С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология


Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым



бет5/97
Дата27.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#110901
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Байланысты:
Исаев учеб

Тілдің грамматикалық құрылысы жайында ұғым
Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған (тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастығы сол жүйелерне тән белгілі заңдылықтарға негізделеді.
Сөз тілде сөйлеу процесі арқылы өмір сүріп отыратындықтан, ол басқа сөздермен әр түрлі қарым-қатынасқа түсіп, түрлі тұлғаларда жұмсалып, соған лайық әр түрлі мән-мағына үстеліп, қызметке ие болып, ойды білдіруге қатысады. Бұлардың әрқайсысы әр деңгейден көрініп, кіші бөлшектер бірігіп келіп, үлкен бөлшек жасап, одан үлкен бір единица – ойды білдірудің тілдік бөлшегі – сөйлемге ұласады. Міне, сөйтіп, сөздің әр түрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты және соның ішікі және сыртқы көріністері болып табылатын осындай тілдік элементтері тілдің грамматикалық құрылысын көрсетеді.
Тілдің грамматикалық құрылысы деген ұғымға грамматикалық мағыан, грамматикалық форма, яғни сөз, оның формалары мен жүйесі, сөздердің бір-бірімен қатынасы, тіркесі, сөйлем құрауы жатады.
Грамматиканың салалары: морфология және синтаксис.
Грамматиканың екі саласы - морфология мен синтаксистің әрқайсысына тән өз объектілері бар. Әрине, олардың арасында байланыс жоқ емес.
Морфология – морфема ретіндегі сөз және оның формалары, сөз тұлғалары білдіретін грамматикалық мағыналары туралы ілім. Морфология сөздің сөйлеу процесінде белгілі заңдылықтардың негізінде бір-бірімен әр түрлі қарым-қатынасқа түсіп, соның негізінде әр түрлі тұлғалар арқылы түрленіп, грамматикалық мағыналар үстеліп, түрлі қызмет атқаруын жеке-жеке қарамай, әр түрлі белгілеріне байланысты топтарға бөліп, сол топтардың әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық сыр-сипатын анықтайды. Соның арқасында грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория деген ұғымдар туады, сөздің түрленуі, өзгеру жүйелері, бөлшектенуі, қызметі айқындалып, сөз таптарына топтасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет