С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет55/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Дыбыс органдары. Рептилилерде қос мекенділер сияқты ішкі және ортаңры құлақтан тұрады. Ортадғы құлақта бір ғана үзеңгі сүйегі болады. Жарғақты лабиринт иірімдері жіктеліңкі-реген, оның ішінде мүйіз тәрізді иірімді байқауға болады, ол көпшілігінде қалта тәрізді өсінді түрінде болады.
Олардын, көздерінің қозғалымды қабақтары болады. Оның төменгісі жақсы дамыған, тез қозғалады. Көзінің алдыңғы бұ-рышында көзін ашып, жұматын — үшінші қабағы болады. Жы-лан мен гекконның төменгі және жоғарғы қабақтары мөлдір болады және бірімен-бірі бірігіп кеткен. Көзінің құрылысында заттарды әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделушілік байқа-лады.
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАРҒА
СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ШОЛУ
1.КЛАСС ТАРМАҒЫ, ЯЩЕРОГАДЫЛАР НЕМЕСЕ
АЛҒАШҚЫ КЕСІРТКЕЛЕР (РRОSАURlА)
Бұл класс тармарына ертеде тіршілік еткен рептилилер жа-тады. Олардан қазір тұмсық бастылар (Rһупсһосерһаlіа) отрядына жататын — гаттерия (Sрһепоdоп рисtаtus) деп аталатын бір түрі белгілі.
111

19 - с у р е т. Кесірткелердің түрлері:
1-дала ағамасы,2-құлақты дөгелек басты,3-сарыбауыр,4-кәдімгі кесіртке,5-плащ тұмсықты кесіртке,6-жүйрік кесіртке,7-дала генконы,8-сұр ешкіемер,
Гаттерия сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды.Демек олардың құрылысындағы көпшілік белгілері күрделі емес екендігін аңғарады. Бұлардың ұзындығы 50 сантиметр.
112
жетеді, бірақ кейбір кәрі еркектерінің ұзындығы 70—75 санти-метрдей болады. Басы мен кеуде бөлімі ұсақ дән тәрізді қабыршақпен қапталған. Арқасында үшбұрышты мүйізді пластинкалары болады (19-сурет). Гаттерилердің омыртқасы балықтар мен төменгі сатыдағы амфибилердің омыртқалары сияқты амфицельді болады. Омыртқа денелерінің арасында хорда сақталған. Құрсақ қабырғалары деп аталатын тері тектес ұсақ сүйекшелері болады. Бұл қабырғалары денесінің құрсақ бөлімінде тері астына орналасқан. Ол жер бетінде тіршілік еткен жануарлардың арғы тегі — стегоцефалдардың құрсақ сауыттарының қалдығы болуы мүмкін. Жастарының тістері жақтарымен, таңдай сүйектеріне ғана емес амфибилердікі сияқты өре сүйектеріне де орналасады. Ересектерінің тісі қажалып мұқал-ған. Төбе көзі өте жақсы дамыған. Дабыл қуысы, дабыл жар-ғағы және шағылыс органдары болмайды.
Гаттерилер қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландияның сол-түстік бөліміндегі кішірек аралдарда кездеседі.
Гаттери—аз қозғалатын көбінесе түнде тіршілік ететін жа-нуар. Оларды альбатростар мен басқа мұхит құстарының інінен жиі кездестіруге болады. Әдетте бір інде құста гаттери-де кездесетін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ гаттерилер құстың жұмыртқасына да, балапанына да тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь — декабрь айларында көбейеді. Жұмыртқаларын жерді қазып, шұндырға салып, оның бетін топырақпен жауып тастайды. 8—17-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқанын, дамуы біркелкі болмай, ұзақ уақытқа созылады. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12—14 айдың ішінде өтеді. Жас организмнің өсуі өте баяу болады да жыныстық жетілуі 20 жылға созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет