С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет471/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   587
Байланысты:
ped and psy 2 nomer 2016.compressed (1)

жастан дамыту керектігі д`лелденген. 
 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
317 
А.Страунинг,  М.Шустерман  танымдық  белсенділікті  дамыту  проблемаларының  `дістемелік 
қырына көңіл бөледі. 
Педагогикалық-психологиялық `дебиеттерде белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi[7]: 
•  Таным субъектiсiнiң ақыл-ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л. Рубенштейн).  
•  dртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).  
•  Адамның iс-`рекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды – ерiктiң ж`не ақыл-
ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).  
•  Бiлiмдi қарқынды меңгеруге `зiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А. Половников).  
•  Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу `рекетiнiң көрiнуi (Л.П. 
Аристова).  
•  Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай (Р.А. Низамов). 
•  Баланың өмiрлiк күшiнiң `серлiгi (Г.И. Щукина).  
Қазіргі таңда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуды жүзеге асырудың маз-
мұндық  ж`не  іс-`рекеттік  бағытының  педагогикалық  негізіне  арнайы  жүргізілген  зерттеу  жұмыс-
тары аз. dсіресе ғылыми негізін жүйелеп түсіндіретін осы бағыттағы зерттеу жұмыстары өз негізінде 
нақтылы шешімін табу қажет. Ғылыми зерттеулер мен т`жірибелерге жасаған талдау негізінде жүзеге 
асыру м`селесінің `лі де болса өзінің шешімін таба қоймағанын, ерте жастағы балалардың танымдық 
белсенділігін дамытуда түсініксіз м`селенің көптеп кездесетінін көрсетеді. Проблеманың өзектілігін 
талдау  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  ерте  жастағы  балалардың  танымдық  белсенділігін  дамытуда 
қоғамның қажеттілігі мен `лемдік білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін мұғалімдер мен т`рбие-
шілерді  к`сіби  даярлаудың  қажеттілігі  ж`не  Қазақстанның  педагогикалық  ғылымында  оның  негізгі 
жағдайларының  жеткіліксіз  теориялық  ж`не  т`жірибелік-эксперименттік  негізделуі  арасындағы 
қарама-қайшылықтың  шешілу  қажеттілігіне  `келіп  отыр.  Дегенмен  соңғы  кездегі  психология-
педагогика  ғылымы  саласындағы  зерттеулер  н`тижесі  балалардың  танымдық  қызығуын  неғұрлым 
ертерек  дамытса,  соғұрлым  олардың  болашақтағы  оқу  `рекеті  жемісті  болады,  -  деген  қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді. 
Баланың дамуы, саналы қалыптасуы оны т`рбиелеу мен оқыту процесінде үлкендердің іс-`рекеті 
баланы ерте жастан бастап субъектілік сапалары мен қасиеттерін дамытуға бағыттаған жағдайда ғана 
жүзеге  асады.  Баланың  ынтасын  үнемі  шектеп  отыру  оның  дамуын  тежейді.  Оның  дамуы    ұзаққа  
созылады, үлкен психикалық ж`не физикалық  күш жұмсауды қажет етеді, бала кін`мшіл болып, жас 
ерекшелік  дағдарысқа  ұшырайды.  Ересек  адам  мектепке  дейінгі  балаға  күшті  педагогикалық  `сер 
етеді,  ол  өзара  `рекет  үрдісінде  кешенді  `дістер  мен  т`сілдер  көмегімен  танымдық  белсенділікті 
қалыптастырады,  балалардың  психикалық:  ойлау,  қабылдау,  ес,  зейін,  сөйлеуді,  өзіне  сенімділікті 
ж`не  ынталылықты  дамыта  отырып,  олардың  белсенді  танымдық  іс-`рекет  пен  шығармашылыққа 
бой алуына көмектеседі.  
Күнделікті  өмір  барысында  бала  шындық  дүниенің  құбылыстары  мен  заттарын  анықтай  білуге, 
адам  баласының  жинақтаған  бай  т`жірибесін  үйренуге  талаптанады.  Балалар  өте  байқағыш,  елік-
тегіш, `р н`рсеге үңіле қарайды, көп н`рселер оларды ойлантады, өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбы-
лыстардың  сырын  білуге  құмартады.  Күн  сайын  олардың  алдында  жаңа  сұрақтар  туады.  Сол 
сұрақтың  жауабын  олар  ересектерден  күтеді,  өйткені,  олардың  түсінігінше,  ересектердің  білмейтіні 
болмайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн.  
Ересектер  дегеніміз - к`сіби ж`не мақсатты түрде кіші жастағы ж`не мектеп жасына дейінгі бала-
лардың  дамуына  ықпал  ететін  балаға  жақын  отбасындағы  адамдар,  мектепке  дейінгі  мекемелердегі 
мамандар.  Біз  балалармен  жұмыс  жасаймыз,  олардың  `рқайсысы  өзінше  `ртүрлі.  Олардың  барлығы 
`ртүрлі  психологиялық,  педагогикалық,  материалдық  ж`не  тағы  да  басқа  даму  жағдайында  болады. 
Ересектер  ерте  жастан  бастап-ақ  баланың  `рекеттерін  ұйымдастырады,  жеке  т`жірибе  жинақтауын 
қамтамасыз етеді, іс-`рекет  үлгілерін, оны дұрыс орындау т`ртіптерін көрсетіп береді. Үлкендердің 
функциясы баланың сабақ, ойын, еңбек үстінде өздігінен, шығармашыл белсенділігін арттыру, оған 
қажетті мөлшерлі көмек көрсету.  
Баланың  өмір  сүру  субъектісі  болып  қалыптасуында  балаға  үлкендердің  көзқарасы  маңызды. 
Бүгінде  т`рбиелеу  практикасында  мұндай  көзқарастардың  бірқатары  қарастырылады.  Мысалы, 
баланың жетістіктеріне назар аудармаушылық байқалады, олар үлкендерге аса маңызды емес сияқты 
болып  көрінеді.  Қолдау  таппағандықтан,  өзіне  назар  аударту  үшін  теріс  `рекеттер  жасай  бастайды. 
Бұл  бала  тарапынан  қарсылық  көрсетуге  `келіп  соғады,  балада  бастаған  ісін  аяқтау  сияқты  білік 
қалыптаспайды, баланың ынтасын тежейді. Үлкеннің мұндай `рекеті балада д`рменсіздік комплексін 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
318 
қалыптастырады – оның ісін қызықсыз ж`не біртекті күйге келтіреді, өзіндік `рекет пен ынталылық 
көрсетпейді.  Ерте  жастағы  балалар    немқұрайлылыққа  төзбейді  ж`не  қалай  да  болса  ересектердін 
назарын  аударуға  тырысады.  Осылай  ересектердің  ұзақ  уақыт  бойғы  немқұрайлылығының  салдары 
баланың теріс `рекеттер жасауына `келіп соғады, ол `ртүрлі қарсылықтар білдіріп, сол сияқты айна-
ласындағыларға  ашық  түрде  ынтасыздық  көрсетеді.  Балалардың  жағымсыз  істеріне,  білмегендікте-
ріне  «үлкендер  қатал»  талаптар  қояды  да,  жағымды  жақтары  аталмайды,  сол  күйінде  қабылданады. 
Мұндай  жағдайда  балалар  өздерінің  кемшіліктері  үшін  үнемі  теріс  баға  алады,  басқа  балалармен 
салыстыру  объектісіне  айналады.  Теріс  баға  баланың  ынтасын,  белсенділігін  төмендетіп,  кемшілік-
тері  үшін  қорқумен  шектеледі.  Балалар  мақтағанды  да,  ескертпелерді  де  оңай  ажыратады.  Ересек-
тердің  `ділетті  бағалауы  баланың  саналы  т`ртіптілігін,  өзіне-өзі  сенімін  дамытады.  Ересектердің 
«субъект-субъект» көзқарасы балаға өзіндік, шығармашыл `рекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі 
бар, қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті `зірге тұрақты емес, қалып-тасып болмаған болса 
да болмаса да өзіндік мақсаты мен талаптары бар адам ретінде қарауды көздейді. Баланың `рекетін, 
қылықтарын оң бағалау оны дамытудың, белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз. 
Ерте  жастағы  балаларға  ескерту  жасауды,  теріс  бағалауды  пайдаланғанда,  бала  емес,  оның  теріс 
қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман емессің, бірақ сен жаман қылық көр-
сеттің, ол дұрыс емес, себебі...» деп айту керек. Баланың іс-`рекеті мен оның н`тижесін бағалағанда 
алдымен  жағымды  жақтарын,  содан  кейін  жағымсыз  жақтарын  айтып,  оның  мүмкіндігіне  сенімді-
лікпен қарау қажет. 
Т`рбиелеу  ж`не  үйрету  `дістерінің  көмегімен  баланың  қоршаған  ортамен  байланысы  кеңиді:  ол 
өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді, үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағына-
ды,  ересек  адамдармен  бірінші  болып  `ңгіме  бастайды.  Басқа  балалармен  қарапайым  қарым-қаты-
настары пайда болады: бала құрбылары мен олардың `рекеттеріне еліктейді, қызығушылық танытады, 
бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына қосылуға талаптанады. 
Сонымен, ерте жастағы балалардың субъектік қасиеттері мен сапаларын қалыптастыруды баланы 
өзара  `рекеттестіктің  тең  құқылы  қатысушысы  ретінде  қабылдап,  оның  мүддесі  мен  сұраныстарын 
ескере отырып, `рекеті мен қылықтарын объективті түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін артты-
ру ж`не дамыту үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек. Бұл жол 
үлкендерден  шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан адамға ж`не оның ұдайы жетілуіне деген 
қамқорлық пен сыйластықты талап етеді. 
 
1  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.n.Назарбаевтың  Парламент  палаталарының  бірлескен 
отырысында Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2008жылғы 7 ақпан.
  
 
2  Р.  К.  Аралбаева  Мектепке  дейінгі  педагогика:  «Мектепке  дейінгі  оқыту  жeне  тeрбиелеу»  мамандығы 
бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық – Алматы: 2012 ж.
 
3 Философский энциклопедический словарь. М.: ИНФРА-М, 2002. 
 
4  Божович Л.И.  Избранные  психологические  труды.  Проблема  формирования  личности.  М.:  Педагогика, 
1995.
 
5 Костюк Г.С. Избранные психологические труды. Москва, 1988.
 
6 Гримак Л.П. Резервы человеческой психики
: Введение в психологию активности – М:.Полиздат,1989. 
7 Педагогическая энциклопедия в 4-х т/ под ред. Каирова. М.: Советская энциклопедия, 1966
.
 
 
Резюме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет