С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет32/97
Дата27.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#110901
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97
Байланысты:
Исаев учеб

Барыс септігінің басты грамматикалық мағынасы – жанама объекті мен қимыл, іс-әрекеттің кімге, неге, қайда бағытталғанын көрсету, атап айтқанда, қимылдың, іс-әрекеттің барып тірелер жерін, аяқталар шегін (қалаға кетті, үйге келді) кімге, неге бағытталғанын (кісіге берді, қонаққа ұсынды), қимылдың мақсатын, не үшін істелгенін (көруге кетті, оқуға келді), қимылдың мөлшерін, мезгілдің шегін (екі метрге созылды, жазға жетті), сынның неге қатысын (малға бай, сөзге сараң) т.б. сияқты мәндерді білдіру. Барыс септікті сөз дейш, шейін, қарай, таман, тарта сияқты септеулік шылаулармен тіркесіп, сандық, мезгілдік, мекендік шекті білдіреді: ауылға дейін еріп барды, бірінші қарға дейін күзеуде отырды, үркер ауып барады айға таман..., ол ауылға қарай жөнелді.
Барыс септік жалғауы кейде (сирек) түсіріліп те қолданылады Мәскеу - (-ге) бардым, не көрдім? Туысқан-туған ел көрдім (Жамбыл). Сондай-ақ кетті етістігімен тіркесіп айтылған жер-су, мекен аттарындағы барыс септік жалғауы да кейде түсіріліп айтылады: Алматыға кетті - Алматы кетті. Қазіргі тіліміздегі ер жету, бой жету тұрақты тіркестері тарихи жағынан ерге жету, бойға жету түрлерінен, алдыңғы сөз барыс септікті тұлғадағы үлгіден қалыптасқан. Қазақтың әр кездегі жазба нұсқалары тілінде ерге жету, бойға жету түрінде ғана қолданылуы, сондай-ақ жету етістігінің әдетте барыс септік тұлғадағы сөзді меңгеретіні: мемлекетке жету, мұратына жету, арманына жету, жасына жету (жасына жетпей қартайып...), түбіне жету т.б. пікірімізді толық дәлелдейді.
Сөздердің семантикасына байланысты әр түрлі тұлға құрамындағы барыс септігіндегі біраз сөз адвербиалданып, үстеуге айналып кеткен: алға, артқа, кешке, бас-басына, алды-артына, бірге, жатқа, жоққа, күн ұзаққа, күніне, текке, қолды-қолына, өз алдына т.б.
Табыс септігінің білдіретін грамматикалық мағынасы - қимыл, іс-әрекеттің тура бағытын білдіріп, тура объектісі болу. Сондықтан да табыс септігіндегі сөз сабақты етістікке (мейлі ол жалаң, мейлі күрделі етістік болсын) меңгеріліп отырады да, толықтауыштық қатынаста ашық та, жасырын тұрып (түсіп қалып) та жұмсалады. Өзі тіркесіп тұрған етістіктің алдында жалпы абстракты мағынада келгенде, табыс септік кейде түсіп қалады: кітап оқыдым (яғни әйтеуір бір кітап оқыдым), жеміс сатып алдым (жалпы жеміс сатып алу), маған ойыншық әперді (әйтеуір бір ойыншық әперді) т.б. Ал табыс септіктегі сөз айқындылық, белгілілік мәнде айтылса, оған ой екпіні түссе, оның өзін айқындап, саралап тұратын анықтауышы болса, немесе табыс септіктегі сөз бен оны меңгеріп тұрған етістік арасына басқа бір сөз түссе, табыс септік жалғауы түспей қолданылады: кітапты мен оқыдым немесе кешегі кітап-ты түгел оқыдым, бұл жемісті сатып алдым немесе жеміс-ті кеше сатып алдым, маған осы ойыншық-ты әперді т.б. Бұндай қолданыстарда табыс септік жалғауын түсіріп айтуға болмайды.
Табыс септігі атау, ілік септіктері сияқты шылаулармен тіркеспейді. Табыс септігіндегі сөз сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет