С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет103/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Мəдениеттің дамуы. Өнеркəсіптің дамуы, мануфактураның 
құрылуы, техникалық жетістіктер, сондай-ақ алыс елдерге жүзу 
арқасында дамыған сыртқы жəне ішкі сауданың нығаюы — осының 
бəрі Қытай жұртшылығының ғылым-білімге құштарлығын арт-
тырып, мəдениет пен өнердің дамуына ықпал етті. Сонымен қатар 
Қытайда ескі білім беру жүйесі, ресми чжусиандық идеология, 
ортағасырлық мистика мен схоластика үстемдік құрып қала берді.


254
255
ХV ғасырдың басында Қытай ғұламалары бұрынғы атам за-
маннан бері жинақталған білім жүйесін қамтитын көлемі жағынан 
алып энциклопедия жасады. Ол астрономия, медицина, мате-
матика, биология, тарих, философия, дін, ауылшаруашылығы 
жөніндегі шығармалардан құрылды. Ол император Юнлэ тұсында 
жасалғандықтан «Юнлэ да дянь» деп аталды. ХVІ жəне ХVII 
ғасырларда бірнеше салада сөздіктер /словари/, оның ішінде 
ауылшаруашылық энциклопедиясы жасалды. Медицина саласында 
біраз табыстарға қол жетті. Əсіресе Ли Шичженьнің фармакология 
мəселелеріне арналған «Бэн цао ганму» деген еңбегі кеңінен таны-
мал болды. Ли Шичжень бұрыннан белгілі өсімдіктермен олардың 
шипалы қасиеті жөніндегі толып жатқан мəліметтерді жинап, рет-
ке келтіріп жазып, медициналық білімнің дамуына зор үлес қосты. 
Чжан Чжунцзин деген оқымысты сүзек емдеу жөнінде зерттеу жаз-
ды.
Географиялық мəліметтер мен Қытайдың толық, дəлме-дəл кар-
тасы пайда болды. Тарихшылар тарихи шығармаларды онан əрі 
жалғастырып, байыта түсті. Жаңа типті тарихи материалдар — ме-
муарлар өмірге келді. Оңтүстік-батыс Қытай халықтары мен тайпа-
ларына арналған тарихи шығармалар көбейді. Кейбір шығармаларда 
ресми ғылым мен идеологияны сынау кездесе бастады. Ол сын 
қарама-қарсы тұрғыдан жасалды. Көрнекті ортағасырлық философ 
Ван Янмин /1472—1528/ адамның ой-өрісі, қоршаған өмір жайлы 
пікірі өзіне, оның туғандағы ақыл-ойының мөлшеріне байланысты 
болады деп, конфуциандық шындыққа күмəн келтірді. Ван Янминнің 
көптеген  жақтастары  болды.  Оның  ішінде  ресми  идеологияның 
Ли Чжи /1527—1602/ сияқты батыл сыншылары бар еді. Оны сын-
шыл көзқарасы үшін үкімет жиі-жиі қудалауға салды. Чжусиандық 
конфуцишілдікті, идеалистер мен мистиктерді материалистер өткір 
сынға алды. Олардың өкілі Хуан Цзунси /1610—1696/ үнемі өзгеріске 
ұшырап отыратын дүниенің негізінде материалдық субстанция жа-
тады деп санады.
Көрнекті философ-материалистердің бірі Ван Чуаньшань /1619—
1692/ болды. Ол материяның мəңгілігі, дене мен қозғалыстың бірлігі 
туралы теорияны жасады, ол табиғат қозғалыста байқалады деп 
санады. Ван Чуаньшань, Хуан Цзунси жəне басқалары жалынды 
патриоттар жəне антифеодалдық қозғалыстың белсенді мүшелері 
болды. Олар басты мəселені-жерді шаруаларға беру арқылы шешуді 
ұсынды.
Өз заманының озық ойлы азаматтарының бірі — əрі тарихшы, 
əрі əдебиетші, əрі социолог Гу Яньу /1613—1682/ болды. Кейін ол өз 
өмірін манчжур басқыншыларымен күреске арнады. ХІV ғасырда 
көркем əдебиетте орын алған жана жанрлар онан əрі дами түсті. Тан 
Сяньцзудың «Пионовая беседка» пьесасы, “Цзинь Пин Мэй” романы 
сияқты көптеген драмалық шығармаларында феодалдық қоғамдағы 
келеңсіз көріністерге қарсы наразылық білдірді.
Осы кезде алыстағы оңтүстік елдеріне саяхат, таулар мен шөл 
далалардағы шытырман уақиғалар жайлы драмалар мен романдар жа-
зылды. ХVI ғасырда будда монахы Сюаньның VII ғасырда Орта Азия 
мен Индияға жасаған саяхатын əсерлеп бейнелеген “Батысқа саяхат” 
деген  атақты  романы  жазылды.  Бейнелеу  өнері  де  онан  əрі  жетіліп, 
дами түсті. Қызықты əдеби шығармалар оның желісіне сай суреттермен 
безендіріліп отырды. Фарфор өңдеу, одан əсем əшекей бұйымдар жасау 
да күннен-күнге жетіле берді. Оған дəлел XVI ғасырда фарфордан 
жасалған «Будда» жəне «Бодистава Гуаньинь» мүсіндері.
Ə д е б и е т т е р: 
1.  Васильев  Л.  С.  История  Востока:  В  2  т.  Т.  1.—  М.:  Высшая 
школа, 1998.— 381—395  бб.
2. История Востока. Т. III. Восток на рубеже средневековья и 
нового времени. XVI—XVIII вв.— М.: Восточная литература РАН, 
1999.— 268—301 бб.
3. Крюков М. В., Малявин В. В., Софронов М. В. Этническая 
история китайцев на рубеже средневековья и нового времени.— М., 
1987.
4. Кычанов Е. И. Кочевые государства от гуннов до маньчжуров.— 
М., 1997.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет