С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет70/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162
Байланысты:
учебник Азия и Африка

§ 18. Х—ХV ғасырлардағы Иран
1. Аббасилер халифатының құрамындағы Иран.
2. Иран аумағындағы феодалдық мемлекеттер (Саманилер, 
    буидтер, газнауилер мемлекеттері).
3. ІХ—ХІІІ ғасырлардағы ауыл шаруашылығы, қолөнері, сауда, 
    əлеуметтік-экономикалық құрылыс.
4. Селжүктер билігі кезіндегі Иран.
5. Монғолдар шабуылы. Хулагулер мемлекетінің құрылуы. 
    Газанхан реформалары. Сербедарлар, Сеид мемлекеттері.
6. Сефевилер мемлекетінің құрылуы, Иранның феодалдық 
    бытыраңқылығы.
7. Мəдениеттің дамуы.
ІХ ғасырдың 60- жылдары Аббастар халифатының əлсіреуі 
нəтижесінде Иранның шығысында Саффар əулеті басқарған 
мемлекет құрылып, Систан мен Хорасанда өз билігін орнатты.
900 жылдан кейін Саффарилер жаулап алған жерлер 819 ж. 
Мауераннахрде қалыптасқан Саманилер əулетінің қолына көшті. 
Саманилер өкіметі 999 жылға дейін өмір сүрді.
Иранның батысы мен оңтүстік батысында 935 жылдан 1055 жылға 
дейін Буидтер мемлекеті өмір сүрді. Каспий теңізінің оңтүстігіндегі 
тау халықтарының кедей отбасынан шыққан үш ағайынды Буидтер 
алғаш жалдамалы əскер қатарында болды, кейін əскер басы болып, 
935 жылы Батыс Иранды, 945 жылы Бағдадты басып алды. Іс 
жүзінде халифты да бағындырып алып, Ахмед ибн Буид оны өзіне 
«Эмирлердің эмирі» деген атақ беруге мəжбүр етті.
Сөйтіп Буид арабтық Ирактың, бүкіл батыс Иранның тақсыры 
болып, халиф тек сунниттік мұсылмандардың діни басшысы ғана 
болып қалды. Шираз бен Рейде Ахмед Буидтің інілері Хасан мен 
Əли ел басшылары болды. Буидтік басшылардың ішінде белсенділі-
гімен,  əсіресе  Азуд-ад-Доулэ  (949—983  жж.)  ерекше  көзге  түсті. 
Ол Ширазды басқаратын. Ол феодалдық рентаны қатаң тəртіпке 
келтіріп, суару жүйесін кеңейтті. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын 
көтеру жолында көптеген шаралар қолданды.
Буидтер шийзмге қамқорлық жасап отырды. Саманилер мен 
Буидтер мемлекеттеріңде арабтар билігі кезінде қалыптасқан жерге 
феодалдық меншіктің түрлері сақталып қала берді. Х ғасырдың 
аяғына қарай ерікті қауымдық шаруалардың көпшілігін феодалдық 
басыбайлы шаруаларға айналдыру процесі негізінен аяқталды.
999 жылы Саманилер мемлекеті құлағаннан кейін Амудария 
өзенінің батысы мен оңтүстігіндегі Хорасан, Систан жерлері жəне 
Ауғанстан 977 жылдан 1187 жылға дейін өмір сүрген Газнауилер 
мемлекетінің қол астына көшті. Бұл мемлекеттің негізін Газни 
қаласы маңындағы шағын вассал князьдық қалады. Газнауилер 
түркі тілдес халықтар болған. Газнауилер мемлекеті өзінің саяси 
қуаттылығының шегіне Махмуд сұлтанның (998—1030) тұсында 
жетті.  Махмуд  пұтка  табынушы  индустарға  қарсы  Солтүстік 
Индияға “Қасиетті  соғыс” жариялады. Махмуд Индияға 17 рет 
жорық жасады. Тек бір жорығында ғана, деректердің мəліметі 
бойынша, Махмуд Индиядан 57 мың құл, 20 млн. дирхемдік байлық 
пен 350 піл əкеткен. “Дін үшін” соғыс туының астына жерсіз қалған, 
байығысы  келген  мыңдаған  шаруалар  өз  еркімен  жиналатын. 
Махмуд Газнауи Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017 жылы ол 
Хорезмді басып алды.
XI ғасырдың басында Орта Азиялық селжук оғыздары Иранмен 
Кіші Азияға қоныс аударды. Қарахандық түріктерден қудалаушылық 
көрген оғыздар сұлтан Масуд Газнауиден Абиверда, Серахс, Ниса, 
Мерв аудандарынан көшіп-қонып жүретін жер сұрап алды. Ақысына 
əскери қызмет атқаруға уəде берді, əскері жетіспеген Масуд оғыздар 
тілегін қанағаттандырып, 1035 ж. олардың сұраған жерлерінің біраз 
бөлігін берді.


182
183
Бірақ жыл өткен сайын оғыздардың жерлерін кеңейту талабы 
өсе түсті. Ашуланған Масуд Газнауи оғыздарға қарсы əскер 
жіберді. Сельжуктық оғыздар көсемдері ағайынды Тоғрылбек пен 
Шағрылбектер 1040 жылы ол əскерді талқандап,  өздеріне Хорасан 
мен батыс Иранға жол ашты. 1043 жылы Газнауилер Хорасан мен 
Хорезмнен айрылды. Тоғрылбек басқарған Сельжук мемлекеті 
құрылды. 1040—1055 жылдар аралығында Сельжуктер бүкіл 
Иранды басып алды. Сельжуктер батысқа қарай жылжи отырып 
Иракты, Əзербайжан мен Арменияны басып алды. 1055 жылы олар 
Бағдадты басып алып, аббасид халифы Қаимды Тоғрылбекке сұлтан 
атағын  беруге  мəжбүр  етті.  1077  жылы  Рум  сұлтанаты  құрылып, 
оның қол астында Кіші Азия қалды.
Исмаилилік шиит Хасан ибн Саббах басқарған секта 1090 жылы 
Казвин қаласының солтүстігіндегі Аламут (“Бүркіт ұясы”) қамалын 
басып алды да, өз орталығына айналдырды. Кейін исмайлилер 
Альбрус, Кухистан, Сагс, Ливан тауларында бірнеше қамалдар 
мен замоктарды басып алды, сөйтіп, “таулық қарт” басқаратын, 
теократиялық исмаилилік мемлекет құрылды. Ол 1090—1256 жыл-
дар аралығында өмір сүрді.
Секта мүшелері қатаң тəртіппен, антпен берік топтасқан ұйым 
құрды. Исмаилилер сельжуктерге қарсы аянбай күрес жүргізді,  
өмірін  қиюға  дайын  тұратын  фидайлар  өздеріне қас деп санайтын 
саяси жəне мемлекеттік қайраткерлерді өлтіріп отырды. Адамның 
басын айналдырып, мас қылатын есірткі тартатын Хасан Саббахтың 
исмаилилері “хашиш тартушылар” атанды. Арабтар оларды 
“хашишийун” деп атаған. Осы сөзден еуропалықтар исмаилилер 
сектасының мүшелерін ассасин деп атап кетті. Бұл француз, 
итальян тілдерінде “өлтіруші” дегенді білдіреді. Алғаш исмаилилер-
ассасиндер бұқарасын қолөнершілер мен шаруалар құрады. ХІІ 
ғасырдағы Сириялық араб Усама ибн Мунқыз, мемуарлар авторы, 
исмаилилерді “кедейлер”, “жүн түтушілер еді” дейді. Замоктар 
мен жерлерді басып алып, сектаның басшылары бай феодалдарға 
айналды.  ХІІІ  ғасырдың  басына  карай  Ирандағы  исмаилилер 
мемлекеті кəдімгі феодалдық мемлекетке айналды. 
Сельжуктер билігі кезінде қолөнершілер мен көпестер арасын-
дағы қырқысулар ондаған жылдарға созылды. Тегеран тұрғындары 
қорғауға ыңғайлы болу үшін жерден үй жасап, сонда тұра бастады. 
Рейде ХІІІ ғасырдың басында ақсүйектер жеңіске жетті. Бұл жеңіс 
өте қымбатқа түсті. Екі жақтан 100 мыңдай адам қаза тапты дейді 
тарихшылар. Мұндай  қанды қырқысулар Нишапур мен Исфаханда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет