С мәтіні Таяу жылдарда Мамандықтарға сұраныс артады


Отандық өнімдер әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ме?



бет6/8
Дата04.04.2023
өлшемі29,2 Kb.
#79100
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
11 б емтихан тапсырмалары

Отандық өнімдер әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ме? [Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
4-сабақ
Отандық танымал кәсіпорындар жетістігі
А мәтіні
Қазақ мәдениетінің жаңару кезеңінің символындай Қазақстандағы ең алғашқы қайталанбас қазақтың ұлттық киімдерін зерттейтін және тігетін, өзінің тауар маркасы бар өз бастауын 1947 жылдан алатын бірден-бір ғылыми орталық «Сымбат» сән Академиясы. Бұл сән Академиясы Қазақстан Республикасының беделін халықаралық деңгейде көтеріп, ұлттық киімдерімізді әлемге танытып жүрген кәсіпорын.
Танымал кәсіпорынның бірі – 1997 жылы шаңырақ көтерген «Ерке-Нұр» фирмасы. Негізгі бағыты, ұлттық киім және ұлттық киім үлгілерінің негізінде, өркениет талғамына сай қазіргі заманғы киім тігеді. Бұл фирманың Республика тігін индустриясында алатын орны ерекше. Онда тігілетін ұлттық киімдердің халықтың сұранысына ие болып жүргені бізді қуантады. («Қазақ халқының ұлттық киімдері» энциклопедиясынан)


В мәтіні
Елімізде жеңіл өнеркәсіп жылдан-жылға дамып келеді. Соңғы жылдары, әсіресе, Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп қанатын кеңге жайып келеді. Сондай өнеркәсіп орындарының бірі – Алматы тоқыма фабрикасы. Фабрика жаңа стильдегі жоғары сапалы киім, әртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен кәдесыйлар шығарады. Алматы тоқыма фабрикасы – сапалы өнім өндіруші кәсіпорын. Фабрикада тек қой жүнінен ғана емес, мақтадан да түрлі өнім өндіріледі. Мақта өнімдері де жақсы болады. Бұл фабриканың өнімдері тұтынушылардың сұранысына ие. Онда ерлер мен әйелдерге, балаларға арналған тоқыма бұйымдар мен киім-кешектің сан алуан сәнді үлгілері өндіріледі. Қалада Алматы тоқыма фабрикасының өнімдерін сататын дүкендер де өте көп. Бұл дүкендерге түскен тауарлар лезде сатылып кетіп жатады. Өйткені сапалы тауар өтімді болады әрі бұл кәсіпорынның өнімдерін тұтынатын тұрақты тұтынушыларының саны да көп болады.


С мәтіні
Қазақстандықтар отандық өнімдерді тұтынады. Отандық өнімді пайдалану отандық кәсіпкерлер үшін тиімді. Сапалы тауарлардың иесі – отандық кәсіпкерлер. Олар өнімдерінің өтімді болуы үшін тұтынушы көңілінен шығуды міндет санайды. Сондықтан да болар отандық өнімге деген сұраныс артып келеді.
Соңғы уақытта Қазақстанда отандық өнім өндіретін кәсіпорындардың саны артып келеді. Елімізде тұтынушы қажеттілігін отандық өнімдер өтейді. Қазақстан халқы тек отандық өнімдерді пайдаланады.


Д мәтіні
1961 жылы қаланған «Тараз былғары етік» ЖШС фабрикасының аяқ киім өнімдерінің сапасын айтпасқа болмас. 365 адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік жылына 157 мың пар былғары аяқ киім шығаруға қауқарлы. Тауарлары Жамбыл облысымен қатар Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында сұранысқа жоғары фабрикада 415 адам еңбек етеді екен. 2009 жылы өндіріс орнын қайта жасақтау және жаңғырту бағытында екінші деңгейлі банктерден 2 миллион 200 мың еуро несие алып, оған Германиядан аяқ киімнің табанын құйып шығару мақсатында «ДЕСМА» қондырғысын сатып алынды. Сол жылы тағы да 1 миллион еуро несие алу арқылы қосымша «Маскони», «Рици», «Картигльяно», «Джиматто», «Карлесси», «Мастордини» секілді қондырғыларды іске қостық. Бүгінде былғары аяқ киімге сұраныс күн санап артуда. Қырғызстан мемлекетіне экспортталады. Аяқ иім бағасы 7-15 мың аралығында, – дейді кәсіпорынның бас директорының орынбасары Шамухтар Шаюнусов. Оның айтуынша, өндіріс ошағында аяқ киімнің 70 түрі шығарылады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет