(МОNRUMINANТІА) Бүл отряд тармағына — бегемоттар және шошқалар жата-ды. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ же-тілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдыр-лы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның — қабан (Sus sсгоfа) деген бір-ақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, бір туғанда 4—6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.
Бегемот (Нірророtатиs атрһіЬіиs)—ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлықка өте си-рек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктері-мен қоректенеді. Бегемоттар тропиктік Африкада тараған.
2-отряд тармагы КҮЙІС ҚАЙТАРУШЫЛАР (RUМІNАNТІА) Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жа-нуарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұса-тылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың ба-сым көпшілігі жатады.
Бұлардың шошак, тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.
Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салмағын
250
салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа күйіс қайыратын-дармен салыстырғанда күрделі емөс. Тіс формуласы:
Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті (Саmеlиs Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің — нардың (С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе — Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.
Американың көн табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако (Lаmа һиапасһиs) және викунья (L. vісиgпа). Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есе-бінде және жүні, еті үшін ұстайды.
Бұғы тұқымдасына (Сегуісіае) дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар жатады.
Солтүстік бұғыларынан (Rапgifег tагапсlus) басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады. Тіс формуласы:
Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың бар-лығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 түрі кездеседі: Сол-түстік бұғысыньщ (Rапgіfег tагапdиs) еркегінде және ұрғашы-сында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евра-зияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғылар-ды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs) Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тара-ған Олар орманды жерлерді мекендейді.
Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандар-да мекендейді. Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жа-салады. Бұғылардың ең ірі түрі — булан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашы-лығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) — мүйізі азғана бұ-
251
тақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Ев-ропаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-да-лалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі—құдыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді.
Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі — құдыр мус-кус безі болып саналады. Солтүстік бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа). Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс формуласы:
Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.
Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Gаzеllа sиЬgиttигоsа)—Закав-казьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкён (Sаіgа tatгіеа)—Қазақстанның далалы жерлерінде тараған Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені — серна (Кирісарга гирісарга) тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден — Кавказдың турлары (Сарга саиеаsіса, С. суіішігісогшз), Сибирьдің ешкімүйізі (Сарга sіЬігіса). Жа-байы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон (Оvіs орһіоп) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азиянын, тауларында жабайы қой — архар де-
252
ген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі — таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне жа-йылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларыньщ әр түрлі жаңа тұқымдары шығарыл-ған.
Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялык, (ВиЬаІиs ЬиЪаІus) және Африкалық (В. саffег) буйволдар, Үндістанда — бантенг (ВіЬоs Ъапtеng), гаял (В. frontаlіs) және гаур (В. gаигиs) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас) (Роерһаgиs gгunпіепs), Солтүстік Америкада — бизон (Віsоп Ьіsоп), ал бізде зубр (Віsоп Ьопаsиs) деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдық ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі — тур (Воs ргіmigепlus) тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.
Жоғарыда көрсетілген түрлерден — бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур — осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі бо-лып саналады.
Жирафтар тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар. Олардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі бел-гілі. Бірінші — окапи (Оkрtа jоһпstопі) — Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар. Екінші — жираф (Sігаffа саmеlеораг-(dаlіз) — Шығыс және Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.
15-отряд. ТАҚ ТҰЯҚТЫЛАР (РЕRІSS0DАСТУLА) Бұлар — үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Баска — саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған. Бүйір саусақтарының редукцияға ұшырауы түрлі топтарында түрліше болады^Жалпы тез қозғалуға бейімделуіне байланыс-ты бұғанасы болмайды. Тіс формуласы:
Ертеде тақ тұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бі-ршен-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана: тапир- 253
лар (Тарігіdіае), мүйіз тұмсықтар (Rhіпосегоtidе) және жыл-қылар (Еgиісіае) сақталған.
Тапирлар тұқымдасының (Тарігidае) алдыңғы аяғы төрт саусақты, арткы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады.Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі кысқа түбітпен жабылған, құйрығы қысқа болады.Қазір бұлардың бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі — Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсім-діктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.
Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rһіпосегоidае) мүйіз тұмсықтылар өте сирек кездесетін жануарлар. Осы заманда тіршілік ететіндерінің алдыңғы және артқы аяқтары үш сау-сақты болады.Ерте заманда тіршілік еткендерінің бірқатары-ның аяқтары төрт саусақты болған. Терісі жалаңаш, маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі эпидермис қабатынан пайда болған мүйізі болады. Шошақ тістері жойылған.
Тропиктік Африка мен Оңтүстік Азияда бірнеше түрі кезде-седі, мысалы, үнді мүйіз тұмсығы (Rһіпосегоs апtіguіtаtиз) және ерінді Африка мүйіз тұмсыгы, (Сегаtоtһегіиm зітит) шөптесін ірі бұта және орманды жерлерді мекендейді. Өсімдікпен қоректенеді.Мұз дәуірінде мүйіз тұмсықтар Европа мен Сибирьде мекендеген. Бізде мамонттармен бір заманда тіршілік еткен қалың жүнді мүйіз тұмсықтардың (Rһіпосегоs tісһогіпиs) қазба қалдықтары табылған. Мүйіз тұмсықтар үшінші дәуірч кезінде көп болған. т)
Жылқылар тұқымдасы (Еgиісіае). Бұлардьщ үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Олар-дың осы кезде үш туысы белгілі. Зебр немесе жолақты ат (Нірроіtgгіs) ол Африкадағы саваннада тараған. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есектердің (Аsіпиs) түсі біркелкі, құйрығы зебрлердің құйрығындай болады. Жабайы есектер Солтүстік-Шығыс Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы және Орталық Азияда тараған. Бізде Түркменияның оңтүстігінде кездеседі, ол жерде оларды өсіретін арнаулы қорық ұйымдастырылған.
Жылқ ылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдар-мен жабылып тұрады. Олардың түстері көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның батыс бөлігінін, таулы далаларын мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды.
XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала-сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы
254
зерттеуіне карағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Соңғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген.
Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар.
16-отряд. ТҮТІК ТІСТІЛЕР (TUВUIDЕNTАТА) Түтік тістілердің Африкада 3—4 түрі бар, сирек кездесетін қысқа, ет тұмсықты жануарлар. Саусақтарында тұяқ сияқты үлкен тырнағы болады. Тіс системасы ерекше құрылған. Күрек тістері, шошақ тісі, жалған азу тістері болғанымен де олар асты ұсатуға қатыспайды. Тек қана цементті, вертикаль түтіктен тұратын нағыз азу тістері қызмет атқарады. Тісінде эмалі болмайды. Түтік тістілердің систематикалық орны белгісіз. Әдетте тұяқтыларға жақын деп болжайды. Биологиялық жағынан мүкі тістілерге жақын. Олар шөлді жерлерді мекендеп, термиттермен қорректенеді.