79
Католиктік биліктің қҧлауына билеушілеріне папа билігі қиындық
тудыратын жаңа ҧлттық мемлекеттердің, сонымен қатар, бҧл мемлекеттерде
қарқынды жаңа буржуазия топтарының пайда болуы әсер етті. Дәл осы
топқа тарихтың келесі беттерін жазуға тура келді.
Қайта ӛркендеу дәуірі мен Жаңа кезеңдегі христиан діні (XVI-XIX
ғғ.).
XVI ғасырдың басына қарай ескі ережелерді орындауға мҥмкіндік
бермейтін оқиғалар туындады.
Біріншіден, Христофор Колумб пен Магелланның жаңалықтарының
арқасында жақсы ӛмір сҥру мен байлыққа он мыңдаған адам ҧмтылған.
Дҥние туралы тҥсініктері ӛзгерді, еуропалықтар мҥлдем басқаша мәдениет
тҥрлеріне кез болды.
Екіншіден, Еуропа картасында билеушілері
папаға бағынудан бас
тартып, керісінше, ӛз мемлекеттерінің шегінде шіркеуді билігіне алған
ҧлттық мемлекеттер пайда болды.
Ҥшіншіден, маңызды экономикалық ӛзгерістер туындады: сауда
халықаралық
саудаға айналды, жаңа еңбек нарықтары туындап, ӛндірістік
революция дами бастады, қоғамда жаңа әлеуметтік топтар пайда болды.
Тӛртіншіден, әлеуметтік ҧтқырлықтың қарқыны мен масштабы кҥрт
артты, жер иеленушілік қҧқығы жойылды және адамның жеке қасиеттерін
кӛрсетуге жол ашылды.
Осылайша, ортағасырлық феодалдық қоғамның
статикасы ерте капиталистік қоғамның қарқынды дамуымен алмасты.
Римдік-католиктік
шіркеудің
папаға
жан-жақтан
ҧсынылған
реформалардан бас тартуы ерте ме кеш қандай да бір нәтиже беруі тиіс еді.
Мҧның нәтижесі болып 1517 жылдың 31 қазанындағы оқиға еді, ол кезде
августиндік-монах, қҧдайға қҧлшылық етуші дәрігер және епископ М.
Лютер индульгенция саудасы кӛмегімен арсыз және озбыр тҥрде ақша
алуды айыптаған 95 тезисті жарыққа шығарды. Индульгенция деп әр тҥрлі
бағадағы
арнайы бланктер аталды, оны сатып алған кҥнәхарлар ӛздерінің
кҥнәларының кешірілетініне сенімді болған.
Шіркеу М. Лютерға қарсы тҧруға тырысты, бірақ бҧл әрекет ешбір
нәтиже бермеді: кҥрес логикасы христиан дініндегі католиктік және жаңа
бағыт арасындағы кейіннен
Достарыңызбен бөлісу: