С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет57/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Ұршық тәрізділердің (Апgиіdае) 60-қа жуық түрі белгілі. Олар негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Европада және Оңтүстік — Шығыс Азияда кездеседі. Пішіні жыланға ұқ-сайды. Бізде екі түрі кездеседі. Ұршық тәрізді (Aпgиіз fгаgіlіs) және сары бауыр (Орһіsаигиs ариs).
Ұршық тәрізді Қырым мен Солтүстіктен басқа СССР-дің Европалық бөлімінің ормандарында кездеседі. Тірі туады. Сары бауырдың ірі түрлері (1 метрдей болады) Қырымда. Кавказда және Орта Азияда тараған. Бұл жұмыртқа туып, көбейеді.
Улы тістілер (Ноlоdегmаtіdае) — улы кесірткелер. Уы адамға да қауіпті. Улы тістілер аяқтары қысқа, дене мөлшері 60 сантиметрдей болатын моқал, жуан құйрығы бар организмдер. Екі түрі белгілі; біреуі — Мексикада, екіншісі — Калимантан аралында кездеседі.
Ешкіемерлерге (Vагапіdае) — ұзындығы 4 метрге жететін ірі кесірткелер жатады. Аяқтары жақсы жетілген, құйрығы ұзын, қозғалғыш болады. Ешкіемерлер Африкаға, оңтүстік Азияға, Австралияға көбірек тараған. Көпшілігі су маңайларында бола-ды. Бізде Түрікменияның, Өзбекстанның құмды шөлдерінде сұр ешкіемер (Vагапиs gгіsеиs), Қазақстанда ешкіемер деген түрі мекендейді. Совет ғалымдары зерттеген ең ірі түрі 1914 жылы Комодо мен Флоренс аралдарынан табылды. Оның ұзындығы 365 см болған. Жануар текті қоректермен ұсақ сүт қоректілері-мен, құстармен, жараланған жабайы шошқалармен де қоректенетіні белгілі болған.
Амфисбендердің (АmрһіsЬаепіdае) тіршілігі көбінесе жер ас-тында өтеді. Денесі цилиндр тәрізді, қысқа моқал құйрыры бо-лады. Амфисбен (АтрһізЬаепа аІЬа) деген түрінің аяқтары болмайды, ал хирот (Сһігоtез саlапісиlаtез) деген түрінде алдыңғы
115
аяқтарының нұсқасы болады. Қабыршағы болмайды, денесі теңбілденген қаттыІ терімен қапталған. Термиттир мен құмырсқалардың илеуін мекендейді. Амфисбендер тропикалық Америкада, Испанияда және Иранда кездеседі.
Нағыз кесірткелердің (Lасегtidае) 150-ге жуық түрі белгілі. Аяқтары бес саусақты қауіп төнгенде құйрығын үзіп, қалдырып кетеді. Көпшілігі далалы, шөлді тау етегінде орманды жерлердің топырағы тез қызатын бөлігін мекендейді. Тек кана тірі туатын (Lасегtа vіvірага) кесірткелер көлеңкелі, орманды, дымқыл мүктермен жабылған топырақта тіршілік етеді. Бізде жиірек кездесетін кесірткелер: жүйрік кесіртке (Lасеtа аgіlіs) және жасыл кесіртке (Lасегtа vігіdіs).
Сцинктар (Sсіпсіdіае) топырақтың астыңғы қабатында тіршілік етуге бейімделген. Кейбір түрлері тауда тіршілік етіп, тасқа тез өрмелеп шығады. Сцинктардың денесі балықтың қабыршағы сияқты затпен қапталған. Мүйізді қабыршақ-тарының астында сүйекті пластинкалары болады. Бізде екі түрі кездеседі — алтын түсті мабуя (МаЬиуа аигаtа) және шөлдің жаңалашкөзі (АЫорһагиs deезегtі) деген түрлері.
2-отряд. ХАМЕЛЕОНДАР (СНАМАЕLЕОNТЕS)
Хамелеондар құрылысы күрделі, кесірткелерге жақынырақ негізінен орманда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Дене мөлшері әр түрлі болады. Көпшілік түрлерінің ұзындығы 25—35 см өте ірі түрлерінің ұзындығы 50 кейде 60 сантиметр-ге жетеді, өте ұсақтары — 2—5 см болады.
Денесі екі бүйірінен қысыңқы, арқасында өткір жалы болады. Аяқтары ұзын, ағашқа өрмелеп шығуға бейімделген. Саусақтары бірімен-бірі қарама қарсы болып, қысқаш тәрізді орналасқан. Ол ағаш бұтақтарын қусырып ұстап, ағаш бойымен тез қозғалуды қамтамасыз етеді (20-сурет).
Олардың құйрығы ұзын, ағашты орап алуға ыңғайлы келеді. Сонымен қатар көзінің құрылысында да

20 - с у р е т. Хамелеондар.
116
ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қа-быршақтармен қапталған және көз карашықтарының тесігі бо-лады. Оң және сол көзінін, қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді. Бұған әр түрлі жағдайлар (жарық, температура, жануардың қорқуы т. б.) себепші болады. Бұлардың Мадагаскарға, Африкаға, кіші Азияға, Индияға, Оңтүстік Испанияға тараған бір тұқымдасы белгілі. Бұлардың көпшілігі ормандарда тіршілік етеді. Ағаштың арасында болатын насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды ұзын, аузынан тез атылып шығатын, ұшында желім тәрізді сұйық заты бар тілінің көмегімен ұстайды. Кейде хамелеондар насекомдарды өте баяу қозғалып, жасырынып барып та ұстап жейді. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді.
3-отряд. ЖЫЛАНДАР (ОРНIDIА)
Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалу-ға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.
Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.
Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлі-неді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақ-тары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.
Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омырт-қа жотасы біркелкі, көптеген (200—450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.
Жақ аппараттарының сүйектері және онымен байланысатын тандай, қанат тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі
117
қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануар-ларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректе-рін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің ке-зектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.
Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса руди-мент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің ал-дыңғы жарында орналасқан.
Жыландардың қазір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. От-ты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша* улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге бо-лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет