С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет105/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

1-втряд тармары. КӨП КҮРЕК ТІСТІЛЕР
(РОLУРRОТОDОNТІА)
Жерде, орманда және жартылай суда тіршілік ететін орган-измдер. Қоректену тәсіліне қарай жыртқыштар, насеком жемділер, қорек талғамайтындар болып бөлінеді. Азу тістері-нің үшы өткір және бұдырлы, сол сияқты жақсы жетілген шошақ тістері болады. Үстіңгі жағының әрбір жартысында 3—5, ал төменгі жағының әрбір жартысында 3—4 күрек тістері болады. Тері қалтасы барлығында бірдей бола бермейді.
Бұл отряд тармағының бірнеше тұқымдасы және көптеген түрлері бар. Мысалы, опоссумдар (Dіdеlрһуіdае) көпшілік өмі-рін ағашта өткізеді. Бұлардың бір ерекшелігі ересектері ағашқа өрмелегенде, жастарында анасының денесіне бекінуге көмектесетін қармалағыш құйрығының болуы. Олар кеміруші-лермен, құстармен және олардың жұмыртқаларымен, насекомдармен қоректенеді. Әдетте бұларды “қалталы егеу-құйрықтар” деп қате атайды. Тез көбейеді. Мысалы, кейбір түрлері он шақты, кейде одан да көп бала туады. Опоссум-дардың бір түрі (DidеІрһиs vігgіпіапиs) солтүстік Америкада кеңінен тараған.
Ертерек кезде Австралияда қалталы. қасқыр (Тһуlасіпиs еу-посерһаlиs) деген түрі кездесетін. Бұлар кенгуруларға шабуыл жасайтын ірі жыртқыштар болып есептеледі. Австралияда қалталы көртышқан (Nоtогусtеs tурһіорs) деген түрлері кездеседі.
Ценолестов тұқымдасының (Саепоlеstіdае) баласын салып жүретін қалтасы болмайды. Олар таулы ормандарды мекен-дейтін, насекомдармен коректенетін организмдер. Ценолес-товтар түн жануарлары. Биологиясы толық зерттелмеген, үш туысы ғана (Саепоіеstеs, Lеstогоs, Rhупсһоlеstеs), азғана түрі белгілі.
229
2-отряд тармагы ҚОС КҮРЕК ТІСТІЛЕР
(DІРRОТОDONТІА)
Бұлардың көпшілігі өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Күрек тістері ұзынша, жоғарғы жағының әрбір жартысында 1—3, ал төменгісінде 1 күрек тісі болады. Өсімдік тектес азық-тармен қоректенуіне байланысты азу тістерінің үстіңгі жағы моқалдау келеді. Артқы аяқтарының екінші және үшінші саусақтары бірігіп кеткен.
Екі күрек тістілер Австралияда және оған жақын жатқан аралдарда тараған. Олардың ішінде ағаштарды мекен-дейтіндері: қалталы тиіндер (Реtаигиs), қалталы қарақас (Dгоmісіа), қалталы аюлар (Рһаsсоtагсіdае). Қалталы көртышқандар жер астында індерде тіршілік етеді. Бұлар сыртқы түріне қарағанда суырларға ұқсайды. Екі күрек тістілерге кенгурулар да (Масгороdіdае) жатады. Олардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары өте ұзын, мықты келеді және құйрығы жақсы жетілген. Бұлардың кейбір түрлері ашық далалы жерді мекендейді. Біраз ғана түрі таулы жерлерді мекендейді. Кейбір түрлері орманда кездеседі. Олар тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізеді. Кенгурулардың терісі жұмсақ, жылы келеді. Оларды терісі үшін аулайды.
2. Инфра класс. ПЛАЦЕНТАРЛЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет