С мәтіні Таяу жылдарда Мамандықтарға сұраныс артады


Жеке кәсіп табыс көзі болу үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс?



бет4/8
Дата04.04.2023
өлшемі29,2 Kb.
#79100
1   2   3   4   5   6   7   8
Жеке кәсіп табыс көзі болу үшін қандай қадамдар жасаған дұрыс? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
3-сабақ
Отандық өнімдердің әлемдік бәсекеге қабілеттілігі
А мәтіні
Отандық өндірісте ең алғаш тамақ өнеркәсібі жолға қойылды деуге бо­лады. Мәселен, еліміздегі сүт өнімдерінің 75 пайызын шығаратын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент т.б. қа­ла­лар­да орналасқан сүт зауыттары болса, май шай­қау, сыр қайнату өнеркәсібіне мал шаруа­шылығымен айналысатын Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан секілді экономикалық аудандары мол үлес қосты. Сөйтіп еліміздің базарлары мен басқа да сауда орталықтарында өзі­міз­дің өнімдер сатыла бастады. Ал отандық кон­­дитерлік салада өзінің сапалы өнім­де­рі­мен танылған «Рахат» кондитерлік фаб­ри­касынан шыққан тәтті түрлерінің көп­тігі және сапасы тұты­ну­шы­лар­дың көңілінен шы­ғып, тұрақты пай­да­лану­шы қалып­тас­тырды. Сол сияқты Қостанайдағы «Баян Сұлу», Қарағандыдағы «Қарағанды Кон­фет­тері» кондитерлік зауыттары да отандық кондитер саласын дамытып, ішкі нарықты қамтамасыз етіп қоймай, өзге елдерге сатуда табысқа жетті. 
В мәтіні
Қазақстан әлемдегі тауар экспорттаушы елдер арасында 43-ші орында тұр. Қазақстан­дағы экспорт көлемі ішкі жалпы өнімнің 37 пайызын құрайды. Қазақстан бірқатар өнім түр­лерін экспорттауда жетекші орындарға шық­ты. Уран экспорттаудан 1-орынға, ұн экс­­порт­­таудан 2-орынға, мұнай экспортынан 9-ор­ын­ға, бидай экспортынан 10-орынға ие болды. Қазақстан әлемнің 119 еліне өнім экспорт­тайды.Қазақстандық көптеген дайын тауарлар үшін Кеден одағы негізгі өткізу рыногы болып табылады. Айналмалы темір сақина­лардың 95 пайызы, мыс сымдардың 93 пайызы, акку­муляторлардың 85 пайызы, металл құбырлардың 78 пайызы, кондитерлік бұйымдардың 55 пайызы, портландцементтің 49 пайызы, транс­форматорлардың 47 пайызы осы рынокқа экспортталуда.
С мәтіні
Бүгінгі күні экспорттық тауарлардың сапасы айтарлықтай жақсарды. Шетелге шығарылатын өнімдердің үштен бірі экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Кейбір тауарларүшін жаңа нарықтар ашылды. Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Фармацевтикалық препараттар мен медициналық бұйымдар негізгі нарықтардан бөлек алғаш рет Моңғолия мен Вьетнамға экспортталды. Сондай-ақ, металлургиялық және химиялық өнімді өткізу нарығы кеңеюде.Тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Экспорттың жалпы көлемі 1,6 млрд.АҚШ долларын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет