С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет52/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

(Аспанды сәулелендіруші) 
айналған кӛз жасы тӛгіледі.
Шығыстың басқа діндері сияқты, синтоизмде де белгілі бір нақты 
қызметтерді орындайтын сансыз қҧдайлар бар. Таулардың, ӛзендердің, 
ормандардың, жаңбырдың және т.б. қҧдіретті кҥші қҧрметтеледі. Ата-
бабалардың жат дҥниеге сіңсе де, жер бетіндегі оқиғаларға әсерін тигізетін 
ғибадаттары аса маңызды орынға ие. Жапонияда кӛптеген қҧдайлардың 
қҧрметіне қҧлшылық ету және ақшалай немесе тағамдар тҥрінде тасаттық 
берулер жҥзеге асырылатын мыңдаған ғибадатханалар салынған. 
Абыздардың лауазымдары атадан балаға аманат ретінде беріліп отырған.
Синтоизм таза тҥрінде жоққа шығарылатынын атап айтқан жӛн. 
Мәселе, Жапонияға сіңген буддизм мен конфуциандық діндерінің 
синтоизммен етене жалғасқаны сонша, олардың арасындағы шекара аса 
шартты сипаттамада болады. Мысалы, синтоистік қҧдірет кҥштері 
буддисттік пантеондардың әр тҥрлі қҧдайларының нақтылы тҥрде 
кӛрсетілуімен танылады. Әдетте, жапондықтар екі дінді бір мезгілде 
ҧстанады. Балаға ат қою, неке қию рәсімі, императорларды таққа отырғызу 
және басқа да салттар синтоистік ғибадатханаларда жҥргізіледі, ал, жерлеу-
ас беру рәсімдері буддистік ғибадатханаларда буддистік ырымдар бойынша 
орындалады.
Синтоизм буддизм дінінен жапондықтардық ҧлттық рухтағы 
тӛмендегі ережелерін тікелей пайдаланысқа алған: 
а)
оқытушы мен оның білімдерінің сӛзсіз беделі; 
б)
мақсатқа жету барысындағы психотехника және ӛзін-ӛзі бақылау; 
в)
білімге мен оқытушыға жан-тәнімен берілу. 
Синтоизм және буддизм синтезі 
(дзен-буддизм)
самурайлар 
(жауынгерлер) кодексін қалыптастырды. 
Самурайлар
 
қоғамның ерекше 
табы, оларға ержҥректілік, ӛзін-ӛзі қҧрметтеу сезімі, отбасы мен абыройы 
ҥшін ӛзін-ӛзі қҧрбандыққа шалуға дейін бару, ӛз патшасына ессіз берілу 
қаситтері тән. 
Ӛлім аузына тҥсетін самурайлар о дҥние туралы ойламаған. Олар 
ҥшін ең бастысы – тірілердің есінде мәңгі қалу, ӛлімнің ӛзі болмашы 
тҥрінде, яғни, жанның бҧ дҥниеге жаңа тәнге қонып, қайтадан жандану 
тҥрінде қабылданады.
Синтоизм буддизм дінінен ең керемет жақтарын ала отырып, 
жапонддардың ерекше ӛсиеттерін қалыптастырды, оның ең мәнді 
сипаттамаларына әсемдік, сыйластық, ӛзін-ӛзі шектеу, еңбек пен адалдыққа 
ҧмтылыс жатады.
Синтоизм діні конфуцийлықтардан ӛзінің қорғаушысына, отбасына 
және туысқандарына адалдық таныту қасиетін алған. Сонымен қатар, 
олардан ата-бабаларға, ақсақалдарға, ҥлкендерге табынушылық қасиеттері 
дарыған.


55 
Синтоизм жапондық ҧлтшылдықтың символы болған және әлі бҧл де 
сақталып келеді, ол императорға, Отанына жан-тәнімен берілгендігін, 
ҧлттың ерекше екендігін мойындауды қамтиды. Бҧл ӛмірде жапондықтың 
фирмаға бір рет орналасып, қартайған шағына дейін сол жерде қалып
жҧмыс істеуінен кӛрінеді. Фирмада мҧндай қасиеттер қҧндылығына қарай 
бағалаланды, сондықтан да, жапондық кәсіпорындарда жҧмыс кҥшінің 
тҧрақсыздығы жоқ.
Сонымен қатар: жапондықтар – ҧлы плагиаторлар. Олар біреудің 
идеяларын, ойларын және тәжірибелерін шын кӛңілмен ӛз тәжірибелеріне 
енгізеді. Онда ешбір пайдалы зат жарамсыз болып қалмайды. Тҧрақтылық, 
ӛзінің ҧлттық ерекшелігін жоғалтпай, ӛмір сҥре білу, басқа мәдениетті 
қҧрметтеу, жҧмысқа қабілеттілік, адалдық, әдептілік – жапондық 
ерекшеліктің ажырамас бӛлігі ретіндегі синтоизмнің соңғы іс жҥзіндегі 
жалғыз кӛрсеткіші емес.
Синтоизмнің табынушылық жағын қарастыратын болсақ, онда оның 
жҥзеге асырылуы шартты тҥрде келесі элементтерге бӛлінеді: 

шіркеулік синтоизм, онда барлық шаралар жалпы жапондық 
қҧдайларға арналған; 

ҥй синтоизмі, онда барлық шаралар отбасы (ру) шеңберінде жҥзеге 
асырырылады және ең бастысы, Аматэрасу қҧрметіне арналып діни 
ырымдар орындалады; 

ҧлттық синтоизм, ондағы рәсімдер шіркеуден, отбасынан бӛлек 
орындалады және кез-келген жергілікті қҧдайлар мен рухтардың қҧрметіне 
арнайы бағышталады; 

секталық синтоизм, ол әр тҥрлі мектептері мен дәстҥрлерінің 
болуымен сипатталады, олардың әрқайсысы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет