С. Ж. Бахтиярова



Pdf көрінісі
бет2/125
Дата18.10.2023
өлшемі4,53 Mb.
#118227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
УДК 796/799(075) 
ББК 75.711я7 
ISBN 978-601-266-148-4 
© Бахтиярова С.Ж., 2013. 
© М.Ӛтемісов атындағы БҚМУ РБО, 2013. 



АЛҒЫ СӚЗ 
Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын кӛпшілікке 
танымал спорттың бір тҥрі болып табылады. Жеңіл атлетика 
спортының әртҥрлі тҥрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар кӛптеп 
айналысады. Спорттың осы тҥрінің танымалдығын былай тҥсіндеруге 
болады, яғни бҧл спорт тҥрі ӛзінің ҧйымдастырылуы ҥшін аса қымбат 
тҧратын спорттық қҧрал-жабдықтарды, арнайы қҧрылысты талап 
етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту 
мақсатында кӛп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. 
Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты ӛмір салтын 
қалыптастырады, бос уақытын белсенді ӛткізуге, адамның жалпы 
дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен 
байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге «Жеңіл атлетика» жалпы 
білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене 
тәрбиесінің міндетті оқу бӛлімі болып табылады. Ал мамандану
ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. 
Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына 
кіретін спорттың тҥрлерін де қамтиды. Сонымен бірге Олимпиадалық 
болып табылмайтын жеңіл атлетика тҥрлері де бар, бірақ олар 
бойынша әртҥрлі жарыстардың тҥрлері ӛткізіледі. 
Дененің қозғалыс белсенділігі аясында жаяу жҥрулер және 
жылдамдыққа жҥгірулер адамның ағзасының жалпы нығаюына және 
жҧмыс жасау қабілеттілігінің жоғарлауын қамтамасыз ететін міндетті 
қозғалыс режимі талаптарының негізі болып табылады. Себебі, жаяу 
жҥру мен жҥгіру кезінде денеге тҥсетін кҥшті реттеу қиын емес, дене 
жаттығуының бҧл тҥрі әртҥрлі жастағы адамдарға қол жетімділігімен 
тиімді. 
Қазіргі уақытта біздің елдерде әртҥрлі жас тобындағы адамдар 
арасында жҥгіру бойынша жарыстар ӛткізілуде. Мҧндай жарыстарға 
қатысушылар саны да кҥннен-кҥнге арытуда. Сирек спортшылар 
жасы 70 және одан асқан жасты қҧрайды. Жеңіл атлетика 
жаттығуларымен айналысу тҧлғаны жан-жақты дамытып, дене 
шынықтыру және спортты насихаттау мен ҥгіттеудің бірі ретінде 
қызмет етеді. 
Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді 
орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар 
ерекше қҧрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртҥрлі 
тҥрлерін кірістіреді. 



Бҧл оқу қҧралында «Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» курсын 
оқыту ерекшеліктері ашылып, спорттық жеңіл атлетиканың әртҥрлі 
тҥрлерінің жіктелуі мен жалпы сипаттамасы берілген, стадиондарда 
және алаңдарда жеңіл атлетика тҥрлері бойынша спорттық жарыс-
тарды ӛткізу ережелерінің ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен 
қатар оқу қҧралында жеңіл атлетика жаттығуларының орындалу 
техникасы, ҥйрету әдістемесі мен тиісті әдістемелік нҧсқаулар 
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет