С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет30/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

Касталар  мен дін. Индиядағы антифеодалдық күрестің бір 
түрі, басқа елдердегідей, сектанттық қозғалыстар болды. Ол 
қозғалыстар барлық адамдардың құдай алдындағы теңдігі, кастасы-
на байланысты артықшылықтарды жою ұранымен өтетін. Сондай 
секталардың бірі бхакти сектасы болды. XII ғасырда Чалукилер 
мемлекетінде Басава деген діндар лингаяттар сектасын құрды. Бұл 
секта брахмандық дінмен келіспеді. Ол брахмандардың қоғамдағы 
жəне дін саласындағы беделін мойындамады. Кальяни қаласындағы 
діни қақтығыс лингаяттар мен брахман ортодоксиясы арасындағы 
қанды қырғынға ұласты. Оның нəтижесінде Кальяни қаласы толық 


78
79
қирады. Кейбір феодалдар тобы жағынан көрнекті ортағасырлық 
философ, бхакти идеясының насихатшысы Рамануджа қуғындалды. 
Сөйтіп, феодалдар бхакти сектасының негізгі идеяларын байларға 
қарсы бағытталған қауіпті идея деп санады.
Ортағасырлық Индияның бір ерекшелігі — халықтың толып 
жатқан касталарға бөлінуі еді. Оның əрқайсысының феодалдық 
қоғам өмірінде белгілі орны болды. Каста, кейбір оқымыстылардың 
ойынша, еңбектің қоғамдық бөлініс түрі болды. Əр кастаның өз 
кəсібі болды, бұл кəсіп əкеден балаға көшіп отырды, ол кəсіпті 
ауыстыруға  болмады,  басқа  кастаның  өкілімен  некелесуге  рұқсат 
етілмеді. Əр кастаның кəсібі қоғамның жазылған заңдарымен де, 
жазылмаған, бірақ қалыптасқан салт-дəстүрімен де бекітілді.
Бір кастадан екінші кастаға өтуге тыйым салынды. Ең жоғарғы 
касталар — абыздар /брахмандар/ мен əскери жер иеленушілер /
кшатрилер мен раджпуттер/. Олардан кейін өздерін вайшиттер өкілі 
деп есептейтін көпестер мен өсімқорлар кастасы тұрды. Келесі са-
тыда шудра кастасы тұрды. Ең төменгі сатыда құлдар мен малайлар 
істейтін үй сыпыру, кір жуу, тері илеу сияқты жұмыстағылар тұрды. 
Марксист-лениншіл оқымыстылар: «Қоғамның мұндай каста-
ларға бөлінуі феодалдардың қанаушылар бұқарасына үстемдігін 
нығайтты»,— дейді. Біздің ойымызша, бұл бөлінушілік қоғам 
дамуының кезекті бір сатысы. Басқа елдерде де мұндай саты жария 
түрде қалыптасып, заң жүзінде бекітілмегенімен, болды деп санай-
мыз.
Индуизм деп аталатын Индия қоғамының діни идеологиясы 
касталық бөліністі қолдап, бекітті. Индуизм əртүрлі діни наным-
дарды қамтиды. Индустар деп христиандық, ислам, буддизм, пар-
сизм мен иуда дінін ұстанбайтын, Индияның байырғы тұрғындары 
есептелді. Индуизмнің қалыптасқан, бекітілген жарғысы, ұйымдық 
басшылығы, ережелері болмады. Кəсіпқой — брахман абыз болу 
үшін брахманнан туғандығы да жеткілікті болатын.
Бұл діни жүйенің негізіне ежелгі  замандағы брахманизм 
дінінің догматтары алынды. Ол догмат қоғамның төрт варнаға: 
брахмандарға, кшатрилерге, вайшилер мен шудраларға бөлінуін 
қолдап, қорғады. Догматтар дхарма, карма жəне ахинса деп аталды. 
Дхарма догматы аллаға сенуді, оның атынан түсірілген нұсқаулар 
мен ережелерді қалтқысыз қабылдауды, мүлтіксіз орындауды, 
оларға шын көңілден илануды, бүтіндей ден қоюды талап етеді /
мұсылман дінінде бұл догмат «иман» деп аталады/. 
Дхарма догматы адамдарды өзінің өмірдегі орнын, жағдайын 
қанағат тұтынуын, оны өзгерту үшін зорлық-зомбылыққа бармау-
ын талап етеді. Бұл догмат иманның алтыншы шарты — жазмышқа 
тура келеді. Жазмыш туралы мұсылман дінінде былай делінген: 
«Ежелден мəңгілік жазмыш кітабы болмақ. Алла-тағала пенделе-
рінің өмір бойында басынан өткеретін жақсы-жаман істерін, қуаныш-
ты да қайғылы кезеңдерін өзі белгілеп жəне өзі біліп отырады».
...Жазмышқа мойын ұсыну, разы болу бізге уəжіп... Карма догма-
ты /карма «іс», «қызмет»/ адамның бұл өмірде істеген жақсылықтары 
мен жаманшылықтары жинақталып, жаны бұл өмірге екінші рет 
қайтып оралғанда құдай енді оның қандай болатындығын /жаман 
немесе жақсы/ анықтайды деп уағыздаған.
Парызды өтемегендер о дүниеде тозаққа түседі, ал бұл дүниеге 
екінші рет оралғанда бұрынғы, бірінші өмірінен де жаман, азапты 
өмір сүреді деп уағыздаған. Брахмандар ілімі бойынша ең төменгі ка-
стада тұрғандар — күнəкерлер. Олардың жаны таза емес, сондықтан 
жөні түзу адамдар олардан аулақ болғаны дұрыс. «Ахинса» догматы 
басқа адамдарға зиян келтіруден аулақ болуға шақырады. «Біреудің 
жанына,  тəніне  жара  салма,  тіпті  ол  өзіңді-өзің  қорғау  қажеттігі 
болса да»,— дейді.
Индус пантеонының /барлық құдайлар жиынтығы/ басында 
үш құдай: Брахма, Вишну, Шива тұр. Брахма — əлемді жасаушы, 
дүниенің жаратушысы. Вишну — бейбітшілік сақтаушысы... Шива 
— күйретушілік жəне қайта құру құдайы. Орта  ғасырларда, əсіресе 
Шива мен Вишна зор құрметке ие болды. Оларға арнап храмдар 
тұрғызылды, құрбандықтар шалынды. Барлық үндістер вишну-
иттер /вишинавтар/ мен шиваиттерге /шайвтер/ бөлінді. Бұл виш-
нуизм мен шиваизмде ежелгі тотемизм мен фетишизмнің, аруаққа 
табынушылықтың ізі сақталған. Бұл Ганга өзенін, жануарлардан — 
сиырды, өсімдіктерден — лотосты ерекше құрметтеуден көрінеді.
Əсіресе аруақтарға табыну үлкен орын алды. Əкесі үшін құдайы 
беріп, құрбан шалып отыру баласының ең құрметті де басты міндеті 
болған.  Ал  ондай  міндетті  жүзеге  асыратын  ұл  баласының  бол-
мауы — үндіс ер адамдарының ең үлкен қайғысы, қасіреті болды. 
Индуизмнің басты ғұрпы — құрбан шалу болған. Шиваизм, вишну-
изм ерекше, қанды құрбандықты ғана мойындады.
Индияның экономикалық дамуы оның мəдениеттегі же-
тістіктерінен байқалады. Үнді математиктері мен астрономдары 
айтарлықтай табыстарға жетті. «0» — нольді есепке үнділіктер 
енгізді. Жалпы, қазіргі цифрлар жүйесін солар құрған. Олар алге-
браны білген, түбірден шығаруды да солар ашқан. Үнді астроном-
дары жұлдыздар мен планеталардың қозғалысын есептей алған. V 


80
81
ғасырдағы көрнекті ғалым Арьябхата жердің өз осін айналатын-
дығын дəлелдеген. Үндістер сондай-ақ химиядан да жақсы хабардар 
болған. Үнді медицинасы да зор табыстарға жетті. Үнді дəрігерлері 
адамның тамырының қағысымен денсаулығының арасында тығыз 
байланыс бар екендігін дəлелдеді, күрделі операциялар жасай алды. 
Көп емдеу жолдарын білді.
II—V ғасырларда үнді философиясы дамыды. Оның көрнекті 
өкілдері II ғасырдағы Нагарджуна, III ғасырдағы Джаймини, 
V ғасырдағы Васабандху т.б. болды. Осы ғасырларда брахман 
заңдарының жинақтары өмірге келді. Олардың ішінде, əсіресе 
Яджнавалкья заңдары үлкен беделге ие болды. Əдеби ескерткіштердің 
ішіндегі ең бағалысы — Каутильяның «Артхашастрасы» болды. Ол 
сол кездегі Индияның саяси, əлеуметтік-экономикалық өмірін баз 
қалпында бейнеледі.
Жаңа эраның басында поэзия мен драманың теориясы жай-
лы шығармалар жазылды, бағалы лексикондар құрастырылды. 
Санскрит тіліндегі үнді əдебиеті елеулі табысқа жетті. Оған мысал — 
V ғасырда өмір сүрген үнді жазушысы Калидасаның шығармалары. 
Оның «Шакунтала» деген драмасы дүниежүзілік əдебиеттің ал-
тын қорына енді. II—V-ғасырларда «Панчатантра» деген ертегілер 
жинағы өмірге келді. Үндістанда университеттерге татитын оқу 
орындары — училищелер ашылды. Оның ең көрнектісі Наландтағы 
/Бихар/ будда монастырында болды.
Шебер құрылысшылар тамаша сарайлар мен храмдар салған. 
Олардың тек іздері қалды. Сол іздердің өзі үнді құрылысшыларының 
тамаша талғамдарын дəлелдейді. Үнді мүсіндерінің ішіндегі 
көрнектілері — əртүрлі құдайлар мүсіндері. Олардың кейбіреулері 
таза үнді стилінде жасалса, енді біреулерінің эллиндік мүсін ықпалы 
байқалады.
Индияның сəулетшілері XI ғасырда тас пен кірпіштен зəулім 
Танджур  храмын  салды.  Оның  биіктігі  100  метрдей.  Ерте  орта 
ғасырларда үнді шеберлері тастан қашап əсем храмдар салған. 
Эллурдегі 34 үңгір храмы, будда, брахман, джайн храмдары да 
сəулет өнерінің жетіле түскендігінің куəсі. Солардың ішінде əсіресе 
Қайлас храмы ерекше көз тартарлық əсем. Ол VII ғасырдың орта-
сында салынған. Ерте ортағасырлық үнді мүсіні діни нанымдарды 
уағыздауға бағытталды. Көп қолы, аяғы бар құдайлардың əсерлі 
мүсіндері көптеп жасалды. Діни бағыттағы мүсіндер қасиетті жа-
нуарларды бейнелемеді. Пілдің, жылқының тамаша бейнелері XII 
—XIII ғасырларда Ориссадағы храмдарда жасалған.
Əдеби шығармалар ерте ортағасырлық Индияда халыққа түсі-
ніксіз санскрит тілінде жазылды. Ол шығармаларда князьдардың 
ерліктері жырланды. Көбінің негізіне тарихи уақиғалар алын-
ды. Сондай шығармалардың қатарына Бананың «Харшачарита», 
Бильханның «Викраманкадевачарита», Сандхьякара Нандидің «Ра-
мачарита», Чанд Бардаидің «Притхвирадж Расо» деген шығармала-
ры жатады. Өмірде болған оқиғаны дəл бейнелеген тарихи шығарма 
Кальхананың «Раджатарангини» деген еңбегі болып табылады. 
Онда Кашмир өкіметі басшыларының тарихы баяндалады.
Үнді философтары негізінен ежелгі заман философиясын тү-
сіндірумен шұғылданды. Ерте ортағасырлық үнді философиясының 
көрнекті өкілі — IX ғасырда өмір сүрген Дахкиндік Шанкарачарья 
болды. Ол Бадарьянаның Брахма сутрасын сипаттау барысында 
идеалистік монистік ілім жасады. Ол бойынша өмірде өзгермейтін, 
сапасыз рухани бастама — атман ғана бар. XII ғасырда тағы бір 
көрнекті философ-идеалист Рамануджа өмір сүрді. Ол өмірде руха-
ни бастамадан басқа материя бар екендігін уағыздады. Рамануджа 
дүниені танып білуге болады деп үйретті. Əлеуметтік-экономикалық 
өмірдің жаңа жағдайлары заң саласындағы əдебиеттің дамуына 
ықпал етті. Бірнеше жаңа дхармашастралар — заңдар өмірге келді. 
Ондай шығармалардың ішіндегі ең ірісі XII ғасырда Виджнанешвара 
құрастырған «Митакшара» жинағы болды. Бұл отбасы жөніндегі 
заңдар осы уақытқа дейін мəнін жоғалтқан жоқ.
Лексика саласында да біраз еңбектер жазылды. Жаратылыстану 
ғылымы саласында да іздену жұмыстары жалғасты. Бірнеше 
жаңа медициналық трактаттар жазылып, дəрілік шөптер сөздігі 
құрастырылды.
Ə д е б и е т т е р:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет