С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет103/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Зәр шығару системасы. Басқа амниоттардікі сияқты сүт қоректілердің бүйрегі де мықын бүйрегі (mеtаперһгоs) деп аталады. Анамнияға тән дене бүйрек (mеsоперһгоs) сүт қоректілерде эмбриональдық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүт қоректілердің метанефрикалық, бүйрегі бұршақ (бобовидный) пішінді дене. Сүт қоректілердің көпшілігінің бүйректерінің сыртқы беті тегіс, ал күйіс қайтаратындардың және мысықтардың бүйректерінің сырты бұдыр болады. Киттердің бүйректері бірнеше бөлімге бөлініп, бөлшектеніп тұрады.
Бүйректі жарып қарасақ — сыртқы қыртыс қабатын, ішкі ми тәрізді жұмсақ жолақты қабаттан тұратындығын байқауға болады. Сыртқы кыртыс қабатында ішінде қан тамырының түйіні бар, ұшы боуменов капсуласымен бітетін иірімді каналдар бо-
222
дады. Қан тамыры бар түйіндердё cүзу процесі жүзеге асып, бүйрек каналшаларында қан плазмасы сүзіліп — алғашқы не-
сеп пайда болады.
Бүйректің ішкі ми тәрізді қабатында тікелей несеп жинаушы каналдар жатады, бұл каналдар топтанып және одан әрі қарай созылып келіп бүйрек түбегінің ішіндегі емізікшелердің ұшта-рына ашылады. Көпшілік түрлерінің бүйрек түбегінен несеп тү-тігі шығып, ол қуыққа келіп ашылады. Клоакалы сүт қоректі-лердің несеп жолы несеп-жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтан несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады.
Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады, ол арқылы тұздың, мочевинаның ерітіндісі бөлінеді. Осы жолмен белок алмасуының азотты продуктылары да организмнен бөлінеді:
Жыныс органдары. Сүт қоректілерде аталық жыныс бездерінің (tеstеs) пішіні сопақша болады. Кейбір сүт қоректілерде: клоакалыларда, пілдерде, мүкі тістілерде, кит тәрізділерде т. б. аталық безі өмір бойы дене қуысында болады. Көптеген сүт қоректілердің аталық жыныс безі алғаш дене қуысында болады да, ержеткен кезде төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен қалтасының (sсгоtum) ішіне орналасады. Ең қалтасы дене қуысы мен шаптағы арнаулы екі шап каналы арқылы қатысады. Аталық жыныс безіне тұрқы бойына беттесе орналасқан — ен сағағы (еріdіdуmіs) болады. Ен сағағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген иректелген каналдардан тұрады. Ен сағағынан, вольфов каналының гомологы — қос тұқым жолы (vаз dеfeгепs) шығады. Ол шағылыс мүшесінің (репіs) түп жағынан келіп несеп шығаратын, немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады (dисsиs еjасиlаtогіиs). Тұқым жолдарының төменгі ұштары, тұқым-несеп каналына енер алдында, сырты бұдыр келген тұқым қалталары (vеsісиlа sеmіпаlіз).деп аталатын қос кесек денені құрайды. Сүт қоректілерде бұл кесек дене тұқымның сұйық бөлігін құрауға қатысатын секрет бөліп шығаратын без болып саналады. Бұл сұйық желім сияқты болғандықтан аналық жыныс жолына түскен тұқымның кейін шығып кетуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Шағылыс мүшесінің түп жағында бір пар без болады. Бұны
предстательдік (ргоstаtа) без деп атайды. Бұл бездің жолы да тұқым-несеп. каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің сперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтықтың көпшілігін осы без бөліп шығарады.
Тұқым немесе эйякулят сперматозоидтың өзі тұқым қалта-сы және предстательдік бездің бөліп шығаратын сұйықтары-ның жиынтығы болып саналады.
Шағылыс мүшесінің (репіs) төменгі жағында тұқым-несеп каналы орналасады. Тұқым-несеп каналының үстінде және екі
223
жағында борпылдақ кеуекті денелер (согриз саүегпозит) жатады. Жыныстық қозу кезінде шағылыс мүшесінің ішіндегі кеуегіне қан толып, соның нәтижесінде шағылыс мүшесінің созылғыштығы, серпімділігі артып және көлемі үлкейеді. Кейбір сүт қоректілердің (жыртқыштардың, ескек аяқтылардың, кемірушілердің көпшілігінің және кейбір жарқанаттардың т. б.) шағылыс мүшелерінің мықты болу себебі оның кеуекті денелерінің арасында ұзын ерекше сүйекше (оз репіs) болатындығынан.
Жұп аналық жыныс безі дене куысының арқа жағында құр-сақ куысының шарбысына бекіп тұрады. Бір пар жұмыртқа жо-лының алдыңғы ұшы, аналык, жыныс бездерінің маңынан келіп ашылады. Әрбір жұмыртқа жолының бұл ұшы кең воронкаға айналады. Жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімш фаллопиев түтігі деп атайды. Ары қарай кеңейіп—жатынға айналады. Жатын қынапқа ашылады. Қынап қысқа жыныс-несеп каналына айналады, оған қынаптан басқа несеп жолы да ашылады. Жыныс-несеп каналының құрсақ жағына қараған бетіне орналасқан клитор (сlіtогіs) деп аталатын аталықтардың шағылыс органы сияқты кеуекті өсінді болады. Сүт қоректілердің кейбір түрлерінің ұрғашысының клиторында да сүйек (оз сlіtогіdіs) болады.
Клоакалы сүт қоректілердің ұрғашысының жұмыртқа жол-дары қос түтікті болады да фаллопиев түтігімен жатындарға ғана жіктеледі. Жатын тесігі жыныс-несеп синусына ашылады. Қалталы сүт қоректілердің қынабы жекеленген, бірақ көпшілі-гінде жұп болып келеді. Плацентарлылардың қынабы әрдайым дара болады, бірақ жұмыртқа жолының жоғарғы жағы жұп қалпын сақтайды. Кейбір сүт қоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына дербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды — қос жатын деп атайды. Мұндай жатын кемірушілердің көпшілігінде және мүкі тістілерде болады. Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қосылып — екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жатындарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан — екі мүйізді жатын пайда болады, Приматтардың, шала маймылдардың және кейбір жарқанаттардың жатыны дара, қарапайым болады Мұндай жатынның жұмыртқа жолының жоғарғы бөлімі — фаллопиев түтіктері ғана жұп болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет