С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет182/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   587
Түйін сөздер: рухани м`дениет, қонақжайлық, дастарқан, концепт, ассоциативтік сауалнама, құндылық. 
 
Тіл – ұлт тарихы мен м`дениетін бойында сақтап, этносқа қатысты құнды м`ліметтерді ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізуші құрал. Ұлттың тұрмыс тіршілігі, өмір сүру салты – оның дүниетанымы мен м`де-
ниетінің  қалыптасуына  ықпал  ететін  фактор.  Халықтың  өмір  сүру  салты,  олардың  д`стүрлі  `рекет-


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
113 
тері, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастар, `дет-ғұрыптардың ең айқын көрінетін жері – бұл 
халықтың д`стүрлі асханасы [1, б.71]. «Ұлттық асхана» ұғымы материалдық м`дениеттің бір бөлшегі 
ж`не қазақ м`дениетінде бұл түсінік аясында бірінші ойға оралатыны дастарқан сөзі. Сөздің беретін 
негізгі мағына астарында жатқан м`дени ақпараттарды тауып, түсіне білу арқылы сол ұлттың өмірін, 
болмысын, табиғатын тануға болады.  
Дастарқан  –  иран  сөзі.  Түсіндірме  сөздікте  дастарқан  сөзінің  үш  түрлі  мағынасы  ашып  көрсе-
тілген:  
1) үстіне ас-тағам, ыдыс-аяқ қою үшін жайылатын ақ жаулық;  
2) этнограф. термин. Қазақ ұғымындағы отбасының береке-бірлігін, құтты, киелі қонақжайлықты, 
үй  иесінің  абыройын,  ризық-несібесін  білдіретін,  үнемі  барынша  мол  жайылуы  иесінің  пейілін 
көрсетеді деп саналатын қастерлі ұлттық мүлік;  
3) ауыс. Ішім-жем, ризық, д`улет [2, б. 512].  
Осылардың ішінде қазақ ұғымындағы дастарқан сөзінің беретін мағынасы күрделі екендігі екінші 
анықтамадан көрінеді. Ұлттық дүниетаным тұрғысынан «дастарқан» ұғымының түсінік аясын оның 
мағынасына  семантикалық  талдау  жасап,  бұл  ұғымды  концепт  ретінде  қарастырғанда  көз  жеткізуге 
болады. «Концепт дегеніміз – `р түрлі белгілер арқылы білдірілетін, түрлі тілдік т`сілдер мен құрал-
дар  арқылы  іске  асырылатын  құрылымы  күрделі  `лем  туралы  қандай  да  бір  үзіктің  (фрагменттің) 
немесе осындай үзіктер бөлігінің көрінісі» [3, б.10]. В.И.Карасик концептінің үш бөліктен тұратын-
дығын айтады: ұғымдық-заттық бөлік; бейнелеуші-ассоциативтік бөлік; құндылық [4, б.127].   
Қазақ  м`дениеті  мен  қазақ  дүниетанымындағы  дастарқан  туралы  ұғым-түсінікті  ғалымның  осы 
концептіні  құраушы  бөліктер  теориясы  негізінде  анықтағанда,  бұл  түсінік  бойында  төмендегідей 
мағыналық құрылымдардың  бар екендігі белгілі болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет