С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет79/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

«схоластика»
(латынша - schola-
мектеп) 
атауына ие болды. Схоласттар жаңа ақиқатты табуға талпынған 
жоқ, керісінше, философиялық кӛзқарастағы танымал діни, нақтырақ 
айтқанда, библиялық ережелерді дәлелдеуге кҥш салды. Олар сол 
кезеңдерде Еуропаның білім беру орталарында кең тараған Аристотель
философиясын жоққа шығара алмады, содан соң, аристотелизм мен 
христиандықтың 
теориялық 
синтезін 
жҥзеге 
асыруға 
тырысты.
Схоластиканың атақты ӛкілі болып Фома Аквинский саналды. 


78 
Ортағасырлар келесі жҥзжылдықтарда ӛз жалғасын тапқан білім беру 
жҥйесіне себепкер болған. Әңгіме XIII ғасырдың басында пайда болған 
университеттер жӛнінде болмақ. 
«Университет»
термині алғашқыда 
студенттер мен оқытушылардың қала мен тҧрғындар тарапынан тіл 
тигізулерден қорғайтын корпорацияны білдірді.
Ең атақты университеттер қатарында Париж, Болон, Оксфорд және 
Кембридж университеттері болды, онда қҧдайға қҧлшылық ету, қҧқық, 
медицина, математика, философия, астрономия, риторика және музыка 
пәндері оқытылды. Ол жерде «бакалавр», «магистр», «доктор» сияқты 
ғылыми дәрежелер берілген. Сабақ латын тілінде ӛтті, емтихандар кӛпшілік 
алдында ауызша және жан-жақты тҥрде тапсырылды. Әр университеттің 
белгілі бір қҧқықтары мен артықшылықтары болды, ӛз мәртебелерін 
бағалады және сол заманға лайықты алдыңғы қатарлы мамандарды 
даярлады.
XV ғасырдың басына қарай Еуропада барлығы 75 университет болды. 
Осының арқасында мамандарды даярлау монастырлар мен соборлар 
жанындағы мектептерден анағҧрлым жоғары және кӛпшілік дәрежеге 
ауыстырылды.
Ортағасырлардағы католиктік шіркеулердің қуаттылығы айқын 
болатын. Алайда, шіркеуге ҥнемі сырттан және іштен қауіп тӛніп отырды. 
Католиктікті дҥр сілкіндірген ең басты ӛзгерістердің жаршылары Дж. 
Уиклиф, Ян Гус және Савонарола болып табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет