Ұрық орны. Сүт қоректілердің жатынында ұрық жетіле бастағанда плацента деп атайтын ұрық орны пайда болады (36-сурет). Сүт қоректілердің клоакалы түрлерінде ғана плацента болмайды. Қалталыларда плацентаның нұсқасы ғана болады. Плацента аллантоистың сыртқы қабырғасы мен сероздық қапшыктың беттесуінен пайда болады, соның нәтижесінде борпылдақ дене — хорион пайда болады. Хорионда өсінділер — ворсинка- 224
36 - с у р е т. Кроликтің он екі күндік ұрығының көрінісі:
1 — сероздық қабық, 2 — амниотикалық қуыс, 3 — амни-
он, 4 — аллантоис, 5 — аллантоис қуысы, 6 — сероз қап-
шығының плацета қалыптасатын қалық қабатты бөлі-
мі, 7 — сары уыз қалтасы, 8 — кіндік
лар пайда болып, ол жатынның жұмсақ тканьдерімен жалғаса-ды. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өз ара ұштасып бірақ олар бірігіп кетпейді. Сөйтіп, аналық организм мен ұрықтың қан тамыры қатысып жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың организміндегі газ алмасуы, оның коректенуі және ыдырау өнімдері организмнен бөлініп шығуы орындалады. Сүт қоректілердің хорион бүрлерінің орналасуына қарай плацентаның бірнеше-типтері болады. Олардың негізгілері: 1-хорион бетіне оның бүрлері біркелкі тегіс орнаса диффузиялық плацента деп атайды, мысалы, мұндай типке жататын кит тәрізділердің, тұяқтылардың көпшілігінің және шала маймылдардың плацентасы; 2-хорион бетіне бүрлері шоқ-шоқ болып орналасатын болса, оны жарнақты-бұдырлы плацента деп атайды. Бұл типке күйіс қа-йыратын жануарлардың көпшілігінін, плацентасы мысал бола-ды; 3-хорионның бүрлері белгілі бір диска тәрізді жерге орна-ласса, оны дискалы плацента деп атайды. Оған насеком жемділердің, кемірушілердің, маймылдардың плацентасын жатқызуға болады.
Түрлі сүт қоректілерде баласының плацентаға (шуына) бе-куі түрліше болады. Кейбір сүт қоректілердің балалары туған-нан кейінде плацентасы түспейді, өйткені жатынның сілекей қабаты мен ұрық плацентасының нашар бекуінің нәтижесінде жатынның сілекей қабаты үзілмейді. Мұндай плацентаны — ажыратылмайтын плацента деп атайды. Енді бір сүт қоректі-
226
лердің баласы плацентаға мықты бекиді. Соның нэтижесінде жатынның сілекей бетіне бекіген плацента бөлімі үзіліп кетеді де плацента туған кезде бірден төлмен бірге сыртқа шығады, оны шу деп, ал плацентаны — ажыратылмалы плацента деп атайды.
ОСЫ ЗАМАНДАҒЫ СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРГЁ СИСТЕМАТИКАЛЫҚ
ШОЛУ
1-класс тармағы. ЖҰМЫРТҚА САЛУШЫЛАР НЕМЕСЕ
АЛҒАШҚЫ АҢДАР (РRОТОТҺЕRІА)
Австралияда және оған жақын аралдарға тараған төменгі сатыдағы сүт қоректілердің азғана түрлері осы класс тармағына жатады (37-сурет). Басқа сүт қоректілерге жататын жануарлармен салыстырғанда, бұлардың ерекшеліктері: 1) ұрықтарын жұмыртқа түрінде туады. Жұмыртқасының сары уызы мол және ірі болады. Кейбір түрлері үйрек тұмсық құстар сияқты жұмыртқаларын басып, бала шығарса, ал басқа бір түрлері (ехидна) жұмыртқасын арнаулы тері қалталарына салып бала шығарады. 2) амфибилер, рептилилер және құстар сияқты бұлардын, да клоакалары болады. Сондықтан, бұларды клоакалы сүт қоректілер деп те атайды. 3) миы нашар дамыған, ми сыңарларының арасындағы сүйелді дене болмайды. 4) сүт бездері түтік-
37 - с у р е т. Жұмыртқалайтын сүт қоректілердің турлері:
1 — эхидна, 2 — үйрек тұмсық, 3 — проэхидна.
226
шелерден құрылған, емшегі болмайды. Сүт бездерінің көптеген түтікшелерінің жолдары құрсағындағы безді алаңға келіп ашылады, 5) құстардікі сияқты, ұрғашыларының тек қана сол жақ жыныс безі қызмет істейді. 6) иық белдеуінде рептилидікі секілді үлкен, жеке коракоид сүйегі болады. 7) жамбас белдеуінде қалталы сүйектері бар. 8) ұрығының ерте даму кезінде-ақ бас сүйектері тігіс қалдырмай бір-бірімен бірігіп кетеді. 9) етті еріндері болмайды. 10) ересектерінің тісі болмайды. Жас үйрек тұмсықтардың көп қырлы тістері болады. Бұл тістері мезозой заманында тіршілік еткен аңдардың тісіне ұқсайды. 11) денесін қаптап тұрған түктері болса да, дене температурасы өте төмен (22—37°) және тұрақсыз болады.
Осы заманда Австралия, Тасмания және Жаңа Гвинеяда тараған клоақалы немесе біртесіктілер (Мопоtгеmаtа) деген бір ғана отрядының ,өкілдері кездеседі. Бүл отрядтың екі тұқымдасы бар.
Бірінші тұқымдасы ехидналар (Тасһуglоssidае). Бұған Австралияны мекендейтін нағыз ехидналар (ТасһуgІоssиs асиlеатиs) және Жаңа Гвинеядағы проехидналар (Zagloss Ьгиіjпіі) жатады. Бұлардың аяқтарында ұзын өткір тырнақ-тары болады, солардың жәрдемімен ін қазып, сол індерде тіршілік етеді. Денесін қатты қылдар және өткір ине тәрізді түк-тер жауып тұрады. Ұзын тұмсығы қатты, мүйізді сауытпен қап-талған. Насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды үстінде желім тәрізді сұйық заты бар тілімен жердің жарығынан, тастардың арасынан тауып алады,
Бұлар ойлы-қырлы, бұталы жерлерді мекендейді. Мөлшері 1 —1,5 см болатын бір немесе екі жұмыртқа салады. Оны ұрға-шысы құрсағындағы көбею кезінде пайда болған тері қалтасы-на салып қояды. Осы қалтаның ішіндегі температура 33—35° шамасында болады, сол қызудың әсерінен ұрығы дамып, оның ұзындығы 2 сантиметрге жеткенде жұмыртқа қабығын жарып, сыртқа шығады. Бірақ қалтада қалып қояды. Ұзындығы 8-сантиметрге жеткен соң қалтадан сыртқа шығады. Өйткені, бұл кезде оның денесіне ине тәрізді түктер пайда бола бастайды.
Екінші тұқымдас — үйрек тұмсықтар (Огпіthогһуnасһісdае). Австралия мен Тасманияға тараған бір ғана үйрек тұмсық (Огпіtһогһупсһиs апаtіпиs) — деген түрі белгілі. Олар жарты-лай суда тіршілік ететін жануарлар. Денесі суда жүргенде су болмайтын біркелкі, қысқа, тығыз және қайратты түктермен қапталған. Саусақтарының арасында тері жарғағы болады. Тұмсығы үйректің тұмсығына ұқсас болрандықтан үйрек тұмсықтар деп атайды. Үйрек тұмсықтар омыртқасыздарды су түбінен тауып, оны үйрек сияқты шайқап, сүзіп алып қорек-тенеді. Жағасында өсімдігі қалың болатын ақпайтын суларды мекендейді. Жақсы жүзіп, сүңгиді, керісінше жер бетімен ақы-рын қозғалады. Су қоймаларынан ұзап шықпайды. Ұясын інге
227
салады, іннің аузы судың түбіне қарай ашылады. Екі жұмырт-қа туады. Ехиднадан ерекшелігі құрсағында қалтасы бол-майды. Жұмыртқасын індегі ұяға туып, құс сияқты басып шығаратын болу керек.
Бұл класс тармағының даму тарихы бізге мәлім емес. Авс-тралиядан табылған бір ғана геологиялық мәлімет — плейсто-ценов қабатынан табылған ірі ехиднаның қалдығы бар.
2-класс тармагы. НАҒЫЗ АҢДАР (ТНRI А)
Бұл класс тармағына плацентарлылар, қалталылар сияқты сүт қоректілер жатады. Бұлардың негізгі ерекшелігі — балала-рын тірі туады. Сүт бездері жоғарыда сипатталған жануарлар-дың сүт безі сияқты түтік тәрізді болмай, аумақты желіні болады. Нағыз аңдардың сүт бездерінің жолы ашылатын емшегі болады. Алғашқы аңдардан негізгі айырмашылығы клоака болмайды. Ас қорыту жолының және жыныс-несеп жолының сыртқа ашылатын арнаулы жолдары болады. Көпшілігінің етті ерні болады да, мүйіз тұмсығы болмайды.
1 . Инфра класс. ТӨМЕНГІ САТЫДАРЫ АҢДАР
(МЕТАТНЕRІА)
Эволюциялық даму тұрғысынан қарағанда оның төменгі са-тыдағы тұрған аңдардың құрылысындағы бір қатар белгілерді байқауға болады. Төменгі сатыдағы аңдардың плацентасы на-шар жетілген, көпшілігінде плацента тіпті болмайды. Соның нәтижесінде ұрықтың құрсақтағы даму мезгілі қысқа болады да, нағыз жетілмеген әлсіз бала туады. Мысалы, американың опос-сумасының буаз болу мерзімі 12 күн болса, ал алып кенгурулар 39 күн ғана көтереді. Ұзындығы 2 м болатын алып кенгурудың туған баласы 3 сантиметрге азар жетеді. Кенгурулардан әлде қайда кіші күзендер баласын 36 күнде, ал күндыздар 105—107 күнде туады.
Төменгі сатыдағы көпшілік түрлерінің құрсағында тері қал-тасы болады. Оның ішіне жаңа туған балаларын салады, осы қалтаның ішіне балаларын емізетін емшектері де ашылады. Қалта болмайтын (опоссумада) түрлерінің емшегі көкірегінде немесе бүкіл құрсағын бойлай орналасады. Балаларының пассивті қоректенуіне сәйкес олардың анасының емшегіне бекінуіне өзіндік бейімделу әсер етеді. Емшектің ұшы ауыз қуысына енген соң ісініп, ауыз қуысын толтырады. Осы кезде баласының көмекейі жоғары көтеріліп, ауыз қуысы мен тыныс қуысы (хоан тесігі) бір-бірінен ажырайды. Сондықтан баласының аузына қарай сүт кұйылғанда ол тұншықпайтын болады. Сүттің ауызға құйылуын сүт бездерінің маңайында орналасқан ерекше еттер жиырылып-жазылу арқылы орындайды.
228
Қалталылардың дене құрылысында бірнеше қарапайым белгілері бар. Біріншіден, ми сыңарларының сыртында сайлары мен бұдырлары аз болады және сүйелді дене болмайды. Екіншіден, ұрғашыларының жұмыртқа жолдары жұп күйінде сақталады, сондықтан қынабы да екеу болады. Осыған сәйкес еркектерінің де шағылыс мүшесінің ұшы екі айырық болады. Үшіншіден, жабастың шап сүйектерімен буындасқан қалта сүйектері денесінің құрсақ бөліміне орналасқан, яғни бұларда қалталы сүйектер болады. Төртіншіден, жоғарғы сатыдағы сүт қоректілердің нағыз азу тістерінен басқа тістері тісеп түсіп, қайтадан шықса, қалталылардың тек қана алдыңғы азу тісі ғана түсіп, қайтадан шығады, басқа тістері тісемейді.
Қалталылар көпшілігінде Австралияға және оған жақын жатқан аралдарға тараған. Оңтүстік Америкада бірнеше түрі кездеседі. Солтүстік Америкаға тараған бір ғана түрі белгілі.
Барлық төменгі сатыдағы аңдар — қалталылар (Магsиріа-liа) деген бір ғана отрядқа жатады. Бұл отряд бірінен-бірінің өзіндік ерекшелігі бар екі отряд тармағына бөлінеді.