С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет88/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

III. Шөлді дала құстары. Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын кұстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді.
Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін үшпай, жер бетімен жүріп іздейді.
191
Жүру қабілетінің артуына байланысты, олардың аяқтары ұзын ғана болып коймай, саусақтары қысқарып, саны үшке дейін, кейбір түрлерінде екіге дейін азайған. Бұлардың мойны ұзын, көзі үлкен келеді. Бұл құстар қырағы, жауын алыстан көріп қашады. Бұлар өте сирек бұғып, жасырынады және сирек ұшады, ал түйеқұстар мүлдем ұшпайды. Бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді. Олар өсімдіктерді, ұсақ жәндіктерді жер бетінен шоқып, теріп жейді. Құстардың бұл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады.
Тез ұшатын құстарға — шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Мұның алдында қарастырған құстардан ерек-шелігі — қауіп төнгенде жерге бауырын төсеп жата қалады. Түсі өзі тіршілік еткен жердін, түсіндей болады. Тіршілік еткен орнын ауыстырып, су іздеп үзақ жол жүреді. Өте тез ұшады.
Бұл екі топқа жататын құстар жерге ұялайды. Ұясын өте ка-рапайым етіп салады.
IV. Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әр- бір түрінде түрліше болады.
Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады.
Сүңгуірлер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен та-бады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Сол сияқты чистиктер де жақсы сүңгиді. Жер бетімен нашар қозғалады. Құрлыққа тек қана ұя салу, балапан басу кезінде ғана шығады. Нашар ұшады, кейбір түрлері тіпті ұшпайды. Ұясын су жағаларынан қашықтатпайды. Сүңгуірлерге: қайрлар, балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады.
Ауада — суда кездесетін кұстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тумсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Сонымен қатар жақсы жүзеді. Кейбір түрлері ғана сүңги алады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, кұйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады.
Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары,.
Жерді және суды мекендеуші — құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су коймалары-
192
нан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда еулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы — сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі.
Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бө-ліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Отырған жерінен бірден тік жоғары көтеріліп, жақсы ұшады. Бұталы, шөптесін су қой-маларында жиі кездеседі. Қаздардың сулы ортамен байланысы шамалы. Су жағасына ұялағанымен суға өте сирек түседі. Құрлықтағы өсімдіктердің тұқымымен, көк жасыл бөліктерімен қоректенеді. Аузындағы “сүзгі аппараты” үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет