С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндірілсе



Pdf көрінісі
бет475/587
Дата06.01.2022
өлшемі7,04 Mb.
#13134
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   587
сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілетін ерекше қабілет» деп түсіндірілсе [1], Б.М.Теплов 
дарындылықты «қандай да бір `рекетті орындауда табысқа қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз еткі-
зетін қабілеттердің сапалық үйлесімі» деп анықтаған. Мұнда дарындылық қабілеттердің механикалық 
тұрғыдағы  жиынтығы  емес,  оған  кіретін  компоненттердің  өзара  `рекеттестігінен  туындайтын  жаңа 
сапа  деп  түсіндіріледі  [2].  Яғни  аталған  екі  пікірге  ортақ  түсінік:  дарындылықты  қабілеттің  жоғары 
д`режесі деп тануы.  
Дарындылық  қандай  да  бір  `рекеттегі  табысты  емес,  осы  табысқа  қол  жеткізу  мүмкіндігін  ғана 
қамтамасыз  етеді.  Тапсырманы  с`тті  орындап  шығу  үшін  қабілеттер  кешенінен  бөлек,  білім,  білік, 
дағды қажет.  
Дарындылықты анықтау критерийлері:  
1.  `рекет түрі ж`не оны психикада қамтамасыз етуші аймағы;  
2.  қалыптасу д`режесі; 
3.  көріну формасы;  
4.  түрлі `рекетте көріну кеңдігі; 
5.  жасқа сай даму ерекшелігі [3].  
 
 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
320 
В.В.Щорс бойынша дарындылық түрлері: 
1.  Көркем  дарындылық.  Ол  `ртістік  шеберлік,  `дебиет,  `н,  мүсін,  техника  салалары  бойынша 
дарындылық деп бөлінеді. Көркем дарындылық сезімге негізделеді.  
2. Шығармашылық дарындылық. Ол баланың `лемді стандартты емес қабылдауы мен түсінуінен 
байқалады. Мұндай дарындылықтың 4 белгісі бар:  
1) ерекше идея мен өнім— кез келген м`селенің ерекше шешімін, стандартты емес жолын табу; 
2) жаңа ж`не күрделі жағдаяттарда идеяларды табу қабілеттілігі;  
3)  үлгіге  икемделе  ойлану  —  объектінің  жаңа  мүмкіндіктерін  көру  мақсатында  оның  формасын 
өзгерту қабілеттілігі. 
3.  dлеуметтік  (көшбасшылық)  дарындылық  –  өзге  адамдармен  ұзақ  уақыттық  өзара  қарым-
қатынас орната алу қабілеттілігі.  
4.  Зияткерлік  ж`не  академиялық  дарындылық  –  талдауға,  ойлауға,  фактілерді  салыстыруға 
қабілеттілік.  
5. Қозғалыстық (психомоторлық) дарындылық – спортқа қабілеттілік.  
6. Моральдық сапалармен байланысты рухани дарындылық.  
7. Практикалық дарындылық  - күнделікті өмірде зияткерліктің жоғары деңгейін көрсету  [4]. 
Неміс  психологы    В.Штерннің  пайымдауынша,  дарындылық  –  бұл  жеке  тұлғаның  өз  ойын  жаңа 
талаптарға  саналы  түрде  бағдарлай  алуға,  психиканың  жаңа  міндеттер  мен  өмір  шартына  икемделе 
алуға қабілеттілігі [5].  
Ағзаның  табиғи  қажеттілігі  өзінен-өзі  адамның  дарындылығына  айналмайды.  Ол  тек  адамның 
дарындылығын айқындайтын шарттар жүйесінің бөлінбес компоненті болып табылады. Дарындылық 
ағзаның емес, жеке тұлға дамуының ішкі  мүмкіндіктерін көрсетеді.  
Дарындылық адамның нақты `рекеті жүзеге асатын  жағдайларға байланысты ғана байқалады. Ол 
осы  `рекетті  орындауға  адамның  ішкі  мүмкіндігі  мен  сол  уақыттағы  психологиялық  жағдайын 
көрсетеді. Дарындылық динамикасы үшін талаптар деңгейі үлкен рөл атқарады. Бұл дарындылықтың 
дамуына `сер ету үшін оқу талаптары да жоғары д`режеде болуы қажет деген сөз.  
Дарындылық  м`селесіне  арналған  `дебиеттерде  жалпы  ж`не  арнайы  дарындылыққа  байланысты 
пікірталастырарлық ой көтеріледі. Ч.Спирмен, В.Штерн, Э.Мейман, Т.Циген, Э.Торндайк ж`не ассо-
циативтік  психология  өкілдері  жалпы  дарындылықтың  бар  екенін  мойындай  отырып,  ол  арнайы 
қабілеттің құрамында болады деген пікірді алға тартады.   
В.Штерн  ақыл-ой  жасы  мен  хронологиялық  жасы  арасындағы  қатынасты  орнату  мақсатында 
интеллектуалдық коэффициент (IQ) ұғымын енгізді. Бұл тек қана дарындылық деңгейін емес, соны-
мен бірге даму қарқынын да анықтау мүмкіндігі. Негізінен IQ оның  белгілі бір кезеңдегі даму дең-
гейін  ғана  анықтайды.  Дарындылықты  өлшеудің  практикалық  маңызы  өмір  сүру  шарттарына 
байланысты ары қарайғы дамуын болжауда болып отыр.  
Дарындылық жайлы аталғанда талант пен данышпандық оның бір қыры ретінде қарастырылатын 
кездері кездеседі.  
Талант  –  адамның  белгілі  бір  `рекет  түріне  жоғары  қабілеттілігі.  Бұл  күрделі  еңбек  `рекетін    өз 
бетінше  табысты,  ерекше  үлгіде  орындап  шығуына  мүмкіндік  беретін  жоғары  деңгейде  дамыған 
арнайы қабілеттер жиынтығы [5]. Балалық шақта-ақ музыка, математика, лингвистика, техника, спорт 
ж`не т.б. салалар бойынша таланттың алғашқы белгілері байқалуы мүмкін. Таланттың қалыптастып, 
дамуы өмірдің қоғамдық-тарихи шарттары мен адам `рекетіне байланысты.  
Данышпандық – жеке тұлға дарындылығының ең жоғарғы деңгейі, қоғам үшін тарихи маңызы бар 
шығармашылық. Данышпан, бейнелі түрде айтқанда, өз білімі аумағында жаңа эпоха жасайды [1]. 
Көп  жылдан  бері  оқушылардың  қабілеттілігі  түрлі  олимпиада,  ғылыми  конференция,  турнир, 
көрме, жеке п`нді тереңдетіп оқытатын мектеп, лицей, гимназияларда, жазғы мектептер мен сауық-
тыру-дамыту мекемелерінде анықталып, бағаланатын.  
Қазіргі уақытта балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге үлкен жауапкершілік артылған: топта 
психологиялық орта мен эмоционалды жайлылық орнату, қандай да бір `рекет түрінде табысқа қол 
жеткізу.  Басты  м`селе  –  шығармашыл,  дарынды  тұлға  дамыту.  Данышпан  жүз  жылда  бір  туылуы 
мүмкін,  бірақ  талантты  ж`не  қабілетті  балалар  көп,  тек  олардың  даму  мүмкіндігін  жіберіп  алмау 
керек.    Мұндай  балалар  үшін  оқу  ерекше,  жеке  `леуетін  дамытуға  бағытталатындай  болуы  қажет. 
Осыдан қоғамдық сипаттағы өзекті м`селе туындайды: балалық шақтан бастап дарындылықты сақтау 
үшін жағдай жасау ж`не дамыту.  
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   471   472   473   474   475   476   477   478   ...   587




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет