С. П. Макаревич, М.Қ. Қылышқанов Автоматты реттеу теориясы бойынша лекциялар



бет3/36
Дата03.08.2023
өлшемі10,8 Mb.
#105006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
1.1 Негізгі ұғымдар

Өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адам әр түрлі технологиялық процестерді, агрегаттарды және т.б. жасайды. Осы нысандарда әрқашан операциялардың екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар: жұмыстық операциялар және басқару операциялары.


Жасалған агрегаттар жұмыс істеп тұру үшін адам жұмыстық операцияларды орындауы керек. Мысалға, токарь станогының тұтқасын бұрау, жинақтау кезінде гайкаларды бұрау т.б. Жұмыстық операцияларда адам еңбегін алмастыруды механикаландыру деп атайды.
Жұмыстық операциялар дұрыс және сапалы түрде орындалу үшін оларды басқару операцияларымен бағдарлап отыру керек. Басқару операцияларындағы адам еңбегін алмастыруды автоматтандыру деп атайды. Өндірістік процестерді автоматтандырудың алдында оларды механикаландыру жүзеге асырылуы тиіс екені түсінікті.
Кез келген технологиялық процесс немесе нысан физикалық шамалар жиынтығымен сипатталады. Оларды процестің көрсеткіші немесе процестің айнымалылары деп атайды. Кез келген техникалық құрылғыны тік төртбұрышпен, ал стрелкалармен осы құрылғыға берілетін әрекеттерді және айнымалыларды белгілеуге келісейік. Сонда кез келген технологиялық процесті немесе агрегатты, оның құрылымдық ерекшеліктеріне және оның ішінде болып жатқан құбылыстарға қарамастан, 1.1 суреттегі нұсқа түрінде көсетуге болады.



1.1 сурет

Реттеу процесі жүзеге асырылатын техникалық агрегат реттеу нысаны немесе автоматтандыру нысаны деп аталады.


Нысандағы қандай да бір айнымалыны (шаманы) қажетті заң бойынша өзгертуды реттеу деп атайды.
Реттелуге тиісті физикалық шама реттелетін шама деп аталады. Әдетте бұл нысаннан шығатын y шамасының шығыстық мәні болып табылады.
Реттелетін шаманы өзгерту басқарушы немесе ұйтқытушы әрекеттердің нысанға әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Басқарушы әрекет дегеніміз басқарушы құрылғының реттеу нысанына көрсететін мақсатты әрекеті. Басқарушы әрекет, әдетте, реттеу нысанына келетін энергетикалық немесе материалдық ағындарды өзгертеді.
Ұйытқытушы әрекеттер – нысанның қызметі кезінде пайда болатын кездейсоқ әрекеттер. Ұйытқуларды жүктеменің өзгерісіне байланысты (нысанның жұмыс ерекшеліктерімен анықталатын пайдалы ұйытқулар, мысалға, бу қазанынан алынатын жылу мөлшерінің өзгеруі) және әр түрлі кедергілер, мысалға, қоршаған ортаның температурасының өзгерісі, нысанға келетін шикізаттың параметрлерінің өзгерісі және т.б.
Әр түрлі ұйытқулардың қорытқы әрекеті реттелетін шаманы берілген мәнінен ауытқытады. Реттелетін шаманың берілген мәні «g» мен оның «y» нақты мәнінің арасындағы айырмашылық =g-y реттеу қателігі деп аталады. Егер берілген нысан үшін барлық мүмкін болатын ұйытқулар нәтижесінде реттеу қателігі берілген технологиялық процесс үшін рұқсат етілген мәннен артпайтын болса, қолмен реттеу амалын қолданады. Оның нұсқасы 1.2 суретте көрсетілген.



1.2 сурет
Оператор 1 қолмен реттеу органының көмегімен нысанға 3 келетін зат немесе энергия мөлшерін өзгертеді. Осының нәтижесінде нысанға берілетін реттеуші әрекет u реттелетін шаманы берілген мәннің маңында ұстап тұрады. Технологиялық процесті сапалы түрде жүргізу үшін оператор реттелетін шаманың немесе реттелетін шамаға неғұрлым қатты әсер ететін ұйытқудың мәні жайлы ақпарат алып отыруы керек, немесе мүмкін болған жағдайда осы екі шама жайлы бірдей ақпарат алуы қажет. Реттелетін параметр жайлы ақпаратты бақылау жабдықтарынан алуға болады. Қолмен реттеу кезінде бақылау жабдықтарының қызметін арнайы өлшеуіш аспаптар, сонымен қатар оператордың сезім мүшелері атқара алады. Өндірстік процестердің сапалық көрсеткіштерін тек автоматты түрде реттеу кезінде елеулі түрде арттыруға болады.
Адамның қатысуынсыз жүзеге асатын реттеу автоматты реттеу деп аталады.
Автоматты реттеуді жүзеге асыру үшін қызмет ететін құрылғылар кешені автоматты реттегіш деп аталады.
Нысан мен автоматты реттегіш жиынтығы автоматты реттеу жүйесі (АРЖ) деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет