Төменде берілген тұжырымдардың өзара қандай байланысы бар екенін анықта, қай мәтінге қатысты екенін белгіле. 1. Жеңіл өнеркәсіп ірі қалаларда жақсы дамыған ............................В
2. Отандық өнімді тұтыну кәсіпкерлер үшін тиімді...............................С
3. Ұлттық киімдердің сұранысқа ие болуы қуантады..........................А
4. Кәсіпорындар көптеген адамдарға жұмыс береді........................Д
5. Елімізде отандық ксіпорындар саны артуда........................С
6. Өркениет талғамына сай ұлттық нақыштағы киімдер тігеді ..........А
7. Тоқыма фабрикасының өнімдерін сататын дүкендер де өте ...........В
8. Кәсіпорын өнімдері Қырғызстан мемлекетіне экспортталады.......Д
9. Фирманың Республика тігін индустриясында алатын орны ерекше......А
10. Өнімдерінің өтімді болуы үшін тұтынушы көңілінен керек............С
2-бөлім Мәтін үзінділеріндегі ақпаратты қолданып және өз пікіріңізді қосып, төмендегі сұраққа кемінде 150-200* сөзден тұратын жауап жазыңыз.
* оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушылар үшін сөз саны - 130-180
Отандық кәсіпорындар ел экономикасын көтеруге ықпалы бар ма?[Барлығы: мәтіндердегі идеяларды/ақпараттарды/аргументтерді қолдануына 10 + жеке жауабына 10 + сөйлеу тілінің сапасы үшін 10 = 30]
5-сабақ Кино өнері – өмір айнасы А мәтіні
Өнердің алтын сандығы іспеттес қазақтың кино өнері өз жеңісін Қазан төңкерісінен кейін бастады. Алғаш рет 1938 жылы "Ленфильм" киностудиясында түсірілген "Амангелді" фильмі көгілдір экранға жол тартты. Сондай-ақ фильм ең алғашқы белгілі тұлғаға арнап түсірілген туынды еді. Бұл фильмнен кейін де қазақ кино қоржыны еншісін көрермен көзайымына айналған талай кинотуындылармен майлады.Бүгінгі жаңа әртістер, жаңа кинолар, жаңа режиссерлер өткен күннің елесіне айналған ғасыр бұрынғы туындылардың ізін суытпай, қыл көпірін жалғап келеді. Әрине, бұл қазақ киносының белгілі дәрежеге ие екенінің айғағы. Алғашқы фильмдер 1925-1946 жылдар аралығында түсірілді. Кейін "Қазақфильм" киностудиясының түсіруімен 1972 жылы Сұлтан Қожықовтың толықметражды "Қыз Жібек" көркем фильмі өз көрерменімен қауышты. Міне, осылайша, отандық фильмдер бір арнада тоғысты.
В мәтіні
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстандағы киностудиялардың саны да едәуір өсті. Мемлекет енді ғана аяғынан тұрып жатқанда, өнердің бұл саласы бірде шеткері, бірде ілгері жүріп жатты. Туындылардың жарыққа шығуына ең үлкен кедергі киностудиялардың шығынға ұшырауы еді. Жекеменшік киностудиялар өздерін қаражатпен қамтамасыз ете алмаған соң, мемлекет те аянып қалмады. Соның арқасында тек авторлық фильмдерді ұсынып жүрген киностудиялар, түрлі жанрдағы фильмдерді де түсіруге қол жеткізді. Осыдан кейін мемлекет пен киностудиялар арнайы келісімшарт жасасып, кино өндірісінің дамуына айтарлықтай қолдау көрсетті.
С мәтіні
Шәкен Айманов – аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.
1953 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ кино өнері саласында өнімді еңбек етті. Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның артында қалдырған мұралары ұшан-теңіз. Оның «Махаббат туралы аңыз» (1953), «Дала қызы» (1954), «Біздің сүйікті дәрігер» (1958), «Алдар Көсе» (1965), «Туған жер» (1967), «Атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық датырқан өміршең туындылар. Бұл фильмдер бүкіләлемдік киноөнерінде шоқ жұлдыз боп қалған. Қазір Қазақстанда жылда «Шәкен жұлдыздары» атты кинофестиваль өтеді.
Д мәтіні
2000 жылдан бері қарай жарыққа шыққан тарихи кинолар жиынтығын: "Көшпенділер", "Сардары", "Жау жүрек мың бала" фильмдері құрады. Бұл тек тарихи кинолардың бірен-сараны ғана. Бір қызығы, 2005 жылдан жоғары көтерілгенде жаңа леп, жаңа толқын уақыты келіп жетті. Бұл уақытта продюсерлер мен режиссерлердің жаңа сарыны қазақ кинематографиясының көшіне ілесіп үлгерді. Осы уақыт аралығында белсенділігімен көзге түскен - Ермек Тұрсынов. Ол бүгінге дейін біраз кинолардың сценарийы үшін қалам серіпкен. Оның ішінде, "Жат", "Шал", "Кемпір", "Кенже" және т.б фильмдердің режиссері және сценарисі болды.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/61254/?ysclid=l5osqgcog8526447861