С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет95/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Дене пішіні. Тіршілік ететін ортасының түрліше болуына байланысты сүт қоректілердің дене пішіні түрліше болады. Оның ішінде кеңінен таралғаны жер бетінде мекендейтін төрт аяқты аңдар. Олардың аяғы ұзын болады да, ол рептилилер-дегідей кеудесінің екі бүйіріне орналаспай, астына арналасқан. Сондықтан тізе буындары денесінің алдына қарай, ал шынтақ буындары денесінің арт жағына қарай бағытталған. Мойын бөлімі жақсы жетілген, ал құйрық бөлімі керісінше дененің қосалқы бөліміндей нашар дамыған. Жер астында тіршілік ететін түрлерінің денесі ұршық сияқты, мойыны қыска, сыртынан айқьш
210
байқалмайды. Құйрығы редукцияланған. Аяқтары өте қысқа болады. Суда тіршілік ететіндерінің дене пішіні балық тәрізді болады да аяқтары ескекке айнапған. Кит тәрізділерде тек қана алдыңғы аяқтары сақталған.
Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуі-не байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады.
Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермис-тен, оның астыңғы қабаты.— кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.
Сүт қоректілердің — түгі, тырнақтары, тұяқтары, мүйіздері (бұғыдан басқаларында), қабыршақтары және түрлі тері без-дері осы эпидермис қабатынан пайда болады.
Сүт қоректілерде терінің кутис қабаты өте жақсы жетілген. Кутис талшықты дәнекер тканьдерінен қалыптасады. Кутистің астыңғы қабатының ішкі беті жұмсақ талшықты тканьдерден тұрады, оған май жиналады. Бұл қабатты тері астындағы майлы клетчаткалар деп атайды. Кит пен тюлень сияқты суда тіршілік ететін аңдардың жылуды сақтап тұратын түктері болмағандықтан май қабаты жылуды реттеу қызметін ат-қарады. Кейбір қысқы ұйқыға жататын жануарларда (сар-шұнак, суыр, борсық г. б.) май қабаты жақсы жетілген. Май олар үшін қысқы ұйқы кезіндегі қоректік материал болып саналады.
Сүт қоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қап-тап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған <33-сурет).
Сүт қоректілердің түгінің сырткы бөлімін сабақ, ал теріге еніп тұрған бөлімін түбі деп екіге бөледі. Түк сабағын тікелей жарып микроскоп арқылы қарағанда мына қабаттардан өзек, сірі жәнё сыртқы қабық қабаттарынан тұратынын байқауға бо-лады. Өзегі арасында ауа болатын торлы тканьдерден құралады. Сондықтан түк жылуды нашар өткізеді де, жануар-дың денесіндегі жылудың сақталуына себепші болады. Оның сыртқы сір қабаты өте тығыз болғандықтан түк мықты болады. Ең үстіңгі жұқа қабығы түкті сыртқы механикалық және химия-лық әрекеттерден қорғайды. Түк түйініне қан тамырлары келеді. Ол түк түйініндегі клеткалардың жетілуін қамтамасыз етеді. Түктің тері бетіне шығып түрған сабағы өсу қабілетін жойып, мүйізденіп кетеді. Терідегі май бездерінен шығатын майы түкті майлап,
211

33 - с у р е т Терідегі шаштың жарып көрсетілген суреті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет