Тыныс органдары. Жұтқыншақ астына көмекей орналасады. Көмекей бірнеше шеміршектен тұрады. Көмекейдің төменгі жағында сақина сияқты оймақ тәрізді шеміршек болады. Ал, алдыңғы және бүйір жағынан тек қана сүт қоректілерге тән қал-қан тәрізді шеміршек қоршап тұрады. Оймақ тәрізді шеміршектің үстіңгі көмекейдің арқа жағында бір пар ожау тәрізді шеміршек болады. Қалқан шеміршегінің алдыңғы шетіне жұқа жапырақ тәрізді үстіңгі көмекей жалғасады. Оймақ тәрізді және қалқан шеміршегінің арасында кішкене қалта тәрізді қуыс — көмекей қарыншасы болады. Дыбыс байланысы бір пар қатпар түрінде қалқан шеміршегі мен ожау тәрізді шеміршектің арасында жатады. Трахеялар мен бронхылар өте жақсы жетілген. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлінеді. Ең ұсақ тарамдарын бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдар кішкене альвеолдар деп аталатын көпіршіктермен аяқталады. Аль-веолдар ұяшық сияқты болады да керегелері өте жұка екенін байқау қиын емес. Бұл ұяшықтарға қан тамырларының ұшы келеді. Сүт қоректілердің тыныс алуына және шығаруына кабырға аралық еттер мен көк еттің — диафрагманың үлкен әсері бар, яғни олардың жиырылып жазылуының нәтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып, өкпеден газдың шығуына .себепші болады.
Өкпені желдетудің газ алмасуында ғана емес организмдегі жылуды реттеуде де үлкен маңызы бар.
Қан айналу системасы.Сүт қоректілердің сол жақ қарын-шадан шығатын бір ғана сол жақ қолқа доғасы болады. Қолқадан кететін басты артериалык тамырлар түрліше бағытта тарайды. Қолқадан кететін қысқа атсыз артерия (агtегіа іппоmіпаtа), оң бұғана асты артериясына (агі. sиbеlvіа (dехtга) ашылады, оң және сол ұйқы артерияларына (агі сагоtіs dехtга еt: sіпіstга) тарамданады. Сол жақ бұғана асты артериясы (агі. subelvіа
219
sibstra) қолқа доғасынан кетеді. Кейде сол жақ ұйқы артерия-сы атсыз артериядан шықпай қолка доғасынан шығады. Арқа қолқасы омыртқа жотасының астыңғы жағында жатады да одан еттерге және ішкі органдарға көптеген қан тамырлары кетеді.
Вена жүйесшдегі ерекшеліктер: 1-бүйректердің қақпа қан айналысы болмайды; 2-сол жақтағы алдыңғы қуыс вена аз-ғана түрлерінде жүрекке өзінше барып құяды. Көпшілік жағ-дайда ол оң жақ алдыңғы қуыс венамен қосылып, дененің алдыңғы жағындағы қанды жинап, оң жүрекшеге келіп құйыл-ады; 3-кардиналдық веналардың дара веналары болады; 4-көптеген түрлерінде оң жақ дара вена (vепа агуgоs) өз бетінше алдьщғы қуыс венаға құйылады, ал сол жақ дара вена (vепа һетіаzуgоs) қуыс венамен байланысын үзеді де көлденең вена арқылы оң жақ дара венаға барып кұйылады.
Нерв системасы. Сүт қоректілердің миы басқа жануарлар-дың миымен салыстырғанда әлде қайда үлкен болады. Ол ми-шық пен алдыңғы ми сыңарларының көлемді болуына байла-нысты.
Алдыңғы мидың дамуы негізінен оның қақпағының — ми күмбезінің өсуімен байланысты. Алдыңғы мидың қақпағы ми қарыншақтарының бүйір керегелерінің нервтік заттарынан өседі. Пайда болған ми күмбезі екінші реттегі күмбез, немесе неопаллиум (пеораllіum) деп аталады. Ол нерв клеткалары мен талшықтарынан тұрады. Сүт қоректілерде ми қыртысының жақсы жетілуіне байланысты, оның сұр заты ақ затының үстіне орналасқан. Ми қыртысында жоғарғы нерв әрекетінің орталықтары болады. Сүт қоректілердіқ мінез-құлқының күрделі болуы, әр түрлі сыртқы әсерлерге беретін күрделі жауаптары алдыңғы ми сыңарларының қыртысының прогессивті дамуына тікелей байланысты. Екі ми сыңарлары сүйелді дене (согриs) деп аталатын ақ нерв талшықтарының комиссураларымен байланысқан.
Алдыңғы ми сыңарларының беті көпшілік түрлерінде тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның беттік ауданын ұлғайтып тұрады. Тіпті болмағанда маңдай бөлімін самай бөлімінен бөліп тұратын бір сайы болады, оны сильвиев бороздасы деп атайды. Одан ары қарай маңдай бөлімін шүйде бөлімінен бөліп тұратын көлденең — роландов бороздасы кетеді. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің ми қыртысында бороздалары өте көп болады. Аралық ми үстіңгі жағынан көрінбейді. Эпифиз бен гипофизі үлкен болмайды.
Ортаңғы ми өз ара біріне-бірі перпендикуляр екі бороздамен төрт төмпешікке бөлінген. Жануарлардың қозғалысының күрделі болуына сәйкес мишығы үлкен, әрі бірнеше бөліктерге бөлінген (35-сурет).