47 2-отряд. КАРП ТӘРІЗДІЛЕР НЕМЕСЕ СҮЙЕКТІ ТОРСЫЛДАҚТЫЛАР (СУРRINҒОRМЕS) , Майшабақтар сияқты карп тәрізділерде қарапайым құры -лысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бірақ та бұлардың бас сүйектерінің сүйектенуі майшабақтардан гөрі жақсырақ дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Ішкі кұлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер системасы веберов аппараты болады. Бұлар көбіне тұщы суды мекендейді. Олардың өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі (плотва, язь, линь, карас, табан балық) мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері (вобла, таран, кутум) көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп (Сургіпіdае), жайын (Sіlигіdае).
Карптердің жақ сүйектерінде тістері болмайды, жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларына орна-ласқан. Ол тістерімен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар біздің тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиі кездесетін балықтар тобы. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва (RutіІиз гиtiиs), өткінші Қара теңіздің тарандар (R. г. һаесkеlі), өзенді мекендейтін қоқын балық (Lеисіsсиs idиs), өткінші Еділ-Касний трандары (АЬгаmіз Ьгаmа), сазан (Сиргіпиs сагріо), табан-балық (Сагаssіиз сагаssiuз), қарабалықтар (Тіпса tіпса) және тағы басқа түрлері жатады.
Карп балықтарының етінің дәмі лосось балықтарының етінің дәмінен нашар болса да, көп мөлшерде болып кенінен таралуы оларды кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатқызады.
Жайын (Sііигіdіае) тұқымдасы — тісі жоқ, нағыз қабыршағы болмайтын жыртқыш балықтар. Бізде теңіз жағалауларын және Отанымыздың оңтүстік өзендерін мекендейтін екі түрі белгілі. Ең ірілерінің салмағы 250—300 кг болады.
З-отряд. УГРЛАР (АNGUlLLlҒОRМЕS) Угрлар — денесі ұзын, жылан тәрізді болып келеді. Кейбір түрлерінде құрсақ, көкірек қанаттары болмайды. Арқа және құйрық канаттары бір-бірімен қосылып кеткен. Жүзу торсыл-дағы ішегімен байланысып жатады. Олардың біраз топтары көбінесе субтропиктік және тропиктік зоналарда тараған. Угрлардың ішінде теңізде және өзенде тіршілік ететін түрлері де бар. Бізде өзен угры (Апgиіllа апguillа) —Балтық теңізінде кездеседі. Бұлар уылдырық шашу үшін өзеннен Атлант мұхитына, Вест-Индияға барып, ең терең жерінде көбейеді. Личинкалары қайтадан өзенге шығып, шама-мен төрт жыл ішінде Балтық теңізіне қайта оралады.
48
4-отряд. ШОРТАН ТӘРІЗДІЛЕР (ЕSОСІҒОRМЕS) Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтардың тобына жатады. Алдында қарастырған отрядтардың өкілдері сияқты жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады. Бірақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде, көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлерінде кәдімгі шортан (Еsох Іисіиs)
мекен етеді. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік ете-ді. Әдетте су өсімдіктерінің арасында болады. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық өсіру шаруашылығына өте зиянды. Кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 м салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.
5-отряд. АЛАБҰҒА-ШОРТАН ТӘРІЗДІЛЕР