С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет102/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Сезім органдары. Сүт қоректілердің иіс сезу органы өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен роль атқарады. Осы
220
35 - с у р е т. Кроликтің миы:
1 — улкен ми сыңары, 2 — , иіс бөлімдері, 3 — көру нерві, 4 — эпифиз; 5 — ортаңғы ми, 5 — мишық 7 — сопақша ми, 8—гипофиз, 9—• варолиев көпірі; 10 — ми воронкасы, 11 — сүйелді дене.

IV
органдарынын, көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын, бірін-бірі іздеп табады. Көптеген түрлері қоректік объекті-лерінің иісіне бірнеше жүз метр қашықтан анықтайды. Тек қана толығынан суда тіршілік етуге көшкен түрлерінде (киттерде) иіс сезу органы редукцияланған. Тюленьдер елеуге болмайтын иісті сезеді.
Кейбір сүт қоректілерде (қалталыларда, кемірушілерде, тұ-яқтыларда) рептилилерді сипаттағанда айтылған якобсонов органы болады. Бұл өз алдына таңдай-танау каналына ашылатын иіс сезу капсуласы.
Есіту органы сүт қоректілердің көпшілігшде өте жақсы же-тілген. Оның құрамына төменгі сатыдағы класгың өкілдерінде болатын ортаңғы, ішкі құлащқа, жаңа екі бөлім: сыртқы дыбыс жолы, құлащ қалқаны, енеді. Құлак қалқаны кейбір сүт қоректілерде (киттерде, ескек аяқтылардың көпшілігінде, жер астын мекендейтін көртышқандарда т. б.) болмайды. Құлақ қалқанының дыбысты күшейтуде маңызы зор. Ол әсіресе, түн жануарла-
221
рында (жарқанатта), орман тұяқтыларында, ит тұқымдастары-ның шөлді мекендейтін түрлерінде т. б. күшті жетілген.
Дыбыс жолының ішкі ұшы дабыл жарғағымен аяқталады оның арт жағында ортаңғы құлақ куысы болады. Ортаңғы құлақ қуысында амфибилер мен рептилилердей бір ғана есіту сү-йегі болмай, үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Үзеңгі ішкі құлақ-тың жарғақты лабиринті оваль тәрізді тесікке тіреледі. Бұл көрсетілген система құлақ қалқаны ұстаған, дыбыс жолы арқылы ішкі құлаққа келетін дыбыс толқынының берілуін жетілдіре түседі. Ішкі құлақтың құрылыеындағы бір көңіл аударатын нәрсе, улитканың жақсы жетілуімен қатар улитканың каналында керіліп жатқан мыңдаған жіңішке талшық — кортьев органының болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп (резонируют), жануарлардың нәзік дыбысты есітуін қамтамасыз етеді.
Көру органдары. Сүт қоректілердің көру органдарының құ-рылысында ерекше өзгешелік болмайды. Көру органдары-ның жануарлардың тіршілігінде құстармен салыстырғанда аса маңызы жоқ. Тіпті ашық кеңістікті мекендейтін жануарлардың да көру органы нашар жетілген. Қозғалмай тұрған заттарға көптеген жануарлар көңіл аудармайды, сондықтан қозғалмай тұрған адамға аса сақ деп есептелетін аңдар (түлкі, қоян) жақын келіп қалады. Көзі өте үлкен болатын түн жануарлары мен ашық ландшафтыны мекендейтін жануарлар. Орманда тіршілік ететін түрлерінің көзі аса көргіш болмайды. Жер астында тіршілік ететіндерінің көзі редукцияланған, кейде олардың көзін (сокырлар, көртышқандарда) тері жарғақ қаптап тұрады. Аккомодация кірпік еттерінің әсерінен хрусталиктің формасын өзгерту арқылы орындалады. Сүт қоректілердің көпшілігінің жоғарғы және төменгі қабағы өте жақсы дамыған және бірсыпырасында түссіз ымдау жарғағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет