С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет111/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Қабыланнық (Рапthега рагdиs) — негізгі тараған жері Азия және Африка, бізде Кавказда, Түркменияда және Қиыр Шы-ғыста кездеседі. Барыс (Unсіа ипсіа) — Орта және Орталык, Азия тауларының биік шыңдарында тіршілік етеді. Бұл тұқым-дасқа жататын ұсақ мысықтардың бірнеше түрі бар. Мысалы, Батыс Украинаның, Кавказдың тоғайларында — 'Европаның жабайы мысығы (Ғеls sіlvеstгіs), Орта Азияның шөлінде — теңбіл мысық (Ғеlіs осгеаtа), Қиыр Шығыстың орман мысығы (Fеlіs еирtlига) кездеседі. Бұл түрлері кемірушілермен және дұстармен қоректенеді.
Сілеусін (Lупх Іупх) — биік таулардың жыл бойы қар ба-
сып жатқан жерлерінде тіршілік етеді. Қары қалың жерлерде
тіршілік етуіне байланысты аяқтары ұзын және табаны жалпақ
болады. Ақ қояндарды ұйықтап жатқанда тап беріп немесе ит-
терше қуып жетіп ұстап жейді.
Гепард (Асіпопух jиЬаtиs) — басқа мысықтардан ерекшелігі — табаны ұзын, тырнағы жасырынбайды. Бұлар негізінен Оңтүстік Азияның шөлді аудандарында тараған. Бізде гепард-тар оңтүстік Туркменияда кездеседі. Олар ашық далалы жердегі жануарларды қуып жүріп ұстап, жейді. Гепардтарды қолға үйретіп ақ бөкендерді ұстауға пайдаланады.
Мьгсық тұқымдастар сирек кездесетін болғандықтан, кәсіп-тік маңызы аз жануарлар болып саналады.
Қорқау қасқыр (Нуаепіdае) — ірі сүт қоректілердің өлек-селерін жеп, тіршілік етеді. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын-дау, жерді қазып, көмген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Тіс форму-ласы:

Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Закавказьеде және Орта Азияның оңтүстігінде бір 'түрі — тец-біл қорқау қасқыр (Нуаепа һуаепа) кездеседі.
В и в е р р т ұ қ ы м д а с ы (Vіvеггіdае) — сыртқы пішіні су-сарларға ұқсайды. Тіс формуласы:

Виверрлер — Африкада, Оңтүстік Езропада және Оңтүстік Азияда тараған, бізде кездеспейді.
243
9-отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (РINNІРЕDІА)
Ескек аяқтылар суда тіршілік етуге бейімделген жыртқыш-тарға жақын сүт қоректілер болып есептеледі. Суда олар қо-ректенеді және дем алады. Бұлар жағаға немесе мұздың үсті-не шағылысу, күшіктеу және түлеу үшін ғана шығады. Құрлық-пен байланысы әрбір түрінде түрліше болады. Суда тіршілік етуіне байланысты, дене құрылысында бірнеше бейімделу-шіліктері бар. Жалпы денесі ұзын және ұршық тәрізді болады. Мойыны қысқа, денесінен айқын айрылып тұрмайды. Аяқтары ескек сияқты болады. Денесінде түгі болмайды. Денесіндегі жылуды реттеп отыратын, сыртқы механикалық әсерден сақтайтын және жануардың меншікті салмағын азайтатын тері астындағы май қабаты жақсы жетілген.
М. М. Слепцовтың зерттеуінің, нәтижесінде, кейбір түр-лерінің терісінің астыңғы қабатында өңешпен жалғасып жата-тын бір немесе екі ауа қапшығының болатыны анықталған. Ауа қапшығындағы ауаның біріншіден — организмнің меншікті салмағын кемітуі, екіншіден — суда жүзген кезде тыныс алуға да пайдаланылуы мүмкін. Құлақ қалқаны редукцияра ұшыраған, бірақ бұлар өте нәзік дыбысты естиді. Иіс - мүшесі жақсы жетілген, керісінше көзі нашар көреді. Тіс системасы жер бетінде тіршілік ететін жыртқыштардың тісінің құрылысы-на ұқсас.
Ескек аяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар. Олардың майы мен терісін пайдаланады. Кейбір түрлерінің терісі өте құнды болады.
Құлақты тюленьдер тұқымдасы (Dtагііdае). Бұлардың құлақ қалқанының нұсқасы ғана бар. Артқы аяғының ескегі алға карай иіліп, құрлықта қозғалуына мүмкіндік береді.Шошақ тістері жақсы жетілген. Бұл тұқымдасқа жататындар — теңіз арыстандары, сивучтар және теңіз мысықтары. Бұл түрлерінің барлығы да туар кезінде жер бетіне шығады.
Теңіз мысығыньщ (Саllогһіnus игsіпиs) маңызы үлкен. Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұ-хиттың солтүстік жағына тараған. Жазда түлеу және көбею үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айы-нан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шо-ғырланған жерін “жатақ” деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жа-нындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы — полигамдар, яғни бір еркегі 30—80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр-сұр түсті болады. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісін өндегенде осы ұзын қылшығын жұ-
244
лып тастап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен қатар олардың санын арттыруда ғылми жұмыстар жүргізіледі.
Нағыз тюленьдер тұқымдасы (Рһосidе). Бұларда құлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарының ескегі алдына қарай бүгілмейді. Сондықтан да артқы аяғының жер бетімен козғалуына көмегі тимейді. Бұлардын, көпшілік түрлері екі жарты шардағы мұзды теңіздерде тараған. Түлеу, шағылысу және күшіктеу үшін мұздың үстіне шығады. Бұл кезде бірнешеуі бірігеді. Мұны “залежка” деп атайды. Кейбір түрлері кеңінен миграцияласа, енді бір түрлері барынша бір жерде тұ-рақтап тіршілік етеді. Мысалы, Гренландия тюленьдері (Ра-gорһоса gгоепlапdіса) Арктикадан қыста оңтүстікке қарай миграциялап, Ақ теңіздің жиегінде және тұйықтарына, Нью-Фаундленд және Ян-Майен аралдарының мұздарының үстіне топтанып, күшіктейді, түлейді және шағылысады. Осы кезде оларды аулайды. Күшіктері үш жұмаға дейін ақ түсті болады. Балықтармен қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет