С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


«Дастарқан» концептісінің ұғымдық-заттық бөлігі



Pdf көрінісі
бет183/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   587
«Дастарқан» концептісінің ұғымдық-заттық бөлігі. Бұл түсінік дастарқан сөзінің негізгі ұғым-
дық-заттық  мағынасы  болып  табылатын  пішіні eр қилы – төрт бұрышты немесе дөңгелек, сопақша 
болып  келетін,  матадан  не  кленкадан  жасалған  үстіне  түрлі  тағам  қоюға  арналған  бұйым  деген 
архисема  негізінде  қалыптасқан.  «Тағам  қоятын  бұйым»  деген  нақты  ұғымды  білдіретін  деректі  зат 
атауы  мағынасы  семантикалық  жағынан  кеңейіп,  ары  қарай  келесі  ұғым-түсініктер  пайда  болған: 
тамақ, дeм [5, б. 106]. Осы тамақ, дeм түсініктері негізінде дастарқанның түрлері мен мақсаты, қыз-
меті  қалыптасқан.  Дастарқан  арнайы  мақсатта  немесе  тосыннан  келген  қонаққа  жайылуы  мүмкін. 
Осыған сай оның екі түрі келіп шығады. Қай дастарқан түрі болмасын, қандай мақсатта жайылмасын 
қазақ  м`дениетінде  бұл  ұғымның  жақсылықты  көздейтін,  жағымды  ізгі  ниетке  ғана  жайылатынды-
ғын байқау қиын емес. Бұл – бір. Екіншіден, қай дастарқан болмасын, тек тамақ ішу, жеу, физиоло-
гиялық  қажеттілікті  қанағаттандырудан  ғана  тұрмай,  қосымша  бірнеше  маңызды  қызметтерді  де 
атқарған. Олар:  
1)  келген немесе арнайы шақырған қонағын төрге отырғызып, алдына барлық д`мді асты қоюы – 
адамға деген құрмет пен сыйластықтың белгісі;  
2)  қонақтың ретіне қарай (мысалы, құда, ағайын-туыс,  күйеу,ж`не т.б.) арнайы сойылған малдың 
етін  асып,  дастарқанға  қояр  кезде  `р  қонақтың  жөніне  сай  табақ  тартылады,  яғни  табақта    малдың 
мүшесі салынады: құдаға – бас қою; күйеу жігіттің табағына – төс салу; малдың басқа да мүшелері 
жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, жауырын ж`не т.б. жөн-жобасына қарай табаққа салынады) – бұл 
үй  иесінің    қонаққа  көрсеткен  құрметін  жeне  үй  иесінің  өз  ісіне  жауапкершілікпен  қарайтынын 
көрсетеді;  
3)   дастарқан  басында  отырғанда  түрлі  тақырыптарда  ақылдасу,  кеңесі,  ой  бөлісу,  түрлі  `ңгіме-
лердің қозғалуы – дастарқанның ақпарат алмасу орны екендігін көрсетеді;   
4)   дастарқан  үстінде  астан  бірінші  кезекте  жасы  үлкен  адам  ауыз  тиеді,  қалғандары  тек  содан 
кейін ғана д`мге қол созады – бұл үлкенге деген құрметті паш етеді;  
5)   дастарқан  басынан  басқалардың  тамақтанып  болуын  күтпей  тұрып  кету  `депсіздік  саналады, 
бұл да отырғандарға деген құрметті көрсетеді ж`не адамды шыдамдылыққа, өзгені сыйлауға тeрбие-
лейді, егер асығыс болған жағдайда дастарқан басындағы үлкен кісінің рұқсатын алып барып, тұрады;  
6)  арнайы жайылған дастарқанда үй иесі, оның жақындары келген  қонақтарға құрметпен қызмет 
етеді  –  бұл  ағайын-туыс  арасындағы  ынтымақтастықты  аңғартады  ж`не  жастарды  осындай 
көпшілік орындарда бірігіп eрекет етуге  тeрбиелейтін орын болып табылады
7)   арнайы  қонақтар  шақырылғанда  олардың  `н-күй  тыңдап,  демала  отыруын  қамтамасыз  ету 
мақсатында  үй  иелері  шешен  адамдарды,  өнер  адамдарын  да  дастарқан  басына  шақырып,  қонақта-
рына  қызықты  `ңгімелер,  `н-күйлер  тыңдатуды  да  ұмытпаған  –  бұл  дастарқан  басының  арнайы 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
114 
демалыс орны да болып табылатындығын аңғартады.  
Осы  айтылғандарға  қазақ  тілінің  сөздік  қорында  кездесетін  мынадай  сөздер  тіркесімі,  тұрақты 
тіркестер  д`лел  бола  алады:  дастарқанның  жағымды  түсінікте  ғана  қолданылуы:  қасиетті дастар-
қан, киелі дастарқан, ақ дастарқан, дастарқанды аттамау; мол дастарқан; қонақты ерекше қадір-
леуі:  қырықтың  бірі  –  қыдыр;  құтты  қонақ  келсе,  қой  егіз  табады;  қонақты  қусаң  ырыс,  береке 
қашады; қонақпен бірге құт, береке еріп келеді; келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады. 
Осымен байланысты болса керек, қазақ үйіне келген қонаққа есік ашып, алдымен қонақты кіргізеді,  
өзі соңынан кіреді, ал қонақты шығарып салғанда керісінше, қонақты бірінші шығарып, артынан өзі 
шығады, есікті жабады. Бұл қонақпен шаңыраққа келген береке-ырыс үйге кірсін дегені.  
Жалпы  қазақтың  қонақжайлық  қасиеті  оның  ұлттық  менталитетінің  негізгі  көрсеткіші  деуге 
болады.  Біз  ұлты  қазақ  азаматтары  арасында  сауалнама  жүргіздік.  Мақсат  –  қазіргі  қонақжайлық 
дeстүрінің  қазақ  мeдениетіндегі  дeстүрлі  қонақжайлықтан  қандай  айырмашылықтары  бар?  ж`не 
ол немен байланысты? оның салдары қандай? деген  сауалдарға  жауап  іздеу  болды.  Бұл  сауалдарға 
жауап  ала  отырып,  біз  «дастарқан»  концептісінің  бейнелеуіштік-ассоциациялық  құрылымын 
анықтадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет