қанапияұлының «Бұрқасын», Ш.Құмарұлының «Бөке батыр», «Көз жасы
сарқылмайды», «Ертіс кілкіп ағады» және көптеген тағы басқа романдар
соңғы жылдардың бағалы туындылары болып табылады. Қытайдағы қазақ
әдебиеті қорында қазіргі уақытта 100-ден астам роман, 600 хикаят, 900-дей
өлеңдер жинағы, 150-ге жуық әдеби-сын кітаптары бар.
Қазақ қаламгерлерінің көптеген шығармалары қытай, ұйғыр, моңғол,
қырғыз, ағылшын, корей тілдеріне аударылды. Сонымен қатар Қытайдағы
әдебиеттің жетекші өкілдері Күңзы, Мыңзы, Ли Бәй, Ду Фу, Лу Шүн, Мау
Дүн, Лау Шы, Ба Жин, Сау Иүй, Жанбозан, Уаң Мың секілді сөз
зергерлерінің шығармалары қазақ тіліне тәржімаланды. Қытай тілінде
жазатын Әкбар Мәжитұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Шәріпхан Әбдәлиұлы,
Қайша Тәбәрәкқызы, тағы басқа ақын-жазушылар жетілді. 1950 жылдардан
бастап қазақ фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыру ісі
жүйелі түрде қолға алынды.
Осы аталған әдеби байланыстар екі елдің татулығын жақындастырып,
одан әрі қарай қазақ пен қытай арасындағы әдеби байланыстарын дамытуына
септігін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Абдраимова Н. Қытай мен Орталық Азия халықтарының проза мен
поэзиядағы өзара әсерлері //халық.ғылыми-теориялық конференция
материалд.- Алматы, 2009.
2. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы. –Алматы, 2003.
Резюме
В данной статье рассказывается о проделанной работе двух стран в
области литературы, а также литературно-культурных отношениях Китая и
Казахстана и их дальнейшие развития.
Summary
The diplomatic relations between China and Kazakhstan and connections in
literature between two countries are considered in this article.
84
ӘОЖ 801.73
М. ШАХАНОВТЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ
Нұрғазиев Таңат - Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
Аңдатпа. Мақалада М. Шахановтың тілдік тұлғасы қарастырылады. Біз
білетіндей, мәдениетті жасаушы және онда өмір сүруші адам, тұлға. Тұлғаны
зерттеу барысында адамның әлеуметтік табиғаты алдыңғы қатарға шығып,
адамның өзі әлеуметтік мәдениеттің субъектісіне айналады. Осы орайда
ақынның тілдік тұлғасын зезрделеу арқылы ұлттық мәдениетпен қатар әр
ұлттық болмыс ұғымына түсінік беріледі.
Кілт сөздер: тілдік тұлға, М. Шаханов, концепт.
Аннотация. В статье рассматривается языковая личность поэта М.
Шаханова. Как известно, творит культуру и живет в ней человек, личность.
Именно в личности на передний план выходит социальная природа человека,
а сам человек выступает как субъект социокультурной жизни. Рассматривая
поэзию поэта на уровне речевой личности проявляются как национально-
культурная специфика языковой личности, так и национально-культурная
специфика самого общения.
Ключевые слова: языковой личность, М.Шаханов, концепт.
Аnnotation. The article considers the linguistic identity of the poet
M.Shakhanov. As is well known, creates culture and lives of persons, personality.
It is in the person comes to the forefront the social nature of man, and the man
himself appeared as the subject of social and cultural life. Considering the poetry
of the poet at the voice of the person appear as cultural identity of linguistic
identity and cultural identity of the communication.
Keywords: linguistic identity, M.Shahanov, concept.
Бүгінгі күні тілді адам арқылы, ал адамды тіл арқылы зерттеу
лингвистикалық заңдылыққа айналып отыр. «Антрополингвистиканың
ғылыми бағдарламасы көп аспектілі, сонымен бірге өзара шатасқан
түрде жүзеге асырылады [1;17]», - дейді тілші Ш.С. Ниятова.
Ғылымның тарихы мен философиясын арнайы зерттеген Томас
Кун өзінің «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген әлемге әйгілі
еңбегінде: «Әр тарихи дәуірге тиесілі ғылым атаулының негізінде ірге
теуіп, әбден қалыптасқан ғылыми әдіс-тәсілдердің, базалық ұғымдардың
өзгерісі, яғни " парадигмалардың" ауысуы - заңды құбылыс [2;49]», -
деген шешімге келген.
Бұл аталған парадигмалық өзгеріс бүгінде барлық әлеуметтік-
гуманитарлық ғылым салаларына, соның ішінде тіл туралы ғылымға
тікелей қатысты болып отыр. Өйткені қазіргі кездегі лингвистиканың
85
(мейлі жеке, мейлі жалпы тіл білімі болсын) басты мақсаты - тілді тіл
үшін зерттеу емес, адамды тануға негізделген.
Осыған орай, тілтаным іліміндегі антропологиялық парадигманың
пайда болуы нәтижесінде - тілдің барлық мүмкіншілігін сан - салалы
қырынан айқындау арқылы сол тілді тұтынушы субъектінің, яғни
жоғары деңгейлі сана-сезім мен қоғамдық-тарихи, мәдени тіршіліктің
иесі - адамның рухани болмысын тереңірек тануға жол ашылды [3;14]», -
дейді тілші Сұлтан Жайық Исаұлы.
Расында да антропоцентристтік бағыттың зерттеу аспектілері кең
болғанымен, ондағы мәселенің бәрі тілдік ұғымына шоғырланады. Тілші
Ю.Н. Караулов: «Тілдік тұлға тілдің ар жағынан басталады [4;25]», - дейді.
Осы орайда, М. Шаханов поэзиясын тілдік тұлға тарапынан талдау
мақсатында тілдік тұлғаның не екенін анықтап алғанымыз жөн.
Тілді тұлға тарапынан сипаттау, өзінің бастау арнасын дәуірінің озық
философ-ғалымы В. фон Гумбольдттан бастау алады. Ол тілді адамның
ішкі жан дүниесінің мүшесі (органы) деп танып, халық пен тілді өз
түсінігі бойынша екі түрлі құбылыс деп, өзара тығыз байланыстырған
болатын. Одан бертін келе, структуралық тіл білімінің бастау
арналарында тұрған А. Бодуэн де Куртенэ, «Мәскеу лингвистикалық
мектебінің» өкілі болған академик А. А. Шахматов сынды ғалымдар бұл
зерттеуді жалғастырады. Алғаш рет «тілдік тұлға» терминін қолданған
«Кеңес тіл білімінің» көрнекті ғалымы В.В.Винаградов болды. « Тілдік
тұлға» атауын ғалым «О художественной прозе» (1930ж.) атты еңбегінде
дүниеге алып келді.
Бүгінгі күні, « Махамбеттің тілдік тұлғасын» зерттеп жүрген тілші
Ш.С.Ниятова тілдік тұлғаға: «негізгі базалық ұғым» деген атау бере отырып,
поэтикалық шығармалардың тілдік тұлға ұғымын аша түсу үшін келесі
ерекшеліктерді ескерген жөн деп санайды.
Психологиялық белгілерді (лингвопсихология);
тілдік тұлғаның философиялық алғышарттарын (ғалам бейнесі);
этноұлттық ерекшеліктерін;
әлеуметтік-сипаттама мінездемелерін;
тарихи-мәдени түпбастауларын айқындауды қажет етеді [1;24]», -
дейді.
Бұл ерекшеліктердің шешімін «тезарус» ұғымының өне бойында
жататынын
айта
кетіп,
тілші:
«Тілдік
тұлғаның
тезарустық
(лингвокогнитивтік) деңгейі автордың поэтикалық контекстегі сөздерге
толық талдау жасауға, олардың мағыналық реңктерін барынша
айқындауға, жалпы тілдік біпліктердің ақынның сөз саптауында қандай
өзгерістерге ұшырайтындығын, әр түрлі айшықтала бедерленуін,
түрленуін көрсетуге мүмкіндік береді. Күрделі де көп қырлы «тезарус»
ұғымы - бір жағынан ғаламның идеалды бейнесі деп, екінші жағынан
адамның білімдері жүйесі ретінде түсіндіріле отырып, лексикалық
құрамды (сөздік қорды) ұйымдастыру тәсілі ретінде көрінеді» [1;6] , -
дейді. Яғни, ақын немесе жазушының сөздік қорының ұйымдастырылуы
86
арқылы оның дүние танымын, түсінігін, болмысын білуге болады деген
сөз. Енді, сол зерттеліп отырған ақын немесе жазушы шығармалары
арқылы «тілдік тұлғаны» қалай пайымдап, екшелеп алуға болады деген
сұраққа, осы терминді алғаш қолданған ғалымға жүгінеміз.
Көрнекті ғалым В.В. Виноградовтың пікірінше: «Жазушының әр
жылдары жазылған, жарық көрген туындыларын бір жазықтыққа
орналастыру мүмкін емес. Олар хронологиялық тәртіппен сипатталуы
тиіс, өйткені, ақынның барлық шығармалары, іштей компазициялық
тұтастықта болуына және әрқайсысының айырмасына қарамастан, бір
ғана поэтикалық сананың органикалық дамуында алынған көріністер ғой.
Олар сөнген индивидуалдық сананың шығармашылық еңбектерінің
жемісі, қатып қалған ескерткіштері іспетті [5;38-40]», - дей келе ғалым,
«тілдік тұлғаның» тұтастығы мен хронологиялық принципін аңғартады.
«Тілдік тұлға» ұғымының тіл ұстанушыны ма, әлде, тілге
антропоцентристтік тұрғыдан жасалған талдауларды айтамыз ба деген
сұрақтың бүгінгі күні туғаны заңды құбылыс. Бұл сұраққа тілші
Ш. С. Ниятова: «Тілдік тұлға деп, бір жағынан, кез-келген тіл
ұстанушыны айтсақ, екінші жағынан, тілдің жүйелік ұғым-түсініктерін,
мәтіндерді функционалды талдаумен қосатын (бірліктерін) индивидтің
тілдік қабілетін сипаттаудың кешенді тәсілін түсінеміз [11;15]», - дейді.
М. Шахановтың өлеңдері сан-салалы тақырыптарға құрылған.
В. В. Виноградовтың пікірін ескере отырып, өлеңдердің жазылу
жылдарына көңіл бөлген кезде, осы жұмыста аталатын концептілер
тізбегі шығады. Олар арқылы ақынның «тілдік тұлғасын» байқау қиын
емес.
Өзіндік ой орамдары мен әсерлі шыққандары «кәрілік, жастық,
махаббат, сатқындық, достық, намыс, бақыт» тақырыптарында жазылған
өлеңдер.
«Сан ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан
мәдениетіміздің тілдегі көрінісі уақыт өте келе тіл қолданысынан
шығып, немесе мағынасы күңгірттене бастаған тілдік белгілермен қатар,
заман ағымымен өзгеріске ұшыраған ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы, тарихы, этнографиясына тілші, мәдениеттанушы ғалымдар
тарапынан нақты ізденістерді талап етеді» [6;3], - деп тұжырымдаған тілші
Ислам Айбаршаның пікірін ескеріп, халық болмысының психологиясы
мен танымдық деңгейін ақынның «12 – 3 = ?» поэмасынан байқауға
болады.
«Ертеде бір хан билепті, қайсар әрі қайратты,
Қартайса да шапқан аттың құлағында ойнапты »
деген өлең жолдарында кездесетін «хан» сөзі мен «аттың құлағында
ойнау» тұрақты тіркесі түркі тілдес елдердің, оның ішінде қазақ
халқына етене жақын. Оған мысал, ХІХ ғасырдың жыраулар поэзиясы
бола алады:
«Ханның бағы таярда,
87
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар.» (Базар жырау) немесе,
«Айтысқа амандасып түстік міне,
Кеп отыр жүйрік аттай ойқастағым» (Айтыс).
Ақынның сәтті болып шыққан эпитеттері қатарында дәстүрлі «ақша
бұлт, құзар тау, жойқын ауа» т.б. болса, ақынның өзіндік сөз
қолданысындағы эпитеттер қатарында «тарпаң тағдыр, асау ой, бейқам
ел» т.б. атап өтуге болады. Р. Сыздықованың: «Суреткердің, айталық,
ақынның поэтикалық тілін зерттеуде өз алдына бөлініп шығатын дербес
тақырып - ақынның өзіне тән көркемдік қолтаңбасы. Бұл орайда ақын
тіліндегі сөз – символдарды, өзі сүйіп, жиі пайдаланған троптарды және
өзге тіл элементтерін эстетикалық қызметте жұмсауының принциптерін,
стильдік ерекшеліктері арқылы көрінетін «автор образын» ашып талдау
қажет болады [7;224]» , - деген сөзін ескере отырып, келесі
тұжырымдарға тап боламыз.
М. Шахановтың өзіндік тұлғасы батыр адам, әр жылдары шыққан
«Сенім патшалығы», «Нарынқұм зауалы», «Жалын», «Махаббатты
қорғау» өлеңдері мен поэмаларынан көрініс тапқан;
Ақынның адам өмірінің әр кезеңіне тоқталып, тарих желкенінде
түйілген сан түрлі оқиғалар мен қоғамдық формацияларға өзіндік берген
бағасы мен тұжырымына қарап отырып сөз зергерінің философтық қырын
байқаймыз. Өлеңдері мен поэмаларында ол «Шыңғыс ханның қателігі
немесе жеңілген жеңімпаз халқындағы Отырар дастаны», «Күре тамырды
іздеу», «Құрметсіз, шыншыл тұлғалар немесе Түрік қағанатының құлауы»,
«Алтын, күміс және қалайы» сынды туындылардан көрініс тапқан.
Адам жанының сан-қилы құбылыстарын, эмоциялық сілкіністерін
әуенді, әсерлі жырлаған ақынның лирик екеніне көзіміз жетеді. «Алғашқы
махаббатқа хат», «Оралу», «Жанерке» сияқты жалынды жырларындағы
қолданылған суреттері өзіндік мінезі мен бояуға бай:
«Асығады пойыз алға, ойнап ерке желменен,
Сол пойызда қыз келеді бақытына шөлдеген».
Қорыта айтсақ, шығармадағы қолданылған жекелеген сөз
қолданыстар арқылы сол шығарманы жазып отырған адамды және адам
арқылы сол шығарманың жазылу себебі мен ерекшеліктерін байқауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |