С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет27/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162
VI—X ғасырлардағы Индия
1. Харши мемлекетінің шекарасы (VІІ ғ. I жар.); 2. Шығыс Чалукилер 
мемлекеті (VІІ ғ. 2-жарт.— X ғғ.); 3. VII ғ. ортасындағы Камарупа; 
4. Паллав мемлекеті; 5. Пандья мемлекеті; 6. эфталиттердің жылжу 
шекарасы (VI ғ. I жарт.); 7. Камарупа мемлекеті VIІІ—X ғғ.; 8. Синд пен 
Мультандағы мұсылман князьдықтарының шекарасы (VIІ—X ғғ.)
Солтүстік Индияда дəңді дақылдар, жеміс-жидек, май алынатын,  
қабығынан   жіп    жасалатын    өсімдіктер    өсірілді. 
Малдың да көптеген түрлері өсірілді. Тау-кен кəсібі дамыды: 
мысалы, алтын, темір, т.б. металдар өндірілді. Металды өңдеу ісі 
жоғары дəрежеде дамыды. Делидің маңындағы V ғасырдың ба-
сында қойылған, əлі күнге дейін сол баяғы қалпында сақталған 
биіктігі 6,7 м., диаметрі 0,4 м., жазуы бар, ешқаңдай коррозияға 
берілмейтін колонна металлургтерді танқалдырып келеді. Ертеректе 
тек қолөнерінде қолданылған темірден жасалған еңбек құрал-
саймандары V—VІ ғасырларда жер өңдеу ісінде де кеңінен пайда-
ланыла бастады.
Өндіргіш күштердің жетілуінің тағы бір көрсеткіші — құрылыс  
ісі болды. Бұрынғы ғибадатханалар мен т.б. қоғамдық үйлердің 
негізгі құрылыс материалы болып келген ағаш енді таспен, кірпішпен 
алмастырыла бастады. Жаңа ғасырдың басында тастан салынған 
құрылыстар тек тас өңдеушілердің шеберлігін ғана емес, олардың 
өңдеу құрал-жабдықтарының жоғары дəрежеде жетілгендігін де 
көрсетеді.
Осы кезде Индияның атақты үңгір храмдары, яғни басынан 
аяғына дейін тек тастан қашап салынған будда храмдары өмірге 
келді. Сондай құрылыстың бір үлгісі — Анджанттағы будда вихра-
сы. Көне құл иеленуші қоғамның мəдени орталықтарында əртүрлі 
кəсіп: зергерлік, қару-жарақтық, гончарлық, тері, ағаш өңдеу, тоқу 
— орын алған. Əсіресе, тоқу кəсібі жоғары дəрежеде дамыды.
Көптеген археологиялық қазба материалдары: тиындар, əдеби 
шығармалар Индияда сыртқы сауданың да дамығандығын көр-
сетеді. Индияның Риммен саудасы сонау I—II ғасырларда-ақ 
кеңінен қанат жайған болатын. Рим Индиядан тəтті тағамдар, бояу, 
иіс су, үлбіреген мата алып тұрды. Ол тауарлар үшін Рим Индияға 
алтын,  шыны  ыдыс-аяқтар,  қорғасын,  шарап,  құлдар  беріп  отыр-
ды. IV ғасырдан бастап бұл сауда Византия қолына көшті. Индия 
көпестері батыста Аденге, шығыста — Бирмаға, Үнді-Қытайға, Ява 
мен Суматраға дейін барып, сауда жасады. Қытаймен тек сауда бай-
ланысы ғана емес, діни байланыс та орнады.
Индиялық буддистер буддизм əдебиетін санскрит тілінен қытай 
тіліне аударуға көмектесті. Индия сауданы құрғақта да кеңінен 
жүргізді. Археологиялық қазба материалдары Индияның Орта 
Азиямен де байланысы болғандығын көрсетеді. Əдеби, жазба 
ескерткіштер бұл кезде үндінің ауыл шаруашылығы қауымында 
үлкен отбасыларының шағын, жеке отбасыларына бөліну процесі 


68
69
күшейгендігін көрсетеді. Бұрын үлкен отбасының басшысы 
өлгеннен  кейін  де  бөлінуге  тыйым  салынатын  болса,  енді  жаңа 
дəуірдегі брахман заңы бойынша ондай отбасының басшысы тірі 
кезінде де бөлінуіне рұқсат беріле бастады.
Мұндай ірі отбасыларының кішігірім жеке-жеке отбасылары-
на бөлшектенуі үнділік ауыл шаруашылығы қауымындағы мүлік 
теңсіздігін туғызып, жікке бөлінуді тездетті. Кейбір қауым мүшелері 
өз үлестерін сатып жіберді. Қауым ол үлестің келімсектерге өтіп 
кетпеуін қадағалап отырды. Бұл туралы бізге сақталып жеткен 
«Артхашастра» деп аталған саясат туралы трактаттан білеміз. Оның 
авторы б.з.д. IV ғасырда өмір сүрген Каутилья. Ол трактат бойынша 
қауым мүшесі жерін сатуға ерікті болды. Бірақ ол жерді сатып алуға 
ең алдымен оның өз туыстары құқылы болды, тіпті болмаса тек сол 
қауымның басқа мүшесі ала алатын.
Трактатта «даса» деген құлдардың жаңа түрі туралы айтыла-
ды. Бұл жерін сатып жіберіп, қарызға белшесінен батқаннан кейін 
басқа біреуге құлдыққа жалдануға мəжбүр болған, жолы болмаған 
бұрынғы тең құқылы қауым мүшесі.
«Артхашастрадан» біз патша иелігінде құлдар мен қатар майда 
жалгерлер де болғанын білеміз. Халық өте тығыз орналасқан жер-
лерден еріктілерді патша иелігіне көшіретін, басқа патшалықтан 
қоныс аударғысы келетіндер шақырылатын. Мұндай ұсақ жалгерлер  
патшаға өнімнің жартысына жуығын беріп тұратын. Қажет болса 
патша ондай қоныс аударушыларға материалдық көмек көрсететін: 
мал,  тұқым,  ақша  беретін.  Жалгерлер  патша  чиновниктерінің 
бақылауында болатын. Патша бос жатқан жерлерді сатуға да, жал-
герлерге беруге де құқылы болды.
Сөйтіп, жаңа дəуірде ірі жер иелері өз шаруашылықтарын 
прогрессивті негізде жүргізе бастады. Құлдар еңбегі тиімді бол-
мады. Сондықтан жер иелері оларға өз шаруашылығын жүргізетін 
үлес  бөліп  берді.  Ол  үлес  үшін  құлдар  жер  иесіне  жұмыс  істеп 
беретін немесе өнімнің белгілі бір мөлшерін беретін. Сонымен, 
құлдық қоғамда қанаудың феодалдық қоғамға тəн түрі кеңінен 
қолданыла бастады.
IV ғасырда Солтүстік Индия Магадхалық ақсүйектердің 
қол астына бірікті. 320 жылы Магадхадағы өкімет билігі Гупта 
əулетінің өкілі Чандрагуптаның /320—340/ қолына тиді. Оның ба-
ласы Самудрагуптаның /340—380/ тұсында Гупттар билігі Батыс 
Бенгалиядан Пенджабқа дейінгі аралықтағы Солтүстік Индияға та-
ралды.
Ұланғайыр Гупттар державасын басқару үшін күшті əкімшілік 
жəне əскери аппарат құрылды. Ондай аппарат тек астана Пата-
липутрада ғана емес, басқа маңызды қалалар мен елді мекендер-
де де құрылды. V ғасырдың ортасында халықтың салыққа деген 
наразылығы  көтеріліске  əкеп  соқты.  Державадан  батыс  облыстар 
бөлініп шығып, тəуелсіз мемлекетке айналды. 458 жылы гупттар 
өз державасын көшпелі гунн-эфталиттер шабуылынан қорғап 
қалды. Бірақ V ғасырдың аяғына қарай, Будхагупта тұсында гунн-
эфталиттер гупталарға қатты соққы беріп, батыстағы Мальва
Гуджарат, т.б. бірқатар облыстарды алды.
Гупттар тек Магадхты ғана ұстап қалды. Эфталиттер Шакала 
қаласын өз астанасына айналдырды. Эфталиттер езгісі елді ауыр 
күйзеліске ұшыратты. Ол езгі үнділіктерді көтеріліске шығарды. 
528 жылы гупттар басшысы Баладитья Орталық Индиядағы 
Мандасордың басшысы Яшодхарманмен одақтаса отырып, 
эфталиттерді талқандады. Эфталиттер қуылды. Бірақ бұл күрес 
Гупттар мемлекетін өте қатты əлсіретті. Ішкі талас-тартыстар 
тоқтамады. Ақыры, VI ғасырдың аяғында Гупттар мемлекеті өмір 
сүруін тоқтатты.
Гупттар державасы құлағаннан кейін Декан аумағында бірнеше 
ұсақ, дербес князьдықтар құрылды. Олардың ішіндегі ең ірілері 
жарты аралдың оңтүстік батысындағы Чера, Қиыр оңтүстіктегі 
Пандья, Оңтүстік шығыстағы Чола жəне шығыстағы Андхра бол-
ды. Деканның солтүстік батысында скиф əулетінен шыққан бас-
шылар құрған кішігірім мемлекет болды. Бұл князьдықтардың 
кейбіреулерінде бұрынғы ақсүйектер билігі сақталып қалды. 
Басқаларын төменгі сословие — шудра мен вайшилерден шыққандар 
немесе Индияға басып кірген тайпалар өкілдері басқарды. Деканның 
біраз князьдықтарында жергілікті əскери аристократиядан шыққан 
өкілдер билігі орнады. Декан елдерінде Солтүстік Индиядағыдай 
құл иеленушілікпен қатар алғашқы қауымдық қатынастар да 
сақталды.
Археологиялық мəліметтер мен əдеби ескерткіштерден Декан 
патшалықтарының I—III ғасырларда Риммен қызу сауда-саттық 
жүргізіп  тұрғандығы  белгілі.  Деканның  теңіз  жағалауларынан 
табылған тиындар соның айғағы. Бұл аймақ тəтті жеміс-жидектерге 
бай болған. Деканның ішкі аймағы адам кіре алмайтын тоғай еді. 
Деканда негізінен мал өсіріп, аң аулаумен шұғылданатын тайпалар 
тұрды. Бұл тайпалар құлиеленушіліктен соншалықты алыс тұрған 
жоқ. Олар мен Деканның егіншілікпен айналысатын құл иеленуші 
халықтары арасында тығыз қатынас болған.


70
71
Құл иеленуші қоғаммен тығыз байланыстағы тайпалардың 
əлеуметтік-экономикалық дамуы жоғары болды. Оларда алғашқы 
қауымдық құрылыс тез ыдырады. Декан тайпаларының ішінде 
ақсүйектер тобы бөлініп шыға бастады. Тайпа көсемдерінің рөлі 
арта түсті. Тайпалар арасындағы қақтығыстар, олардың бірін-бірі 
бағындыруы күшейді.
Жер иесі — феодалдың билігі өз қарамағындағы басыбайлы не-
месе толық құқылы емес шаруаларға тарады. Олар феодалдардың 
жерінде ұсақ шаруашылықпен айналысып, феодалға жер рентасын 
төлеп отырды. Декан князьдықтарындағы ең ірі жер иелері — маха-
раджалар /ұлы князьдар/ болды. Князьдар бос жатқан жерлер мен 
қауым жерлерінің біраз бөлігін күшпен тартып алу арқылы өздерінің 
жер иеліктерін құрастырды. XI ғасырдан бізге жеткен бір мəлімет 
мынаны хабарлайды: «Оңтүстіктегі бір князь өз көршілерінің жерін 
жаулап алған соң ол жердің бұрынғы иелерін қуып шығып, оған өз 
шаруаларын көшірді. Сөйтіп, 1900 ауыл құрған. Ол жерді өте мұқият 
бөліп, көшіп келгендердің қанша салық төлейтіндігін белгілеген». 
Сақталған князь грамоталары қауым жерінде бос жатқан жер-
лер князьдікі болып есептелгендігін хабарлайды. Ол жерлер «рад-
жа жері» деп аталған. Князьдардың қауымға тиісті жерде де үлесі 
болды. Оны сол қауымның шаруалары өңдейтін. Храмдар мен мона-
стырлар да ірі жер иелері болды. Князьдар храмдарға көп жерлерді 
жомарттықпен сыйлап отырған. Мысалы, XI ғасырда «Батыс 
Декандағы бір князь храм мен дінбасыларына 1400 село мен деревня 
сыйлаған»,— дейді бізге жеткен князь грамоталары.
Храмдар өз иеліктерін жерлер сатып алу арқылы немесе 
ашаршылық жылдары өсімқорлық операциялары арқылы ұл-
ғайтып отырған. X—XI ғасырларда ірі жер иеліктері бар храмдар 
Катхьявар жарты аралындағы Сомнатха, Индияның оңтүстігіндегі 
Мадура болған. Князьдар мен храмдарда басқа қауымның байып 
алған өкілдері де феодалдарға айнала бастады. Князьдар əскери 
қызмет атқарғандарға да жер үлесін бөліп отырды. Бұл туралы біз 
Сюан Цзанның қалдырған жазбаларынан білеміз. Ол былай дейді: 
«Губернаторлар, кеңесшілер, сот чиновниктері мен қызметкерлер 
жер үлесін алып, соның түсімімен күн көреді».
Индияда қызмет орны əкеден балаға көшіп отырды /негізінен/. 
Сол себепті қызметі үшін берілетін жерлер де атадан балаға қала 
беретін. Əскери міндеткерлігі үшін де жер берілетін. Сол жері үшін 
оның иесі жасақшыларымен князь шақырған кезде жиналып келуі 
керек болды. Егер келмей қалса, жерді князь қайта алып қоюға 
құқылы. Мұндай жер беру жүйесі əсіресе Гуджаратта, Мальвада, 
Раджпутан мен Джамна-Ганга өзендері маңында кең өріс алды. 
Сөйтіп, Индияның бір аудандарында феодалдық қатынастар мен 
таптар дамып, жетіле түсті, ал енді бір аудандарында жаңадан 
қалыптасып жатты. Феодалдар өздерінің таптық артықшылықтарын 
мұрагерлікке заң жолымен бекітіп, феодалдық қоғамның билеуші, 
үстем сословиесіне айналады. Феодалдардың қауым жерін басып 
алулары бейбіт жолмен жүргізілмеді. Қауым мүшелері феодалдарға 
қарсы күресіп бақты. Бірақ əлсіз қауым мүшелері жеңіліс тауып от-
ырды.
Ерте ортағасырлық үнді қауымы туралы мəліметтер VII ғасырда 
Бана деген жазушы қалдырған «Харшачарите» деген шығармада 
сақталған. Ол əр үйдің өзінің астық қоймасы болғандығын, үй ау-
ласы қоршалатындығын баяндайды. Үйдің айналасы бау-бақша 
болған. Үйдің қасындағы усадьбадан басқа жер жыл сайын қайта 
бөлініп отырған. Бана: «көп жер ну тоғайлы болғандықтан күріш 
егіп, қырман жасалатын жерлер жыл сайын қайта бөлініп отыра-
тын. Бірақ əр жыл сайын таластартыс, дау-дамай болып отыра-
тын»,— дейді. Бананың шығармасында бейнеленген ауыл күріш 
пен мақтадан басқа көкөніс пен қант тростнигін өсіретін. Шаруалар 
сонымен қатар қосымша аңшылықпен айналысатын. Қауымның 
иелігіндегі тоғайдан жабайы жеміс-жидек теретін.
Жер иеленуші қауым ыдыс-аяқ, құрал-сайман жасайтын ұста, 
шаштараз, кір жуушы, қарауыл, мұраб /сушы/, тері өңдеушілерді 
жалдап ұстайтын. Бірнеше деревнядан тұратын үлкен қауым зергер-
лер мен тас кесушілер жалдайтын. Өз еңбектері үшін олар қауымнан 
азық-түлік алып отыратын. Əрбір қауым мүшесі сол жалдамалы ше-
берлер үшін астық өнімінің белгілі бір мөлшерін бөліп беріп отыра-
тын. Кейбір қолөнершілер натуралдық жалақысына қоса қауымнан 
кішігірім жер үлесін алып, үрімбұтағына мұраға қалдырып отыра-
тын. Қауымның старостасы, хатшысы, қазысы, балгер-болжаушысы 
/астролог/ болды. Соңғысы жұлдызнама құрастырып, əр жұмыс 
үшін сəтті күнді анықтайтын, брахмандар мен қауымның қадірлі 
адамдарының балаларын оқытатын. Староста, хатшы, астролог-
тар мен мұғалімдер қауымнан натуралды жалақы алды. Олардың 
жалақыларының мөлшері қолөнершілердің жалақыларынан едəуір 
көп болды. Оларға жер үлесі көп берілді.
Қауымның халқының қатары үнемі келімсектермен толық-
тырылып отырды. Əртүрлі себептермен өз жерлерінен қашып, басқа 
қауым арасына келіп паналаған келімсектер бара-бара сол қауымға 


72
73
сіңіп кетіп, тең праволы мүшесі болып шығатын. Үлес алып, оны 
мұрагерлікке қалдырып отыратын. Бірақ олардың қауым жерінен 
түсетін /өнімді/ табысты бөлісуге құқысы болмады. Тең праволы 
қауым мүшелерінің арасындағы мүлік теңсіздігінің дамуы бірте-
бірте қауымдағы демократияны əлсірете бастады. Бұл теңсіздік 
өскен сайын қауым мəселелерін шешу жалпы жиналыстан əулеттер 
басшыларының, кейін — селолық панчаяттың /«бестің» кеңесі/ 
қолына көшті. Ал панчаятта шешуші рөлді староста мен оның 
көмекшісі – селолық писарь /хатшы/ атқарды.
Қала. Феодалдық қатынастар орнай бастаған кезде қала құл-
дырауға ұшырады. Бірақ бұл дағдарыс көпке созылған жоқ. Мұны 
Индиядағы рентаның үстем түрі азық-түлік салығы болғандығымен 
түсіндіруге болады. Артық азық-түліктің едəуір бөлігін феодал-
дар айырбасқа жүретін товарға айналдырып отырды. Феодалдық 
князьдықтардың портты қалалары мен астаналары ірі тауар 
айырбасының орталықтары болды. Бұл қалаларда қолөнершілер 
қауымы  орналасты.  Олар  феодалдардың  тапсырыстарын  орында-
ды, сондай-ақ өз бұйымдарын алысқа шығарып сататын көпестерге 
беріп отырды. Қалалық қолөнершілер қымбат қару-жарақ, зергерлік 
бұйымдар, кілем, жұқа əсем маталар, иіс сулар шығарумен айналы-
сты.
Басқа елдермен сауда жасаудың негізгі пункттері Ганга бойын-
дағы Тамралипти, Аравия теңізі жағасындағы Броч, Камбей, Сурат 
болды. Қалаларда қолөнершілер саны өскен сайын оларға қажетті 
азық-түлік пен ауылшаруашылық шикізаттарының мөлшері де өсе 
түсті. Қалаларға жақын тұратын ауылдың тұрғындары өздерінің 
артық өнімдерін əкеліп сатып тұратын болды. Бірақ шаруалар қала 
тұрғындарының өскелең талаптарын толық қанағаттандыра алма-
ды. Қала базарларында сатылатын азық-түліктердің көбі феодалдық 
рентадан түскен табыстар болатын. Оны ауылдарды аралап жүріп 
сатып алатын саудагер-көпестер əкелетін.
Қаладағы, ауылдағы қолөнершілер өз кəсіптері бойынша тоқы-
машылар, зергерлер, етікшілер, қару-жарақшылар касталарына 
бірікті. Қолөнерінің жіктеліуне байланысты касталар саны өсе түсті. 
Əр кастаның басында старшина мен касталық кеңес /панчаят/ тұрды. 
Олар каста мүшелерінің мақсат-мүдделерін қорғады, өндірісте 
жəне күнделікті тұрмыста қалыптасқан тəртіптер мен ережелерді 
бұзбауларын қадағалады. Старшина мен касталық кеңес-панчаят 
каста тəртібін бұзушыларды соттады. Ең ауыр жаза — күнəкəрды 
каста мүшелігінен шығару болды.
Қалалық қолөнершілер кастасы феодалдарға тəуелді болды. 
Феодал касталар арасындағы дауларды шешті, каста мүшелеріне 
шен-шекпендер кигізіп, кастасын жоғарылатып немесе төмендетіп 
отырды. Каста мүшелері феодалдық алым-салықтарды төлеуде 
жіпсіз байлаулы болып, тауар алмасуының дамуына байланысты 
қолөнершілер арасында мүлік теңсіздігі күшейе түсті. Олардың ара-
сынан өз кастасының шығарған бұйымдарын алып сатудан байыған 
каста мүшелері шықты. Олар кейін көпестер кастасын құрады. 
Əсіресе джайн көпестері бай, əрі ықпалды көпестер болды. 
Джайнизм мемлекеттік дін болған елдерде джайн — көпестер 
ерекше артықшылықтарға ие болып отырды. Кейде Гуджаратта-
ғыдай маңызды мемлекеттік қызмет орындарына тағайындалды. 
VII ғасырдың аяғынан бастап Индияның Батыс жағалауындағы 
қалаларда сыртқы саудада араб көпестері үлкен рөл атқарды. Олар 
бұл қалаларда өздерінше шағын колониялар құрып, сонда тұрды. 
Князьдардан əр түрлі сый-сияпаттар алып, Индиямен Таяу жəне 
Қиыр Шығыс елдері арасындағы саудада делдалдық рөл атқарды.
736 ж. Дели қаласының негізі қаланды. Ол алғаш Дхиллика деп 
аталған.
Гупттар империясы құлаған соң Солтүстік Индия бірнеше ұсақ 
князьдықтарға ыдырап кеткен еді. VІ ғасырдың аяғында Индияның 
Солтүстік-батысында Вардхандар əулеті басқарған Тханесар 
князьдығы  күшейе  бастады.  Тханесар  князьдары  өз  елін  батыс 
Пенджабтың жартылай көшпелі тайпаларынан табысты қорғай 
алды, сондай-ақ ұсақ князьдықтарды басып алып отырды. Бірақ 
Вардханның бұл вассалдары 606 жылы көтеріліске шықты. Сол 606 
жылы таққа Харша вардхан отырды. Ол 647 жылға дейін патшалық 
құрды. Күшті армия жинап алып, Харша көтерілісшілерге қарсы 
аттанып, олардың тас-талқанын шығарды. Бірнеше жылдың ішінде 
ол Солтүстік Индия князьдықтарын бағындырды. Харша Ганг 
алқабын  алып  жатқан  ұланғайыр  мемлекет  құрды.  Оның  шекара-
сы Шығыс Пенджабтан Бенгал шығанағына дейін созылып жатты. 
Харша мемлекеттің астанасын Канаудж қаласына /Солтүстікте, 
Ганга өзенінің бойында/ көшірді. 
620 жылы Харша Деканға Жорық жасап, сəтсіздікке ұшырады. 
Харша құрған империя берік болмады. Ол тек əскер күшімен ғана 
бір орталыққа бағынышты болып тұрды. Солтүстік Индиядағы 
Харша басып алған жерлерде жергілікті князьдар билігі сақталды.
Олардың Харшаға тəуелділігі салық төлеуінде, шақырған кезінде 
əскерімен келіп, соғысқа қатысуда болды. Князьдар өздерінің 


74
75
адал берілгендігінің куəсі ретінде Харша сарайына өз отбасынан 
кепілдікке адам жіберіп отырды. Харшаның сыйлық грамоталары 
оның бағынышты князьдардың жеріне жоғарғы меншік иесі болып 
табылғандығын көрсетеді. Бағындырылған жерлерден алым-салық 
жинауды қамтамасыз ету үшін Харша ол облыстарға өз өкілдерін 
отырғызды. Харша сарай сановниктерінің штатын ұстады. Оларға 
қызметі үшін жер үлестіріп беріп отырды.
Харшаның замандасы болған Бана деген жазушы патша 
сарайының сəн-салтанатқа бөленіп отырғандығын хабарлайды. 
Сондай-ақ жалдамалы армияға да көп қаржы ысырап болып отыр-
ды дейді жазушы. Сюан Цзанның мəліметі бойынша Харшаның ар-
миясында жаяу əскер мен колесницалардан басқа 100 мыңдық атты 
əскер, 80 мыңдық жауынгер пілдер болған. Бұл армияның бір бөлігі 
кəсіпқой армия болатын. Ол армияны бейбіт кезде де таратпайтын. 
Олар князь астанасында тұрақты орналасқан болатын.
Харшаның мемлекетіндегі феодалдық сот өте қатал сот болды. 
Заңды бұзушыларды өлім жазасына кесетін. Олардың мұрнын, 
қолын, құлағын кесіп алып, зынданға тастайтын. Сөйтіп, заң 
бұзушылар қорлықпен өлетін. Харша өлген соң көп ұзамай оның 
құрған державасы ыдырап кетті.
VIII ғасырдың басында арабтар Синдке басып кірді. Мұның 
нəтижесінде екі эмират құылды: бірі — Синдтің оңтүстігінде, аста-
насы Мансура қаласы, екіншісі — солтүстікте, астанасы Мультане 
қаласы. Бенгалия аумағында ұзақ күрестен соң шудралар варнасы-
на жатады деп есептелген Палдар тұқымы таққа отырды.
Солтүстік Индия аумағында əскери-аристократиялық раджпут 
кландарынан шыққан князьдар басқарған бірнеше князьдықтар 
құрылды. Тарихшылардың топшылауынша бұл V ғасырда гунн-
эфталиттермен келіп, Солтүстік Индияның батысында орнала-
сып қалған əскери-аристократиялық əулет. Сол əулеттің бір өкілі 
— гуджар тайпасы.Индияда орныққан бұл келімсектер жергілікті 
халықтың тілін, дінін, мəдениетін қабылдады. Олар ерекше рад-
жпуттар кастасын құрады. Бұл кланның мүшелері диқандар мен 
қолөнершілердің бейбіт еңбегін менсінбей, өздерін тек əскери істер 
үшін жаралғандар деп есептеді. Соқаға жақындаған раджпут басқа 
раджпуттардың күлкі-мазағына ұшырайтын.
VIII ғасырда раджастхан аумағында құрылған ұсақ князьдықтар 
ішінде  раджпуттық  Пратихар  басқарған  князьдық  күшейе  баста-
ды. IX ғасырдың басында Пратихарлар Джамна алқабына басып 
кіріп, Канауджді бағындырды. Сонан соң өз билігін бүкіл Ганга-
Джамна өзендерінің алқабына таратты. Өздерінің шығысқа қарай 
жорықтарында пратихарлар Бенгалияны билеуші Палдармен қақ-
тығысты. Олардың арасындағы соғыс ұзаққа созылып, халықтың 
тұрмыс жағдайын нашарлатып жіберді. 
Солтүстік Индияда феодалдардың қауымдағы шаруаларға үс-
темдігі күшейе берді. Басып алынған жерлерге өз князьдерінен гра-
мота алған феодалдардың қуаты арта берді. Феодалдар арасында 
өз иеліктерін ұлғайту үшін қақтығыстар тоқтаусыз жүріп отырды. 
Қуаты күшті феодалдар өз сюзерендеріне қарсы бас көтеріп, тəуелсіз 
князьдарға айнала бастады.
Солтүстік Индиялық князьдықтардың басында тақсыр /маха-
раджа/  тұрды.  Ол  қарулы  күштерді,  жоғары  əкімшілік  жəне  сот 
биліктерін басқарды. Əрбір князьдық облыстар мен округтер-
ге  бөлінді.  Оларға  махараджа  өз  наместниктерін  тағайындап  от-
ырды. Государьдың жанында оның кеңесшілерін құрайтын сарай 
сановниктері болды. Олардың əрқайсысы мемлекеттік істердің 
белгілі бір саласына — қорғаныс, қаражат, салық жинау, т.б. істеріне 
жауапты болды. Махараджаның ірі вассалдары өз иеліктеріндегі 
барлық билікті өзі жүргізді де, махараджаға белгіленген мөлшердегі 
салықты төлеумен шектелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет