С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


Тері жамылғысы және оның туындылары



бет65/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермисқкабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды. Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты — контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жа-уып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механи-142
калық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақ-тайды.Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды — қақпа (маховые) қауырсындар, кұйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы ,(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары — қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ — ма-лық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды — нағыз мамық қауырсын —деп атайды. Мамық және нағыз мамық қа-уырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тэрізді қауырсындар да кездеседі Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады (ешкіемер, қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1—3-ке дейін түлейді. '


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет