С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония



Pdf көрінісі
бет47/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162
§ 12. Дамыған орта ғасырлардағы Жапония
1. Феодалдық  Жапониядағы өзгерістер
2. Самурайлардың қалыптасуы
3. Қолөнері мен сауданың дамуы
4. Моңғолдар шабуылынан қорғану
5. Жапон мемлекетінің ыдырауы
6. Қаланың, мəдениеттің дамуы
IX—X ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік 
жерлердің сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс 
алды. Ол жерлердегі шаруалар жекелеген феодалдардың басыбайлы 
шаруаларына айнала бастады. 
Мемлекеттік жерді жеке меншікке иемдену жердің кейбір 
түрлерін сатып алуға ресми түрде берілген рұқсаттың арқасында 
жеңілдей түсті: иесіз жерді, жаңа өңделетін жерді ақысын төлеп, 
жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген болатын. Жапон фео-
далдары бұл жағдайды ірі жер иеліктерін түзіп алуға пайдалана 
қойды. 
VIII ғасырдан бастап үстем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік 
байқала бастайды. Бірінші топқа астаналық үлкен қызметтегі фео-
далдар кірсе, екінші топқа — аймақтардағы /провинция/ мемлекеттік 
аппаратта үлкен қызмет атқаратын феодалдар кірді. Олар аста-
нада тағайындалатын, бірте-бірте провинцияға сіңіп кететін. 
Үшінші топ провинциядан ешқашан шығып көрмеген жергілікті, 
төменгі ақсүйектерден шыққан феодалдардан тұрды. Олар жапон 
феодалдарының ең төменгі тобын құрады.
Біріншілері сонау VII ғасырда Сұмэраги үйінің жеңісіне үлес 
қосқандар болатын. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы Накатоми 
əулеті болды. Бұл əулет атам заманнан бері діни басшылықпен бай-
ланысты болатын, сол себепті бүкіл елдің алдында беделі өте жоғары 
болатын. Бұл əулеттің басшысы Каматари VII ғасырдың ортасын-
да үкіметтің саясатын жүзеге асырушы белсенді, елдегі ең беделді 
адам болды. Фудзивара деп атанған оның ұрпақтары бұл бедел мен 
ықпалды сақтап қалып, үкімет билігіндегі ең көрнекті қызметтерді 
өз қолдарында ұстады. 


118
119


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет