80
5.
Монахтық – адамның табиғи заңдылығынан тыс кҥйі: дін басылары
неке қиюға қҧқылы.
6.
Әрбір христиандық Қҧдайдың рухани әулиесі болып табылады,
оған делдардардың қажеті жоқ және ол дҧға арқылы Қҧдаймен
тікелей
тілдесе алады.
Мартин Лютердің ӛлімінен кейін, оның идеялары Германия
шекарасынан тыс жерлерге дейін тамыр жайды.
Дегенмен, лютериандық
протестантизмді христиан дінінің біртҧтас тармағына айналдыратын ӛзегі
бола алмады. Қатаң даулар протестантизмді кӛптеген жеке ҧйымдарға
ажыратты. Хронологиялық ракурста олардың
пайда болуы келесідей
тәртіппен бейнеленеді:
1522 жыл, Швейцария.
Пастор Уильям Цвингли
цвинглиандық
атауымен белгілі шіркеудің негізін салады.
Цвингли әрекеттерінің
нәтижелері келесідей болды: монастырлар жабылып, индульгенция саудасы
тоқтатылды, ғибадатханалардан иконалар мен крестер, мҥсіндер мен
алтарьлар, органдар мен қоңыраулар және т.б. алынды. Қҧдайға қҧлшылық
етудің қарапайым жолдары табылды, ол тек уағыз айту, дҧға тілеу және ән
айтумен шектелді. Азаматтар ҥшін екі діни салт – шоқындыру және тҥрлі
салттық рәсімдер орындалды. Діни қызметкерлер сайланып, тағайындалды
және діндарлардың жиналысында қызметтерінен алынды, шоқындыру, неке
қию, жерлеу рәсімдерінің ақысын тӛлеуге тыйым салынды.
Достарыңызбен бөлісу: