Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Ғг. согпісulа) мекен етеді. Кейде Жана Жердің және Мурманскінің жағалауында (Ғг. агtіса) да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жүмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.
Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы бол-майды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика те-ңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.
Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.
Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық ке-зеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі.
179
Қайрлар Жаңа Жердегі “базарларына” майдың аяғы, июнь-нің бас кезінде келеді. Балапандары мамыққа оралып шығады. Олар ұзақ уақыт ұяларында болады. Ата-аналары балапандарын балықтармен (август айына дейін) қоректендіреді, одан кейін олар теңізге туседі. Қайрлар ұя салған жерінен сентябрьдің басында ұшып кетеді.
Ертеден-ақ қайрларды аулау және олардың жұмыртқасын жинау кәсібі іске асырылып келген. Жұмыртқалары ірі, ұзын-дығы 78 мм, сыйымдылығы 86 см3болады. Олардың екі жұмыртқасының ішіндегі затына бір шай стақаны толады. Қайрлар адамнан оншама қорықпайды. Соңымен бірге олардың баспаған жұмыртқасын жинап алса, олар қайтадан жұмыртка салады.
13. Отряд. ҚӨГЕРШІНДЕР (СОLUMВІFORМЕS) Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (StrерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.
Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.
Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.
14. Отряд. КӨКЕКТЕР (СUСULІFОРМЕS) Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірде кездесетін ағаштъі және бұталы жердің құстары. Аздаған турлері өздеріне ұя салады және жұмыртқаларын баса-
180
ды. Көпшілігі ұя салып, жұмыртқа басу инстинктің жоғалтқан. Мысалы,қаршыға көкек (Неігососсух sрагvегоіdеs) деген шы-ғыс Азияда мекендейтін түрі кейде жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Теңбіл көкек (Соссуstеs glandагіus)жұмыртқаларын тек қарға тәрізділердің ұяларына салады. Бұлардың балапандары, ұяның иесі болып саналатын құстың балапандарын, ұядан итеріп құлатпайды.
Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмырт-қасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.
15. Отряд. ТОТЫЛАР (РSІТТАСІFОRМЕS) Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құс.
Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауы-тымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.