С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет28/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Деканның саяси тарихы. Ерте орта ғасырлардың басында 
Деканда да бірнеше ұсақ феодалдық князьдықтар пайда болды. 
Олардың ішіндегі үлкен рөл атқарғандары — астанасы Канчи қаласы 
болған Паллдар князьдығы мен астанасы Ватапи /қазіргі Бадами/ 
қаласы болған Чалукилер князьдығы болды. Табысты соғыстардың 
нəтижесінде Паллавтар қазіргі Тамил халқы қоныстанған аумақты, 
ал Чалукилер ІІ Пулакешин тұсында маратхи, телугу жəне жарты-
лай каннара халқы орналасқан аумақтарды жаулап алды.
Чалукилер өз қолдарында бүкіл батыс Декан жағалауын ұстады. 
Бұл жақта Индияның Батыспен теңіз саудасын жүргізетін басты порт-
тары орналасты. Тарихи деректер VII ғасырдан бастап Чалукилер 
мен Паллавтар арасында тынымсыз соғыс жүргізілгенін хабарлай-
ды. Соғыс кезінде азып-тозған қауым мүшелері бақуатты жер иелері 
— феодалдардың жеңіл олжасына айналып отырды. Феодалдар 
олардың жерлерін басып алып, өздерінің басыбайлы шаруаларына 
айналдыратын. Кейбір қауым мүшелері соғыс жүріп жатқан жердегі 
үлесін өз еркімен тастап, қашып кететін. Сөйтіп, басқа жақтағы бір 
феодалға немесе дінбасыларына барып паналап, солардың басыбай-
лы шаруаларына айналатын. Көптеген паллавтар мен чалукилік фе-
одалдар соғыс кезінде байыған үстіне байи түсіп, өз сюзерендеріне 


76
77
қарсы шыға бастады. Олармен соғыста алдымен Чалукилер, кейін 
— Паллавтар жеңілді. IX ғасырдың ортасында иелігі қазіргі Берарда 
болған Раштракуттер деген феодалдар Чалукилерді құлатып, X 
ғасырдың аяғына дейін билікті қолдарында ұстады. IX ғасырдың 
екінші жартысында Чола деген феодалдар Паллавтарды құлатты.
Араб жазушыларының айтуынша, Раштракуттер мемлекеті сол 
кездегі Индияның ең күшті мемлекеті болды. Раштракуттер көрші 
Декан князьдарымен, шығыста — чалукилермен жəне чолалар-
мен, канаудждың пратихараларымен, сондай-ақ өз вассалдарымен 
соғысып отырды. X ғасырда, ІІІ Кришна тұсында, Раштракуттер 
Деканның  қиыр  оңтүстігінде  ірі  жеңістерге  жетті.  Олар  бір  кез-
де Цейлоннан да алым-салық жинап тұрды. Тынымсыз соғыстар 
Раштракуттерді əлсіретті. Оны чалукилер пайдаланып қалды. 
Раштракуттер жеңіліп, чалукилер билігі орнады. Чалукилердің 
əскери қуаты XI ғасырдың ортасында өте жоғары дəрежеге жетті. 
Осы кезде олар Мальваның басшысын өз вассалына айналды-
рып, Солтүстік Индияға қарақшылық жорық жасады. Чалукилер 
Канауджды алып, онан соң шығысқа бет бұрды. Қазіргі Ассамға 
дейін жетті. Чалукилер Деканның батысын XII ғасырдың басына 
дейін қолдарында ұстады.
Чалукилер мемлекетімен бір мезгілде Деканның оңтүстігінде 
Чолалар мемлекеті құрылды. Оның аумағы, əсіресе  I Раджендраның 
/1016—1044/ тұсында əлдеқайда ұлғайды. Раджендраның сəтті 
соғыстарының нəтижесінде Чола державасы Оңтүстік Индиядағы 
тамиль жерлерін, Бенгал шығанағы жағалауын өзіне қаратып алды. 
Үлкен флотының күшімен Раджендра Цейлонды, Никобар жəне 
Андаман аралдарын басып алды. Раджендраның мұрагерлері XI 
ғасыр бойы Чалукилермен жиі-жиі соғысып отырды. Бұл соғыстар 
XII ғасырда Чолалар билігін əлсіретті. Халық көтерілістері, сек-
танттар қозғалысы, феодалдар қуатының өсіп, олардың бүліктерінің 
жиілеуі — осының бəрі Чолалар державасын құлатып тынды.
Чалукилер, Раштракуттер, Чолалар патшалары елді ұлы князь 
тектерінен шыққан жəне сарай маңындағы жоғарғы сановниктер-
ден тұратын кеңес арқылы басқарды. Кеңестің бір мүшесі бас ми-
нистр болды. Ол махапрадхан деген титул алатын. Патшаның ең 
жақын көмекшісі, əрі мұрагері — оның баласы болатын. Мемлекет 
облыстарға бөлінді. Облыстар мен округтердің көлемі əртүрлі бол-
ды. Облыс басшыларының билігі де зор еді. Олардың өз əскерлері, 
салық жинау аппараттары болды, облысты басқаруда толық ав-
тономиялы болды. Олардың тəуелділігінің белгісі — сюзереніне 
салық төлеу болды. Сондай-ақ олар жерді сюзереннің рұқсатынсыз 
үлестіріп бере алмады.
Князь қазынасына түсетін феодалдық оброкты жинайтын адам-
дар өлгенде олардың бұл қызметін балалары жалғастыратын. Жақсы 
қызметі үшін жер сыйлау кең етек алды. Ондай жерлер көбінесе 
феодалдық оброктан босатылатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет