II. Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қой-маларының суы тайыз агашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді.
190
жер бетінен, тайыз балшықты сулардың түбінен табады. Жоғарыда көрсетілген биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл топқа жататын құстардың аяғы кауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды.
1. Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын — тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шылғындық-тарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекен-дейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. Топырақтың бетінен немесе судан ұсақ жәндіктерін теріп жейді. Кейде тұмсығымен топырақты қазады. Әдетте олар өзінің қоректік заттарын өсімдігі аласа жерлерді мұқият аралап жүріп табады. Ұзын, әрі қатты болатын тұмсығы іскек тәрізді қызмет атқарады. Ұзын сирағы төніп келе жатқан қауіпті алыстан байқап, ұшып кетуіне мүмкіндік береді. Жақсы ұшады.
2. Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары — көлемдері орташа және шағын болады да батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптесін жерлерін мекен етеді. Бұған әр түрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, по-гоныштар, сұлтан тауығы т. б. жатады. Алдында айтылған құстардан бұл типке жататын құстардың ерекшелігі — қалың шөптің арасында жасырынып жүріп тіршілік етеді. Аяғы бұның алдында айтылған құстардың аяғынан гөрі қысқа, бірак саусақтары тым ұзын, иілімді, шырмалған қалың өсімдіктердің арасымен тез қозғалуға бейім болады. Нашар ұшады, жауларынан құтылу үшін қалың шөптің арасына кіріп кетеді. Тұмсығы қысқа, қоректік заттарын жер бетінен және өсімдіктің вегетативтік органдарынан тауып жейді.
Бұл құстарға жақын: тауқұдыреттер , дупелдер және гаршнептер, балшықшылар т. б. 3. Тайыз судың балшықшылары — ұсақ, әдетте тұмсықтары ұзындау келетін кұстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді.
Бұларға жататын құстар: песочниктер (Егоlіа), бізтұмсық-тар (Rесигvігоstга аvосеtta), балшықшылар (Нітапtориs һітап-tориs), тас кезушілер (Агепагіа) т. б.