Д мәтіні — Жалпы зауыт туралы айтып бересіз бе? — Есімім — Әсел Жанболатқызы, осы «Сапа Су» ЖШС-інде инжинер болып қызмет атқарамын. Біздің кәсіпорын таза отандық кәсіпорын. Өнімдеріміз тек Қазақстандық шикізаттан дайындалады. Жұмыс істеп келе жатқанымызға бес жылдың жүзі болды. Өнімдер жоғары сұранысқа ие деп айтсам, қателеспеймін. Себебі зауыт отандық нарықта бәсекеге қабілетті. Келесі жылдан бастап, экспорт мәселесімен де айналысуды көздеп отырмыз. Әзірге Қазақстандағы ірі қалаларды құбырмен қамтудамыз. Ал бұл құбырлар көбіне ірі қалалардағы кәріз сулары мен өзге де қалдықтарын қала сыртына шығару үшін пайдаланылады. Бір құбырдың өзінің қолданылу мерзімі 100 жыл. Сондықтан сапалы өнім қашан да қажет деп ойлаймын.
Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле. 1. Қазақстан әлем елдеріне экспорт жасайды ............................В
2. Қазақстан кондитерлік өнімдерді экспорттаудан танымал...............................А
3. Қазақстан уран экспорттаудан бірінші орынға ие..........................................В
4. Экспорттық тауардың сапасы жақсарған ........................С
5. Отандық кәсіпорын сапаға ерекше мән береді ........................С
6. Зауыт әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті...................................Д
7. Қазақстандағы экспорт көлемі ішкі жалпы өнімнің 37 пайызын құрайды....................................А
8. Әсел қашанда сапалы өнім болғаны дұрыс дейді. ....................Д
9. Тамақ өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері шетелдерде үлкен сұранысқа ие.....................................С
10. Еліміз дайын тауарлар үшін Кеден одағы негізгі өткізу рыногы болып табылады....................В
2-бөлім Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз.
* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180