Теңіз қояны (Егіgпаtһиs ЬагЬаtus). Олардың ұзындығы екі метрден астам болады. Теңіз қояндары Мұзды мұхиттың, Бе-рингов және Охот теңіздерінің таиыз жағалауында тұрақты тіршілік етеді. Су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Олар үлкен топ құрамайды. Мұздың үстінде күшіктейді. Нер-паньщ (Рһоса һіsріdа) түсі ала, ірі болмайды. Бұл дй мигра-цияламайды. Атлантика мұхитынын. солтүстік теңіздерінде, Мұзды мұхитка және Тынық мүхиттың солтүстігіне, Ладога және Сайма көлдеріне тараған. Бұлар қыста мұздан ін жасап, соған балалайды. Байкал мен Каспий көлдерінде нерпаға жа-қын тюленьнің ерекше түрі тіршілік етеді. Нерпа — көпшілігін-де балықтармен және шаян тәрізділермен қоректенеді. Бала-лары ақ түсті, үлпілдек жүнді болады. Оларды “ақ тиндер” деп атайды.
Морждар тұқымдасы (ОdоЬаепidае) Евразия мен Солтүстік Американың поляр жақ жиегінде және Мұзды мұхиттың Архипелагіндегі Франц-Иосиф аралына тараған. Морждардың денесінің ұзындығы 3—4 м, салмағы 1000 кг бөлады. Артқы аяқтарының ескектері, құлақты тюленьдердікі сияқты, алдына карай иіледі де құрлыққа жүруіне қатысады. Құлағының сыртқы қалқаны болмайды.Терісінің түгі жоқ деуге де болады. Жоғарғы жағының шошақ тістері үлкен, .сойдиып аузынан шығып тұрады. Осы тістерінің көмегімен олар мұздың үстіне шығады және судың түбіндегі омыртқасыздарды қазып алып, қоректенеді. Судың жиегіне, мұздың үстіне шығып, бірнешеуі бірігіп топ құрайды.
245
10-отряд. КИТ ТӘРІЗДІЛЕР (СЕТАСЕА) Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұ-лардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудименггі сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалта сияқты қуысқа ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді.
Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрле-рінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқындап кетуден сақтайды және меншікті салмағын кемітеді. Ірі түрлерінің меншікті салмағы судың меншікті салмағына жуық, яғни 1,025% деуге болады. Өкпесі өте үлкен болады.. Дельфиндер тыныс алғанда өкпесіне — 1—2 литр, ал алып көк киттердің өкпесіне—14000 литр ауа сияды. Кейбір түрлерінің танау тесігімен жалғасып жататын ауа қуысы болады. Суға сүңгігенде осы қуыстағы ауа тыныс алуына жұмсалады. Көптеген түрлері су астында 15—45 минут тыныс алмай шыдайды, Киттердің су астында 1 сағаттан артық бола алатыны туралы мәліметтер бар.
Киттердің есіту органдары жақсы жетілген. Киттер кейбір дыбыстарды 10—20 км жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу органының рудименті ғана сақталған.
Суда көбеюіне байланысты киттерде өзіндік бейімделулер пайда болған. Қит тәрізділердің балалары туысымен анасының соңынан еріп кетеді. Жаңа туған баласының дене мөлшері анасының денесінің '/4, '/3,1/2бөліміндей болады. Мысалы, Қара теңіздін, дельфиндерінің денесінің ұзындығы 160—170 см болса жаңа туған баласының ұзындығы 80—85 см болады. Кашалоттың ірілерінің ұзындығы 7—8 метр болса, оның баласының ұзындығы 3—3,5 м ал көк киттің ересектері денесінің ұзындығы 22—23 м болса, олардың балаларының ұзындығы 7—8 м болады. Осындай ірі бала тууы жамбас сүйегінің болмауына байланысты. Екінші бір тамаша бейімделуі — киттер балалағанда баласы құйрығынан бастап шығатыны байқалған. Сондықтан аналық кит құйрығын жоғары көтеріп, судан шығарып, баласының тұншықпауын қамтамасыз етеді. Баласы жоғары ытқып шығып, суға түскенінше дем алып үлгіреді. Бұл кезде кіндігі үзіледі де, балалаған соң біраз уақыттан кейін жолдасы түседі. Баласы емгенде анасының емшегін жиырылып жатқан
246
түтік тәрізді тілімен қармап үстайды, анасы құрсақ еттерін жиыру арқылы емшегін оның аузына сауады. Кит тәрізділер-дің барлығы да бір ғана бала туады. Тіссіз киттер 2—3 жылда бір рет, белуха — жыл аралап, дельфиндер — жыл сайын балалайды. Сүттері жұғымды болғандықтан балалары тез өседі. Мысалы, сиыр сүтінде 4—5% май болса, киттердің сүтінің 23—38 проценті май болады. Жыныс органдары 2—3 жасында жетіледі. Тіссіз киттер 20—50 жыл, дельфиндер 25—35 жыл жасайды.
Кит тәрізділер екі отряд тармағына бөлінеді.
1-отряд тармағы ТІСТІ КИТТЕР (ОDОNТОСЕТІ) Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар жата-ды. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері болады. Тістері қа-рапайым, формасы мен құрылысы бірдей болып келеді.
Дельфиндердің көпшілігінің ұзындығы 1,5—Зметрге жетеді. Бұлардың Қара теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. Мысалы, нағыз дельфин (Dеlрһіпиs dеlрһіпиs), теңіз шошқасы (Рһосае-па рһосаепа). Дельфиндер Балтық, Баренцев теңіздерінде және Қиыр Шығыстың теңіздеріне тараған. Мұзды мұхиттың теңіздерінде және Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде ақ дельфин (Dеірһіпарtегиs Іеисаs) деген түрі тіршілік етеді. Олардын, үзындығы 6 л*-ге жуық болады. Дельфиндердің барлығы балықтармен қоректенеді. Балықтардың ауған жағына қарай олар да ауысып отырады.
Кашалот (Рһуsеtег саtоdоп) тісті киттердің ең үлкен түрі, олардың ұзындығы 11—21 м болады. Солтүстік Мұзды мұхит-тан басқа мұхиттардың, жылы теңіздердің барлығында, бізде жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде кездеседі. Негізінен бас аяқты моллюскалармен (сегіз аяқтылармен, кальмарлармен), кейде су түбінде тіршілік ететін балықтармен де қоректенеді. Олар 300 м тереңдікке сүңги алады. Су астында бір сағат, тіпті одан да көбірек уақытқа шыдайды.
Тісті киттердің кәсіптік маңызы үлкен.