С Ө з д І к мағыналас фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата03.03.2017
өлшемі429,52 Kb.
#6666
1   2   3   4   5

51. БОЛДЫРМАСТЫ БОЛДЫРУ–

Айдан ұл тудыру, күннен қыз тудыру

Қара суды теріс ағызу
52. АЛДЫН АЛУ /алдын ала әрекет ету/ - 

Алды - артын орау

Алдынан өту
53. КЕШ ҚАЛУ – 

Ерте туып, кеш қалу

Кенже қалу

Қапы қалу
54. КҮН КӨРУ /ешкімнің көмегінсіз/ - 

Аштан өліп, көштен қалмау

Көйлегі көк, тамағы тоқ

Қайғысыз қара суға семіру

Қойын құрттап, айранын ұрттап

Өз атына мініп кету
33


Өз аузына қолы жету

Өз қотырын өзі қасу
55. КҮН КӨРІС – 

Қара қазан, сар баланың қамы

Қара қазанның қайғысы //қамы
56. ТЫНЫШ ОТЫРУ/ТЫНЫШТЫҚ ТІЛЕУ – 

Аш құлақтан тыныш құлақ

Аш тамағым, тыныш құлағым 

Ел аман жұрт тыныш /та*

Құда да тыныш, құдағи да тыныш
57. РЕТІН ТАБУ – 

Амал жасау

Екі жеп биге шығу

Жөндемге келтіру

Қисынын келтіру

Орайын келтіру

Саңылау табу

Тігісін жатқызу

Шешуін табу

Ығын табу
58. ӘШКЕРЕЛЕУ – 

Бет пердесін сыпыру //ашу

Сыры/н/  ашылу /ашу
59. ЖӘРДЕМ БЕРУ, КӨМЕКТЕСУ- 

Ат  салысу

Ат сауырын беру

Жанын тындыру
34


Жылу жинап беру

Қанатымен су себу

Қол ұшын беру

Себін тигізу

Шапағаты тию
60. ҚҰПИЯ /айтпау/–

Жабулы қазан жабуымен қалу

Көрдім көп сөз, көрмедім бір сөз

Мал құлағы саңырау

Тісінің сыздығында сақтау
61. ДЕГЕНІНЕ ЖЕТУ – 

Айтқаны екі болмау

Айтқаны өтіп, айтқаны /дегені/ жетіп тұру

Жіп ұшына шығу (анықтау, жеріне жету)

Қадалған жерінен қан алу

Тістей қату
62. АТ ҚОЮ ТУРАЛЫ /нәрестеге/- 

Азан айтып //шақырып// қойған аты

Азан шақырып, қазанның құлағын қағып қойған аты
63. АНЫҚТАУ /бір істі/ - 

Анығына жету

Анық - қанығына жету

Асты - үстін қазу

Бақайшығына дейін шағу

Егжей - тегжейіне жету
64. АНЫҚ /іс, әрекет туралы/ -

Аққа қара басқандай
35


Басыңдағы бөркіңдей көр

Дау - дамайы жоқ

Келсаппен түйгендей

Мен мұндалап тұру

Соқырға таяқ ұстатқандай

Тағдыры шешілу

Тайға таңба басқандай

Шек келтірмеу
65. ӘСЕРЛЕНУ – 

Делебесі қозу

Көңілі көтерілу /сергу/

Қаны қызу

Оттай жану

Өзін өзі қамшылау*(дем беру)
66. АҚЫЛДАСУ – 

Алдынан өту*(үлкендердің)

Әрі ойлап, бері ойлап

Қабырғасымен кеңесу

Мың ойланып, жүз толғану
67. ОЛЖАЛЫ БОЛУ – 

Жеңіл барып, ауыр қайту /тілек/

Қанды басың бері тарт! /тілек/

Қанжығасы майлану

Қанжығасын қандау

Төбесінен төмен қарай алтын құю

Үйірімен үш тоғыз
68. ҚАМҚОР, ЖАНАШЫР БОЛУ /біреуге/ - 

Бақайын сазға тигізбеу     
36


Бас – көз болу

Бүйірі қызу*(әсерлену)

Жаны соның үстінде

Жоғын жоқтау

Жыртысын жырту

Көз қырын салу

Көз-құлақ болу

Қанаттыға қақтырмау, тұмсықтыға шоқыттырмау    

Қанатының астына алу

Қара болу   

Қол ұшын беру

Қолтығына алу

Қолтығынан демеу //сүйеу болу

Қызғыштай қору

Мұңын мұңдау, жырын жырлау

Оң жағына қондыру

Отқа күйіп, суға батуға бар

Панасы болу

Сая болу

Сойылын соғу

Суығына тоңып, ыстығына күю

Тұлға /қорғаныш/, /тірек/ болу

Үстінен шыбын //құс// ұшырмау

Шаң жуытпау

Шығарға жаны басқа //бірге

Ыстығына күйіп, суығына тоңу

Іші бұру

Ішке тарту
69. ҚАУІП-ҚАТЕР – 

Ажал аузында жүру

Басын //жанын// қатерге тігу*(тәуекелге бару)

Басын өлімге байлау*(тәуекелге бару)

Жанын құрбан қылу
37


Кеудесін тосу

Қасықтай қанын қию

Шыбын жанын шүберекке түю
70. ТҮГЕЛДЕНУ /бір жерге барлығы жиналу/-

Бас аяғы жиналу

Тайлы-таяғы қалмау

Танауынан тізу

Төрт көзі түгел болу

Төрт құбыласымен
71. ӘЗІР БОЛУ /бірнәрсеге/-

Әлекедей жалаңдау 

Сақадай сай тұру
72. ҚЫЗМЕТ ҚЫЛУ /біреуге/- 

Асты-үстіне түсу

Бәйек болу*

Далбалақ қағу

Дедек қағу /мысқыл/

Жаны қалмау

Жатып жастық, иіліп төсек болу

Жік-жапар болу

Зыр жүгіру

Имең қағу*/жағымсыз/

Қалбалақ ұшу

Қоғадай жапырылу

Қолдан-қолға түсірмеу

Қолды аяққа тұрғызбау

Қошемет көрсету

Құдайдай көру

Құрақ ұшу
38


Құрдай жорғалау */жағымсыз/

Құшақ жайып қарсы алу

Өкшесін жерге тигізбеу

Өле жаздау /кекесін/

Су төккісіз жорға болу (поэт.)

Табанынан тік тұру

Томпаң қағу /әжуа/

Төбесіне көтеру

Төбесінен тік тұру

Хан көтеру

Шапан-шекпен жабу

Шәй-суын ала жүгіру

Шылбырына оралу
73 ДӘМЕТУ (біреуден)

Аспандағы қазды сорпасына шылап жеу

Тумаған /қашпаған/ сиырдың уызынан дәмету
74 ДАУ ШЫҒАРУ (Аяқ астынан пәле шығару)

Бүйректен сирақ шығару

Дау кеміру (дауласу, ұрсысу)

Жаурыннан жамбас жою

Қитықтан ситық шығару

Құйқадан құлақ шығару)

Таяқтан саяқ шығыру
    11. Сезім әрекеттеріне қатысты айтылатын фразеологизмдердің
тақырыптық мағыналас топтары  
   
1. СҮЙЕНІШ /біреуді сүйеніш көру/- 

Ағайын тұту
39


Арқа сүйеу 

Арқа тұту

Дәтке қуат

Көңілге тоқ санау

Қанат болу 

Қол арту 

Медеу көру //ету

Мият тұту /диал./

Оң көзі
2.ТӘУЕКЕЛ /бір іске бел буғанда / -

Алақанына //қолына// түкіру

Ады-артына қарамау

Бағын //бақытын// сынау

Басын бәйгеге тігу

Көз жұмып тұрып

Қайдан шықса, онан шықсын!

Нар тәуекелге басу

Не болса да 

Не болса, ол болсын

Не десе о десін

Ноқталы басқа бір өлім

Өлімге бас тігу

Су ішсем де, у ішсем де

Тау күйіп, тас жанса да

Тәуекел де тас жұт

Тәуекелге бел байлау
3 КӨҢІЛСІЗДІК – 

Бас терісі салбырау

Басына тию

Беті қайту

Енжарлыққа түсу

Еңсесі //ұнжырғасы// түсу
40


Екі иығы салбырау

Жабы болу

Жан дүниесі жабырқау тарту

Жермен жексен болу

Жігері құм болу

Жаны кею

Жүзі сынық 

Жүн боп  //жүнжіп// кету

Жүні жығылу

Жынынан айырылған бақсыдай / болу/

Запыс болу

Илеген терідей болбырау

Иығы жауыр болу

Кежегесі кейін тарту

Көңілінен ел көшкендей

Көңілі жадау тарту

Көңілі жасу

Көңілі  жер (жердей)  болу 

Көңілі қалу 

Көңілі қараю

Көңілі қоңылтақсу

Көңілі жер болу

Көңілі күпті

Көңілі шайлығу

Қабағы кірбің тарту

Қабағы салбырау

Қабағын қарс жабу

Қабағы/нда кірбің //болу//, //бар// тарту

Назары пәс болу

Назары төмен

Мойнын ішіне тығу

Мойнына су кету (құйылу)

Өзін қоярға жер таппау*(алаңдау, ашулану)

Сіркесі су көтермеу*(ауырғанда, ренжігенде)

Сағы сыну
41


Салы суға кету

Самарқау тарту

Сүтке тиген мысықтай //күшіктей болу

Тауы шағылу (қайту)

Үмітсіздікке салыну

Іш құса болу
4 ЖАҒЫМПАЗ – 

Асты-үстіне түсу

Атса - мылтығы //оғы//, шапса – қылышы

Біреудің артына /к...не / кіру (дөрекі)

Жақсы атты көріну

Итаршы болу /мазақ/

Қойны-қонышына кіру

Қойнына кіріп, қонышынан шығу

Қол шоқпар  

Қолжаулық болу /мазақ/

Құрдай жорғалау*(қызмет көрсету)

Маймаң / байпаң/ қағу

Өле жаздау /мысқыл/

Сойыл соғар /мазақ/

Табанын жалау /мысқыл/

Шашбауын //көтергіш// көтеру /мазақ/ 

Ішіне кіріп, сыртынан шығу\пысық/
5 ҰНАТПАУ –

Жаман қарау

Қабағы келіспеу

Қабағын тыржиту //түю//

Қыңыр қарау

Құлқы сүймеу

Мұрнын тыжыру /жақтырмау/

Оң қарамау

Салқын қарау
42


Суқаны сүймеу

Іші қаламау
ЗЕРІГУ, ЖАЛЫҒУ – 

Екі қолы алдына сыймау

Көңілі жалығу

Өзін-өзі қоярға жер таппау*(алаңдау, ашулану)

Іші жарылып /кету/барады

Іші пысу
7 ШАРАСЫЗДЫҚ(қолдан ешнәрсе келмегенде) – 

Айтып-айтпай не керек 

Амал жоқ /щанша/ /не/ /нешік/ /бар ма?/

Амалы таусылу

Әрі - айт, бері – айт

Күресуге дәрмен жоқ

Тығырыққа тірелу

Іші қазандай қайнау
8 МАЗАСЫЗДАНУ(бірнәрсеге) –

Әбігер болу

Дегбір таппау

Дегбірі қашу

Жүрегі қобалжу*(қорқу)

Тынышы кету

Шыдамы жетпеу //кету

Ішкен асы батпау /бойға тарамау/

Ішкені - ірің, жегені - желім болу
9 КҮДІКТЕНУ – 

Көңілін күпті қылу
43


Көңіліне қобалжу //кіру// салу

Көңіліне шайтан ұялау

Сау сиырдың боғы емес

Секем / сезік/ алу

Тегін емес 

Өз-өзінен қуыстану

Үрке қарау

Шүбә/ шеек/ келтіру

Іші бүлк ету
10 ЖЕК КӨРЕ ҚАРАУ /кісіге/ - 

Ала көзімен ату

Атарға оғы болмау

Жаман қарау

Жаман көзбен қарау

Жыландай //кірпідей жиырылу

Қасын //қабағын// түю

Оқты көзбен қарау

Теріс көзбен қарау

Теріс қабақ білдіру

Іш мылтықпен ату
11 ҚИНАЛУ /әрекет, оқиға нәтижесіне қарай/

Жамбасына аяздай бату

Жанына бату

Қабырғасы қайысу*(жанашыр болу)
12 ЕШТЕҢЕ ОЙЛАМАУ –

Алаң болмау

Көңіліне алмау

Қаннен қаперсіз

Сырдың суы тобығынан келмеу
44

13 ДАҒДЫЛАНУ /жиі қайталанатын іс, оқиғаға /

Еті өліп кету

Көзі үйрену
14  КҮМӘНДАНУ –

Әрі-сәрі болу 

Дүдәмал болу

Екі ойлы болу
15 МОЙЫНДАУ –
 

Айыбын мойнына алу

Қолымен істегенді мойнымен көтеру

Мойнына қойдырту //қою
16 ТАТУЛЫҚ – 
    

Айрандай ұйып отыру

Арадан қыл өтпестей

Арасы майлы қасықтай

Ауылы аралас, қоры қоралас

Ауыз бірлігі күшті (мықты)

Бал жаласып кету

Бір бас, бір тас болу

Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару

Егіздің сыңарындай*(ұқсас)

Жарты құртты жарып жеу, бүтін құртты бөліп жеу

Қаймағы бұзылмау //шайқалмау//

Түтіні бір жерден шығу

Төсекте басы, төскейде малы қосылу
17 ҚАРҒЫСҚА ҰШЫРАУ – 

Киесі  //аруағы//  //ату// ұру
45


Кесірі ұру

Қарғысы жібермеу

Қарғыс арқалау

Қаһарына //кәріне// ұшырау
18 МАДАҚТАУ, МАҚТАУ -   

Басы алтын к...і күміс (дөрекі; фольклор)

Жауырынан //арқасынан //қағу

Жер көкке сиғызбау /мысқыл/

Көпшік қою /кекесін/

Қолтығына су бүрку*/әдейі, өтірік мақтау, арандату/
19 ЖЕК КӨРУ -     
 

Жаны //қаны// қас

Ит /-тің/ етінен жек көру

Суқаны сүймеу
20 ТАҢДАНУ –

Аңқайып аузын ашу

Аузын ашып, көзін жұму

Аузын ашып қалу

Аузын сылп еткізу

Аузының суы құру*(қызығу)

Ғажап қалу

Жағасын ұстау

Мәссаған безгелдек!
21 ЕРКЕЛЕТУ – 

Алақанға салу

Алақанға салып, аялап өсіру

Әлпештеп //мәпелеп// //өсіру// отыру

Бетінен қақпау

Күн тигізбей, жел тигізбей
46


Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмау*(қамқорлық 
көрсету)

Қас-қабағына қарау

Маңдайынан шертпеу

Сүт үстінде қаймақ /ету/ болу

Табанын жерге тигізбеу
22 КӨҢІЛІ ҚАЙТУ /біреуден, бірдеңеден/ - 

Беті қайту

Жүні жығылу

Көңілге тік келу (поэт.)

Қыры сыну

Таба болу
23 КӨҢІЛГЕ ҚАРАУ

Көңілін жықпау

Көңілін қимау

Қабағына қарау

Меселін қайтармау

Райына қарау

Сөзін жерге тастамау
24 ТЕЗ ТҮСІНУ –

Айтқызбай-ақ түсіну

Ернінің емеурінен білу

Құлағының тесігі бар /әзіл/
25. ТҮСІНБЕУ

Айтқан сөзі құлағынан ағып кету

Айтудай-ақ айту

Ақпа құлақ 

Бас десе құлақ деу

Мұрның қайда десе, аузын көрсету
47


Сөз ұқпас
26. ӨТЕ ЖАҚСЫ КӨРУ /жақын адамын/ -

Алақанына салып жүру

Есі-дерті ауу

Есі кету (қалмау), шығу)

Ес-түсінен айырылу

Қоң етінен ет кесіп беру

Қу жаны қуырдақ болу

Өлердей жақсы көру

Шығарда жаны бөлек

Ішкен асын жерге қою
27. ТЫҢДАУ – 

Зейін қою

Құлақ құрышы қану

Құлақ түру //қою//, //асу// салу

Құлағына құю
                  
28. ТЫҢДАМАУ–

Құлақ қоймау

Құлақ салмау
29. ЕСТІМЕУ–

Естісем құлағым керең болсын! (қарғану)

Құлағына тимеу

Құлағына алтын сырға
30. ЕСТУ –

Құдайдың құлағына шалыну

Құлағына тию
48

31. ЖҰБАНЫШ –

Алданыш ету

Жаны тыну

Жанын //көңілін //жұбату

Көзайым болу*(көп күткен адамы келгенде айтылады)

Көңіл алданарлық

Көңіл жұбатар(-лық)

Көңілі орнына түсу

Көңілге қуат ету

Көңілге медет //ету//, //тұту

Көңілге тоқ санау
32. ҮНДЕМЕУ /ешкімге ештеңе айтпау/- 

Айтсам аузыма қара қан құйылсын! (қарғану) 

Артын /к...сін/ қысу *(қорқу) (дөрекі)

Аузын тас қып жабу

Аузына берік

Аузына құм құйылу

Аузы жұмылу

Аузына су толтырғандай /болу/

Аузына тас салу

Бір ауыз сөз қатпау

Дымы ішінде /болу/

Дымын шығармау

Екі елі ауызға бір елі қақпақ

Жұмған аузын ашпау

Жағы //тіл-жағы /қарысу

Жым болу

Иманындай сақтау

Көмекейін суырып алса да  /айтпау/

Көрге бірге ала кету

Қыңқ етпеу*(шыдау)

Ләм-мим демеу

Сөз қайырмау
49


Сырға берік

Сыртына шығармау

Тастай қату*(сараңдық)

Тіс жармау

Тіс жарып ешкімге айтпау

Тістен шығармау

Үн жоқ, түн жоқ
33. ҰЯТ, ҰЯЛУ -   

Абиыры шашылу //түсу/

Абыройы жойылу //кету// түсу/

Абыройын айрандай төгу 

Абыройын аяққа басу 

Абыройынан айырылу

Адам //кісі//,  //жұрт//, //ел// бетіне қарай алмау

Аяқ асты ету //болу

Аяқтағы суға ағып өлу /әзіл/

Беделін төгу

Бет моншағы салбырау

Беті аймандай болу 

Бетін басу

Бетін шымшу

Беті күю

Беті (жүзі)  шыдамау

Бетін адам қарағысыз ету

Бетінің суы бес төгілу

Бетіне /н/ басу

Бетіне күйе //кір жағу

Бетіне салық болу

Бетіне шіркеу болу

Бетінен  арын төгу

Бетінен басу

Бетінен оты шығу

Жер шұқу
50


Жерге қарау

Жерге кіріп кете жаздау

Жерге кіргендей болу

Жерге көмілу

Жерді көзімен шұқу

Жердің тесігі болса кіріп кету

Жердің үстімен келіп, астымен қайту

Жүзі қара /болу/

Жүзі таю

Иттей болу

Кір келтіру

Кірерге тесік таппау 

Қадірдің жүзі шашылу

Қара бет болу

Қара жерге отырғызу  //қарату*(алдап кету)

Қарауға бет жоқ

Құлағының ұшына дейін қызару

Қысқа күнде қырық өлу

Орнынан тұрғысыз ету*(ұрсу, масқаралау)

Өлім болды

Өлген артық

Өлген жері осы

Өлмегенге қара жер

Пышақсыз бауыздау

Сүйекке таңба салу

Тірідей жерге кіру 

Тірідей масқара болу 

Тірідей өлу

Ұяты бетіне шығу

Ұялғанда жер жарылмады, мен кірмедім
34. ҰЗАҚ САҚТАУ /бірдеңені / - 

Көздің қарашығындай сақтау

Сары майдай сақтау
51


Тісін тісіне қойып сақтау   
ІІІ. Сезім жағдайына қатысты жоғары эмоциялы фразеологизмдер
  
1.КӨҢІЛДЕНУ – 

Арқа-басы жадырау

Бір жасап қалу* (риза болу)

Бойы сергу*(аурудан соң)

Жағасы жайлау

Жайылып сала беру 

Жаны //көңілі// жайлану

Жеңілденіп қалу*(ыңғайы келген шаруадан соң)

Көңілі жай табу

Көңілі көтерілу (өсу)

Көңілі судай тасу

Көңілі орнына түсу

Қабағы ашылу

Құрыс-тырысы жазылу

Майдай еру

Сабасына түсу

Үһ деу! /көңілі орнына түскенде айтылады/ 

Ішпей -жемей мас* /риза болу/
2.БАСЫ ҚАТУ –

Байтал түгіл бас қайғы

Басы бәлеге қалу

Басы дағарадай болу

Басы дал болу

Басы қаңғыру

Басы шырғалаңға түсу

Басы шырдай қату 

Басымен әлек болу

Басын шарға салу

Басына іс түсу
52


Жұртта қалу* (Ешкімге керексіз)

Миғұла болу

Миы ашу

Ой түбіне жетпеу

Ойы онға, санасы санға бөліну

Сау басына сақина тілеу

Сең соққан балықтай болу 

Шақша басы шарадай болу

Шатаққа ілігу
3.БАЙҚАУ /АБАЙЛАУ/ 

Абай болу

Алды артын аңдау

Аңысын аңдау

Аужайын //түю// аңғару

Аяғын аңдап басу

Аяғының ұшынан басу

Әліптің артын бағу

Шаңыраққа қара! //қарау* / сес көрсету, кіммен қалай, қай жерде 
отырғанын байқату/ 
4.МАЗАҚТАУ-

Келеке ету //жасау//

Көк есекке теріс мінгізу* /әжуа/

Қол жаулық қылу

Мойнына //бұрымына// құрым ілу /байлау* (қорлау)

Ойыншық қылу
5.РЕНЖУ, РЕНЖІСУ-

Ала көз болу

Ала ауыз болу

Арасынан мысық өту

Араға от түсу
53


Ат құйрығын  //кекілін// кесісу

Бет жыртысу

Дәм-тұзы жараспау

Жаны кею*(аурудан)

Жүз көріспеу

Жүз шайысу

Жүрегіне жұдырықтай боп тұра қалу

Кейіс білдіру

Керісіп қалу

Көз аларту

Көңілі қалу(қайту)

Көңіліне алу (ескеру, елеу)

Көңіліне дық ете қалу

Кірбің /күрең /қабақ болу

Қабақ шытысу

Қанды қалпақ кию

Наразы болу

Сенген қойым сен болсаң! (сенімін ақтамағанда айтылады)

Іші мұздау
6.ҚАЙҒЫРУ /қайғыдан/ -

Әкесі өлгендей

Белі бүгілу

Жамбасына аяздай бату

Жер бауырлап жатып алу

Жер таяну

Жүрегі //кеудесі//, //көкірегі// қарс айырылу

Жүрегі от //өрт// боп жану

Жүрегіне ине шаншу

Көкірегі шерге толу

Көкірегі қайғылы, көзі жасты

Қабырғасы //қайысу//, //қақырау// сөгілу

Қайғыдан улану, //у жұту//, у жұтқандай болу

Қайғымен қан жұту
54


Қан жұту

Қасіретпен қан жұту

Санамен сарғаю* (уайымнан)

Сары уайымға салыну

Шер жұту 

Шер көкірек

Іші бауыры өртену

Іш құса болу

Іші оттай //жан//, күю

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет